1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Сөйлеу аппараттары. Дыбыс пен әріп



бет79/157
Дата24.01.2022
өлшемі338,47 Kb.
#113750
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   157
Байланысты:
гост казак тили

Болымсыз етістік іс-әректтің болмауын,жүзеге аспауын білдіреді.Етістіктің болымсыз түрі кез-келген етістікке «-ба,-бе,-па,-пе,-ма,-ме» жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: салма,жүрме
Етістік мағыналарына қарай сабақты етістік және салт етістік болып бөлінеді.

Сабақты етістік «Кімді? Нені?» деген сұрақтарға жауап беретін табыс септігіндегі сөздермен тіркеседі.Мысалы: үлкенді тыңда,анаңды ойла, ағаңды сыйла.

Салт етістік атау,барыс,шығыс,жатыс,көмектес септіктеріндегі сөздермен тіркеседі.

Мысалы: шам өшті,бізге кел, үйге бар,осында қал,сыныптан шық, ауруханада жат.

Етістік басқа сөз таптарынан, есімдерден, етіс, рай, шақ катего-рияларымен ғана емес, сондай-ақ есімше, көсемше тұлғаларында қолданылуымен де және жасалу жолдарының өзіндік қасиеттерімен де ерекшеленеді. Етістікке тән осы категориялардың әрқайсысының белгілі тұлғалык, көрсеткіштері болады. Негізінде сөйлемнің баяндауыш мүшесі болып қызмет атқаратың етістіктің бұл тұлғалық көрсеткіштері, былайша айтқанда, қосымшалары, белгілі заңдылық тәртіппен қосылып, тілдегі өзінің реальдық мәнінде көрінеді. Қосымшалар бірінің орнына бірі ауысып, вертикальды бағытта кезектескен жағдайда да немесе бірінен соң бірі тіркесе қосылып тізбектеле қолданылғанда да етістіктің түбірі өзінің мағыналық және тұлғалық дербестігін сақтап өзғермей қальш отырады. Сөйлемдегі әр алуан сөздермен байланысып, өзінің сан түрлі грамматикалық функция атқаруында осы өзгермей қалып отыратын толық мағыналы бөлшегі етістіктің түбірі делінеді. Басқа грамматикалық категорияларды қоспағанда, етістіктің түбірі жалаң түрде екінші жақ жекеше сен деген жіктеу есімдігіне қарата бұйырылып: жаз (сен жаз), әкел (сен әкел), ойлан (сен ойлан), бітір (сен бітір) т. б. осы сияқтанып айтылады.

Дыбыс және буын үңдестігіне сәйкес -ма\\-ме, -б а\\-б е, -па\\ -пе түрінде қолданылатын болымсыздық жұрнағы оқы-ма, кет-пе, жаздырт-па, айтқыз-ба болып, үнемі етістік түбірінен соң қосылады да, есімше, көсемше, рай, шақ, жақ аффикстерінен бұрын тұрады. Міне сондықтан да болымсыздық жұрнағы етістіктің лексикалық мағыналық бөлшегі яғни түбірі мен оның грамматикалық қолданылуының шегін көрсететін морфема деуге әбден болады.

Ескерту: -ма//-м е жұрнағынан бұрын тұрса да етістік түбірі деп қарауға келмейтін тұлғалардың да бар екенін ескерте кетуге тура келеді. Бұл топқа барлық етістік түбірлеріне дәрлік қосылып: жүр-іңкірежүріңкіре-ме, күл-імсіре — күл-імсіре-ме болып қолданыла беретін -ң қ ы р а, -ңкіре, -мсыр а//-м с і р е аффикстері жатады.

Етістік түбірлері деп бір шеңберде қаралатын сөздердің өзі буын саны мен мор



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет