Себеп-салдар үстеулері
Себеп-салдар үстеуі не себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Себеп-салдар үстеуіне: құр босқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, бекерге, шарасыздан сөздері жатады. Бұл сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы, босқа ренжіді, лажсыздан келісті, т. б.
Үстеудің сөйлемдегі қызметі
Сөйлемде үстеу негізінен пысықтауыш қызметін атқарады. Өйткені үстеу мағынасы жағынан көбіне-көп қимылдың, іс-әрекеттің (яғни етістіктің) әртүрлі сын-сипатын яғни мекенін, мезгілін, амалын, мөлшерін, болу мақсаты мен себебін білдіреді. Мысалы: Шыңғыстың сырты тез жылына қоймайтын да ерте көктемейтін. (М. Ә.). Ескі бише отырман бос мақалдап (А). Кетпеннің жоғары көтерілуі де, қарқыны да, жерді алымы да бір қалыпқа түсті (Ғ. Мұст).
Берілген мысалдағы тез (қалай жылына қоймайтын?), ерте (қашан көктемейтін?), бише (калай отырман?), жоғары (қайда кетерілу?) деген сөздер пысықтауыш қызметін атқарып тұр.
Кейбір үстеулер жіктеліп келіп баяндауыш қызметін де атқарады. Мысалы: Сендер осындасыңдар ма? Бірлік қайда болса, жеңіс сонда. Бұл сөйлемдердегі осындасыңдар (көпше III жақ), сонда (III жақ) үстеулері жіктеліп келіп баяндауыш болып тұр.
Кейде үстеу атау септікте тұрып заттанып келіп бастауыш қызметінде де жұмсалады: Мысалы: Еріншектің ертеңі таусылмас (макал). Бугін — мереке.
Күшейткіш үстеулер сапалык сын есімдермен тіркесіп келіп, онымен бірге күрделі анықтауыш құрамында жұмсалады. Мысалы: Сауықшыл сорлы бүкшиді, Тым-ақ қиын іс болды (А). Мәжіліске ең қадірлі, ең шаңдаулы адамдар келмек.
Берілген сөйлемдердегі тым-ақ және ең деген күшейткіш үстеулері қиын және қадірлі, таңдаулы сын есімдермен тіркесіп келіп, іс және адамдар сөздерінің күрделі анықтауышы болып тұр.
Үстеуді талдау.
Үстеудің сөз түрлендіретін тұлғалары жоқ. Сондықтан әдетте сөйлем ішінде үстеуді тапқаннан кейін, біріншіден, мағыналық түрін (мезгіл, мекен сын-қимыл, мөлшер, күшейткіш, мақсат, ссбеп-салдар), екіншіден, құрамын (негізгі я туынды түбір, күрделі біріккен, қосарланган, тіркескен түбір) ажыратамыз.
2.Синтаксисті оқыту жолдары.
А.Байтұрсыновтың қазақ тілі синтаксисі туралы тұжырымдары оны оқыту жөніндегі соны пікірлер болып табылады. Тілші синтаксистің теориясын бір жүйеге түсірумен қатар, оны меңгертудің жолдарын ұсынды. «Ауыздан шыққан сөздің бәрі сөйлем бола бермейді, айтушының ойын тыңдаушы ұғарлық даражада түсінікті болып айтылған сөздер ғана сөйлем болады» деп, сөйлемнің қатысымдық қызметін айқындады. Қ.Жұбанов сөйлеу сөйлемдер арқылы жүзеге асатынын дәлелдеп, «сөйлем бір сөзден де, бірнеше сөзден де құралады» дей келіп, жай сөйлемнің грамматикалық сипатының бірдей емес екенін анықтады. Ғалым синтаксистің нысаны семантика емес, тілдік тұлғалар мен солардың құрылысы екенін дәйектеп, «біздің қарайтынымыз – мағына жүйесі, семантика емес, грамматика. Сондықтан біздің мақсатымыз мағынаны баяндау емес, мағынаны қандай амалмен білдіреміз, осыны баяндау болу керек», – деп, тұжырымдайды. Тілші А.Байтұрсынов пен Т.Шонанұлы еңбектеріндегі синтаксис туралы пікірлерге талдау жасап, сөйлем мүшелерін қазақ баласының танымына жақын дене мүшелерін мысалға ала отырып түсіндіреді.
Синтаксисті оқыту мәселелері Ә.Хасенов, А.Әбілқаев, Ш.Әуелбаев және т.б. ғалымдардың еңбектерінен бастау алады.
Әрбір елдің болашағы білім беру жүйесінің дұрыс ұйымдастырылуына және пәнді меңгертудің ұтымды әдістемесін ұсынуға байланысты. Қазіргі таңда жан-жақты дамыған, шығармашылық қабілеті жоғары мамандарға сұраныс күшейді. Сондықтан қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту екі мақсатты көздей отырып жүйеленді: синтаксисті қатысымдық тұрғыдан оқыту оны басқа ғылым салаларымен байланыста меңгертуді, қатысымдық бірліктердің мәнін айқындауды, оның синтаксисті оқытуда алатын орнын зерделеуді, оны сөйлесім әрекеті арқылы іске асыруды мақсат етсе, танымдық тұрғыдан оқыту синтаксисті танымдық әрекет пен танымдық іскерлік арқылы меңгертуді көздеді. Қазақ тіл білімінде синтаксистік зерттеулер 1920 жылдардан бастау алып,1950 жылдарға дейін зерттеу нысаны нақты айқындалған ғылым саласы ретінде орнықты. 20-50-ші жылдардағы синтаксис саласына қатысты ғылыми нәтижелердің негізі А.Байтұрсынов, Т.Шонанов, Қ.Жұбанов т.б еңбектерінен бастау алады. А.Байтұрсынов сөйлемнің өзіне тән жүйесін сөйлем ішіндегі сөздердің басын түсінікті етіп құрастырудың жолдары негізінде анықтау керектігін назарға алады. Сөйлем ішіндегі сөздер сөйлем мүшелері деп аталып, олар тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерге жіктеледі. Тұрлаулы мүшелер бас мүше және баяншы мүше деп аталып, сөйлемнің ішіндегі қазық сөз, сөйлем иесі бас мүше, оның сырын сипатын, жайын, амалын, болмысын айтып баяндайтын сөз баяншы мүше деген тұжырым жасайды
Тіл білімінің синтаксис саласын оқытудың маңызы біріншіден, тілдік бірліктердің қолданылу дәрежесін айқындайды; екіншіден, студенттердің сөйлеу қабілеті мен дағдысын жетілдіреді; үшіншіден, синтаксистік бірліктерді қарым-қатынас құралы ретінде танытады. Осыған сәйкес кредиттік оқу жүйесіне негізделген «Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту» бағдарламасының жобасы ұсынылды. Жоба білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялардың талаптарына сай дайындалды. Жобаның мақсаты мен міндеті синтаксистік бірліктердің зерттелу тарихын, мағынасы мен айырмашылығын, өзіндік ерекшеліктерін, атқаратын қызметін және синтаксис саласына қатысты даулы мәселелерді талдауды көздейді.
Синтаксистегі өзекті мәселелерді қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту барысында кәсіби-қатысымдық, антропоөзектілік, креативтілік, нәтижеге бағдарлай оқыту ұстанымдарын басшылыққа алу білім мазмұнын анықтауға мен студенттердің тұлғалық ерекшелігін айқындауға мүмкіндік береді.
3.Фонетикалық талдау
Сөзіне қарай кісіні ал, кісіге қарап, сөз алма.(Абай)
Сөзіне-3 буын, сө-ашық буын,зі-ашық буын-не-ашық буын,үш дауысты,үш дауыссыз әріп бар.
Достарыңызбен бөлісу: |