А- дауысты,жуан,ашық,езулік
Л- дауыссыз,үнді
Бұл сөзде 2 әріп,2 дыбыс бар.
Кісіге-3 буын,кі-ашық буын,сі-ашық буын,ге-ашық буын,үш дауысты,үш дауыссыз әріп бар.
К-дауыссыз,қатаң
І- дауысты,жіңішке,қысаң,езулік
С- дауыссыз,қатаң
І- дауысты,жіңішке,қысаң,езулік
Г-дауыссыз,қатаң
Е- дауысты,жіңішке,ашық,езулік
Бұл сөзде 6 әріп,6дыбыс бар.
Қарап-2буын,қа-ашық буын,рап-бітеу буын,екі дауысты,үш дауыссыз әріп бар.
Қ- дауыссыз,қатаң
А- дауысты,жуан,ашық,езулік
Р- дауыссыз,үнді
А- дауысты,жуан,ашық,езулік
П- дауыссыз,қатаң
Бұл сөзде 5 әріп,5дыбыс бар.
Сөз-буынға бөлінбейді,сөз-бітеу буын,бір дауысты,екі дауыссыз әріп бар.
С- дауыссыз,қатаң
Ө- дауысты,жіңішке,ашық,еріндік
З-дауыссыз,ұяң
Бұл сөзде 3 әріп,3дыбыс бар.
Алма-2буын,ал-тұйық буын,ма-ашық буын,екі дауысты,екі дауыссыз әріп бар.
А- дауысты,жуан,ашық,езулік
Л- дауыссыз,үнді
М- дауыссыз,үнді
А- дауысты,жуан,ашық,езулік
Бұл сөзде 4 әріп,4дыбыс бар.
Билет №20
1. Еліктеу сөздер, мағыналық түрлері, сөйлемдегі қызметі.
2.Қазіргі әдістемелік әдебиеттерге шолу.
3.Синтаксистік талдау
Білім - бақтың жібермейтін қазығы, білімсіз бақ – әлдекімнің азығы.
(М.Әуезов)
1. Еліктеу сөздер, мағыналық түрлері, сөйлемдегі қызметі.
Еліктеу сөздер — табиғат құбылыстары мен жан-жануарларда болатын әр алуан дыбыстарға және олардың сын-сипат, қимыл-әрекеттеріне еліктеуден туған сөздер. Қазақ тілінде еліктеу сөздердің екі түрі бар:
1) еліктеу есту қабілеті арқылы пайда болған еліктеуіш сөздер: тарс-тарс, салдыр-гүлдір, дыр-дыр, гүрс, шолп[1];
2) еліктеу көру қабілеті арқылы пайда болған бейнелеуіш сөздер: жалт, жарқ, лып, маймақ, көлбең. ербең-ербең.
Олар көмекші етістікпен (ет-)тіркесіп күрделі мүшенің құрамына кіреді. Жеке тұрып сөйлемде көбінесе пысықтауыш, анықтауыш кызметін атқарады. Мысалы: Мырс етіп күлді. Бүлк-бүлк желіс. Ол күрт бұрылды. Интонацияның елеулі мәні бар. Мысалы: Рақмет үндемей отырып қалды (С. Ерубаев). Жаз. Шаңқай түс мезгілі (М. Әуезов).
Еліктеу сөз тұлғасына қарай екіге бөлінеді. Олар:негізгі және туынды еліктеу сөздер.
Достарыңызбен бөлісу: |