Негізгі еліктеу сөз-түбір еліктеу сөз.Мысалы: морт,селк,тырс,жылт,жалт,т.б.
Туынды еліктеу сөз-негізгі еліктеу сөздерге және етістіктерге «-аң,-ең,-ың,-ің,-ң» жұрнақтары жалғану арқылы жасалған еліктеу сөз.Мысалы:
Етістік:
|
ақса
|
жайна
|
қисай
|
ыржи
|
Туынды еліктеу сөз:
|
ақсаң
|
жайнаң
|
қисаң
|
ыржың
|
Еліктеу сөз құрамына қарай дара және күрделі еліктеу сөздер болып бөлінеді.
Дара еліктеу сөз бір ғана сөзден тұрады.Мысалы: тарс,жылт,қисаң,жымың,т.б.
Күрделі еліктеу сөз қос сөзден жасалады. Күрделі еліктеу сөзге қосарлану және қайталану арқылы жасалған негізгі еліктеу сөз бен туынды еліктеу сөз жатады.Мысалы: тарс-тұрс,жыт-жылт,қисаң-қисаң,жымың-жымың,т.б.
Еліктеу сөз мағынасына қарай екіге бөлінеді.Олар: еліктеуіш және бейнелеуіш
Еліктеуіш-дыбыстарға еліктеуден туындаған еліктеу сөз.Оған есту арқылы сипатталатын еліктеу сөздер жатады.Мысалы:
1) заттар соқтығысқанда шығатын дыбыстар: гүрс,дүрс,тарс,тырс,тарс-тұрс,салдыр-гүлдір,т.б.
2) бір нәрсені шайнағанда шығатын дыбыстар: қарш-қарш,күрт-күрт,қарт-қарт,қорқ-қорқ,қырт-қырт,т.б.
3) ауыздан шығатын дыбыстар: арс-арс,пыш-пыш,т.б.
4) әртүрлі дыбыстар: күрк-күрк жөтелу,бұрқ-бұрқ қайнау, шаңқ-шаңқ оқ даусы,баж-баж айқайлау,сылқ-сылқ етіп күлу,т.б.
Бейнелеуіш-бейнеге еліктеуден туындаған еліктеу сөз.Оған көру арқылы сипатталатын еліктеу сөздер жатады.Бейнелеуіш табиғаттағы құбылыстың бейнесін,көрінісін білдіреді.
А) Әртүрлі көріністер: кілт тоқтау,жалт қарау,морт сыну, лап етіп жану,т.б.
Ә) Әртүрлі қимылды білдіретін сөздер: талтаң-талтаң,ербең-ербең,томпаң-томпаң,ыржың-ыржың,қиқаң-қиқаң.
Достарыңызбен бөлісу: |