1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық унив ерсите ті



Pdf көрінісі
бет1/72
Дата12.10.2023
өлшемі0,65 Mb.
#185091
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ



1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ 
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВ
ЕРСИТЕ
ТІ
Сатбекова А.А., Ерғожина Ш.Л.
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ 
ӘДІСТЕМЕСІ:
библиографиялық
көрсеткіш
«Қыздар университеті» баспасы
Алматы, 2014


2
УДК 373(0758)
ББК 74.268.1я73
Қ 17
Баспаға Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университетінің Редакциялық баспа кеңесі мақұлдап ұсынған
Жалпы редакциясын басқарған: 
педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
А.А.Сатбекова
Құрастырушылар:
 
Сатбекова А.А., Ерғожина Ш.Л.
Пікір жазғандар:
 
Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің 
профессоры, пед. ғыл. докторы 
К.Б.Жақсылықова;
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 
доценті, пед. ғыл. докторы 
Р.С.Рахметова.
Қ 17
Қазақ тілін оқыту әдістемесі:
Библиографиялық көрсеткіш.
/ Құрастырғандар: А.А. Сатбекова, Ш.Л Ерғожина.
 
– «Қыздар
университеті» баспасы. Алматы, 2014. – 84 б.
ISBN 978-601-224-578-3
 
Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша жарық көрген әдебиеттердің 
библиографиялық көрсеткішінде отандық ғалымдардың монографиялары, 
оқулықтары мен оқу құралдары және қорғалған диссертациялар қамтылды.
Библиографиялық көрсеткіш жоғары оқу орындары филология факультетінің 
студенттері мен магистранттарына және осы саланың оқытушыларына арналған.
 
УДК 
373(0758)
ББК 
74.268.1я73
© Сатбекова А.А., Ерғожина Ш.Л., 2014
©«Қыздар университеті» баспасы, 2014
ISBN 978-601-224-578-3


3
КІРІСПЕ
Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғалым А.Байтұрсынұлы 
еңбектерінен бастау алады. Алғашқы жылдардағы ғалымның 
қазақ тілінде сауат ашуға байланысты еңбектерінен бастап
М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Қ.Кемеңгерұлының қазақ тілін 
оқыту жөніндегі еңбектері көптеп жарық көре бастады. Қазақ 
тілін ұлт мектептерінде оқыту, жалпы басқа ұлт өкілдеріне 
қазақ тілін үйрету мәселесі ХХ ғасырдың 30 жылдарында 
қолға алынып, түрлі оқулықтар, оқу құралдары, бағдарламалар 
шығарыла бастады. Осы жылдары қазақ тіл ғылымының белгілі 
әдіскер ғалымдары Т.Шонанов, Ш.Сарыбаев, С.Жиенбаев, т.б. 
ғалымдардың оқулықтары, әдістемелік еңбектері жарық көрді.
Басқа ұлт өкілдеріне арналып жазылған алғашқы оқулықтың 
авторы – Телжан Шонанов. Оқу - ағарту, тіл мен әдебиет, білім 
салаларында құнарлы еңбек еткен талантты әдіскердің өрнекті 
әдістемелік еңбектері халыққа сапалы қызмет атқарды.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі саласына айрықша көп еңбек 
сіңірген көрнекті ғалым – Шамғали Харесұлы Сарыбаев. Ол 
қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту мәселесін 1933 жылдан 
бастап арнайы қарастыра бастады. Ш.Сарыбаев бірнеше жылдық 
зерттеу жұмысының нәтижесінде «Орыс мектебінде қазақ тілін 
оқыту тәжірибесінен» /1941/ атты еңбегін жазып, натуралды, 
сұрақ-жауап әдісін қолданып, тіл үйретудің тиімділігін тәжірибе 
жүзінде дәлелдей отырып, 1943 жылы «Методика преподавания 
казахского языка в русской школе» атты тақырыпта кандидаттық 
диссертация қорғады.
Сейіл Жиенбаев орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту 
мәселелеріне, әсіресе тіл дамыту, арнайы тақырыппен жұмыс 
істеу, сабақ беру әдісі, сөйлеуге үйрету, кітап оқу, жазу жұмыстары 
туралы мағлұматтар береді. С.Жиенбаев бірнеше оқулықтар 
мен әдістемелік кітаптардың авторы. 
1930 жылдары оқулықтармен қатар қазақ тілін басқа ұлтқа 
оқытуға арналған бағдарламалар да шығарылды. Х.Арғынов, 
Б.Құлмағанбетова, А.Әбілқаев, т.б. әдіскер ғалымдардың еңбектері 
қазақ тілінің әдістемелік қырлары барынша ашылып, тәжірибеде 
қолдануда тиімділігін танытқан, білім алушылар мен оқытушы 
қауымына жол сілтейтін құнды еңбектер қатарында. 1987 жылы 


4
Республикада қазақ тілін оқытуды жақсарту туралы Үкімет қаулысы 
қабылданып, 1990 жылы қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесін 
алғаннан кейін қазақ тілін оқытуға көзқарас өзгере бастады. 
Қазақ тілін үйренуге көңіл бөлініп, бұл мәселенің зерттелуі, 
бағдарламалар, оқулықтар, оқу құралдарын жазу көптеп қолға 
алынды. Оқу орындарының барлығында қазақ тілін оқыту мәселесі
қарастырылды. Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуға арналған 
оқулықтарды, оқу құралдарын, тілашарлар мен сөздіктерді
бағдарламалар шығару сексенінші жылдардың аяғынан бастап 
қоғамдық саяси сипатқа ие болды. Қазақ тілін дамытуға үлкен 
бағыт-бағдар жасалып, жұмыстар жүргізіле бастады. Осы уақытқа 
дейін қазақ тілін оқытуға арналған бірнеше бағдарламалар 
жарияланды. Бағдарламалардың алғашқыларының бірі 1987 жылы 
профессор Н.Оралбаеваның авторлығымен шыққан «Қазақ тілін 
үйрену курсының программасы» болып табылады. Н. Оралбаева 
жасаған қазақ тілін үйретуге арналған алғашқы бағдарламаны 
Қазақстан білім беру министрлігі құптап бекітті. Осы бағдарлама 
негізінде 1996 жылы «Ана тілі» баспасынан «Орыс тіліндегі 
мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі» атты оқулық жарық 
көрді. Бұл жоғары оқу орындарындағы студенттерден басқа ұлтқа 
қазақ тілін оқытатын, әдістемелік жағынан жетілген мамандар 
дайындауға арналған алғашқы ғылыми оқулық. Н.Оралбаева, 
К.Жақсылықова құрастырған 1992 жылы жарық көрген оқулық 
оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілін оқыту 
бағдарламасы бойынша жазылған. Оқулықта қазақ тілін орыс 
мектептерінде оқытудың лингвистикалық, психологиялық, 
дидактикалық негіздері, тарихи дамуы қарастырылған. «Қазақ 
тілі әдістемесі» пәні, оның міндеттері, мақсаттары, қазақ тілін 
басқа ұлттарға оқыту әдістері, сабақтың құрылысы мен түрлерін 
жүйелі, анық, нақты түрде көрсетті. 
Қазақ тілінің оқытылу жайы жыл өткен сайын жаңа әдіс-
тәсілдермен толығып отырды. Қазақ мектептерінде оқытылатын 
жаңа буын оқулықтары жазылып, қолдануға ендірілді. Жарық 
көрген жаңа оқулықтарға әдістемелік нұсқаулар қатар жазылды. 
Оған үлес қосқан әдіскер ғалымдар қатарын С.Рахметова, 
Ф.Оразбаева, Т.Әбдікәрімова, Н.Оразахынова, А.Жапбаров, 


5
Ж.Қараев, Қ.Қадашева, Н.Құрманова, А.Сатбекова, Р.Рахметова, 
т.б. қазақ тілін жаңаша оқыту мәселесіне арналған еңбектерімен 
толықтырды.
1990 – 2010 жылдар аралығында қазақ тілін оқытуға 
байланысты түрлі тақырыптарда диссертациялар көптеп 
қорғалды. Ғылыми-зерттеу еңбектері әдіскер ғалымдардың 
әдістеме ғылымына қосқан қомақты үлесі болатын.
Кейінгі кезде оқытудың жолдары мен ұйымдастырудың 
түрлері жөніндегі мәселелерді зерттеу, тілді оқыту әдістерін 
жіктеуге, оқушылардың өз бетімен істейтін жұмыс түрлері мен 
сабақ түрлерін анықтау, қазақ тілін заманауи технологиялар 
арқылы жүргізу мәселелері ғалымдардың зерттеулері арқылы 
жалғасын табуда.
Қазіргі таңда Қазақстанда білім беру саласына түбегейлі 
өзгерістер енгізіліп, оқыту үрдісін жаңашаландыру қолға 
алынуда. Осы орайда білім берудің жаңа бағыттары айқындалып, 
инновациялық технологиялар мен жаңашыл әдіс-тәсілдер 
тәжірибеге ендірілуде. Олай болса, қазақ тілін оқыту мәселесі 
де әдіскер ғалымдар назарымен жаңаланып, заманауи бетбұрыс 
жасалуда. Жаңа оқулықтар мен оқу құралдары, монографиялар 
жарық көруде. Бұл қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым 
ретінде даму деңгейі мен проблемаларды қаншалықты деңгейде 
қозғай алуын саралауға мүмкіндік береді. Көрсеткіште XX 
ғасырдың басқы жылдарындағы еліміздегі ана тілі мен оны 
оқытуға қатысты еңбектерден бастап, қазіргі кезге дейінгі қазақ 
тілін оқыту мәселесін қарастыратын еңбектер тізімі берілді. 
Көрсеткіште енбей қалған еңбектер болуы мүмкін, олардың 
көрсеткішіміздің келесі санына ендірілуі ескеріледі. Ұсынылып 
отырған көрсеткіш осы саламен айналысатын ізденушілерге 
жол сілтейді және әдістеменің даму тарихынан хабар береді. 
Библиографиялық көрсеткіш студенттер мен магистранттарға, 
докторанттарға, сала мамандарына арналады.


6


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет