МАХИЗМ
— XXғ. бас. Мах, Авенариус және олардың шәкірттерінің және
К.Пирсонның
еңбектерінде
ұсынылған
ғылым
философиясы
мен
методологиясындағы субьективтік-идеалистік бағыт.
МАХАБХАРАТА
—
санскритпен жазылған көне үнді эпосы. Оның маңызды
ерекшелігі – оның үстеме эпизодтарында заң, адамгершілік, билік, парыз бен
адамның діни міндеттері, яғни үнді философиясында «дхарма» ұғымына
жинақталған мәселелерді түсіндіретін дидактикалық және философиялық
мәні болып табылады.
МАХАЯНА
— буддизм іліміндегі нигилистер мен субьективті
идеалистердің ағымы.
Махаяна – «үлкен шеңбер» деп аталатын ағым –
архаттан гөрі «бодхисатваны» пір тұтады. «бодхисатва» - архатқа жетпеген,
бірақ толық білімге жетуге талпынып жүрген адам. Ол білгір адамнан гөрі
дін уағыздаушы адамға көбірек ұқсайды.
Достарыңызбен бөлісу: |