христиандықтың мұрагері ретінде «Мәскеу-үшінші Рим» доктринасында
бірінші және екінші Римнің ізбасары ретінде көрінеді
. Өзін үшінші Рим, ал
төртіншісі болмайды деп есептейді. Филареттің айтуынша алғашқы екі
Римнің күйреу себебі, нағыз шынайы дін-православиені сатып кеткендігі
және сол үшін құдайдың қарғысына ұшырағандығымен түсіндірілді. Бұл
доктрина мемлекеттік өзіндік сананың басты доминанты болды.
МЕГАР МЕКТЕБІ
—
б.д.д. IVғ. Мегар қаласының тұрғыны Сократтың
шәкірті Евклидтің араласуымен ашылды. Бұл мектептің өкілдері:
Евбулид,
Диодор Крон
.
Мегарлықтар дәлелдеуге болмайтын абстрактты жоғарғы
игілік – Құдай, Парасат, Өмірлік энергия болады деп санады. Ал жоғарғы
игілікті терістеуге (абсолюттық зұлымдық) болмайды деді. Мегарлықтар
теориялық ізденіспен қатар белсенді практикалық қызметпен де (шын
мәнінде софистикамен) айналысты.
МЕТАФИЗИКА
(гр. тіл. ауд. - физикадан кейінгі мәселе) — болмыстың
тәжірибиеден тыс бастаулары туралы ілім ретіндегі философия бөлімі.
Онтологиямен,
жалпы
философиясымен
жиі
теңестіріледі.
Яғни,
диалектикаға қарама-қарсы таным әдісі, мұнда заттар мен құбылыстар бір-
біріне байланыссыз, ішкі қайшылықсыз, тұрақты түрде өзгеріп тұрады деп
түсіндіріледі.
МЕТОД
(грекш. - зерттеу жолы, теория, ілім) — білімдер жүйесін құру мен
негіздеу әдісі мен тәсілі.
МЕТОДОЛОГИЯ
(грекш. - метод туралы ілім) — теориялық және
практикалық қызметті ұйымдастыру және құрастыру тәсілдері мен
принциптері жүйесі және осы жүйе туралы ілім.
366
МЕХАНИЦИЗМ
— классикалық механика заңдарын дүниеқұрылымның
бірегей заңы деп мойындау, дүниенің механикалық бейнесін абсолюттендіру.
МИЛЕТ МЕКТЕБІ
(б.д.д.VIғ.) – Милет қаласынан шыққан ертедегі грек
философтарының ілімдерінің атауы. Негізгі өкілдері:
Достарыңызбен бөлісу: |