1 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет7/51
Дата29.03.2022
өлшемі1,26 Mb.
#137181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51
Байланысты:
Развитие речи
docx1548691362 (21), 9. Определение тяжести состояния детей по ИВБДВ, Математика , тарих гос сурак-отв дурысы (1)
бірінші сатысы
және ең бастысы бесік жырымен ашылады; 
балалар фольклорының 
екінші сатысы
«Тұсау кесу» жырымен басталады; 
үшінші кезеңі
балдырғандарды айналадағы өмірмен, жәндіктер тіршілігімен 
жөне өздеріне ең жақын мал шаруашылығымен таныстыруға бағытталады; 
төртінші кезеңі
балдырғандарды енді жыл мезгілдерімен, соған байланысты 
өзін қоршаған ортамен таныстыруға бет бұрады; 
бесінші кезеңінде
ойын-
сауық көркіне байланыстыра отырып, балаларды дұрыс та анық сөйлеуге 
жаттықтыру үшін жаңылтпашты қолданады; 
алтыншы кезеңінде
балалардың 
ақыл-ойын дамыту үшін жұмбақ жанрын пайдаланады. 
Ш.Ахметов үлкендер тарапынан балалардың дүниетанымын қалыптастыру, 
тіршілік қалпын таныстыру, тәлім-тәрбие беру, ақыл-ойын өсіру, тілін 
ұстарту «Ана сүті – бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді» - деген халық қағидасына 
сүйене отырып, кезеңдерге бөлген. Осы еңбекте халық өлеңдері, жаңылтпаш, 
өтірік өлеңдер, мақал-мәтел, жұмбақ, ертегілердің маңызы туралы жазған. 
Ғалым «Қазақ балалар әдебиеті» атты еңбегінде балалар ауыз әдебиетіндегі 
эстетикалық идеалға, оның ішінде бесік жыры, тұсау кесу жырындағы 
эстетикаға айырықша тоқталған. Сонымен қатар төрт түлік мал туралы 
өлеңдердегі халық даналығын, жаңылтпаш, мақал-мәтел, жұмбақ, 
ертегілердің тәрбиелік мәнін ашып берген.
Халықтық мұраларды жинап, зерттеуші ғалым Б.Адамбаев «Ауыз әдебиеті 
– халық оқулығы» - деп айтқан. Ғалым қазақ мақал-мәтелдері мен шешендік 
өнерінің қалыптасып, дамуына арналған еңбегінде «Ауыз әдебиетінде мақал-
мәтелдің араласпайтын жанры жоқ. Ертегі, аңыз, әңгіме, дастан-жыр, халық 
өлеңдерінде, тіпті жұмбақтар мен тақпақтарда да сөзді әрлеу үшін мақал-
мәтелдер дәлел, айшық ретінде қолданылады,» - деген. Ғалымның осы 
айтқаны ауыз әдебиеті үлгілерін кешенді түрде ұсынуға болатынын дәлелдей 
түседі. 
Педагог-ғалым Ә.Табылдиев «Қазақ халық педагогикасы және тәрбие», 
«Халық тағылымы», «Қазақ этнопедагогикасы» атты еңбектерінде халықтық 
шығармаларға ғылыми түсініктер бере отырып, оны оқу-тәрбие ісінде 
пайдалануды қарастырған. Онда бесік жыры, тұсау кесу жыры, жаңылтпаш, 
санамақ, жұмбақ, мақал-мәтел, балалар жыры, шешендік сөз, тұрмыс-салт 
жырлары, батырлық жырлар туралы түсінік беріп, тұжырымдар жасап, 
тәрбиелік мәнін ашып көрсете отырып, оларды пайдалануға әдістемелік 
нұсқаулар ұсынған. 
Ғалым: «Ең әуелі ата-аналар мен семья ересектері мектеппен тығыз 
байланыс жасай отырып, үй ішінде халықтық педагогиканы дамытып, 
баланың өзіне батырлар жырын оқытып, пікірлесіп, аңыз әңгімелерден 
үзінділер айтқызып, жаңылтпаштар айтысып, ой-өрісін кеңейтіп, тілін 


20 
ширатып, жұмбақ айтысып, жұмбақты көп айта алғанға ұпай жинатып, не 
сыйлық ұсынып, санамақтар айтып, оны шешуден мүдірмеген баланы 
мадақтап, мақал-мәтел жаттаудан озған балаға құрмет көрсетіп, шешендік 
сөздерді жаттатып, ұлттық дәстүрлерді талап ете білу керек», - дейді. 
С.Қалиев өзінің «Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі» 
атты еңбегінде ауыз әдебиеті үлгілеріндегі тәрбие бастауларын ашып 
көрсеткен. Ғалым халықтың ғасырлар бойғы бай қазынасы ауыз әдебиетінің 
үлгілері: «өлең-жыр, аңыз әңгімелер, мақал-мәтелдер, афоризм сөздер, ән-
күй, би музыкасы, зергерлік қолөнері, ұлттық ойын түрлері т.б. өнер 
атаулының бәрін ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы етіп пайдаланғанын» 
айта келе, халық педагогикасындағы тәрбие түрлері: тән және тазалық 
тәрбиесі, еңбек пен өнер тәрбиесі, ақыл-ой тәрбиесі, имандылық пен 
адамгершілік тәрбиесі тұрғысында ауыз әдебиетінде көрініс тапқан тәрбие 
негіздеріне талдау жасаған. 
Сонымен, қазақ халық ауыз әдебиетінің мәселелерін әр қырынан 
қарастырған ғылыми еңбектерге талдау жасай келгенде, бұл саладағы мәдени 
асыл мұраларымыздың ертеден-ақ отандық та, шетелдік те ғалымдардың 
назарына ілінгендігі байқалады. Ал алғашқы кезеңдегі зерттеулерде халық 
ауыз әдебиеті туралы тұжырымдар жинау, құрастыру, сипаттау бағытында 
болса, кейініректе олардың халық өміріндегі орны, тәрбие жүйесіндегі 
маңызы сөз болғанын көреміз. Кеңестік кезең саясаты тұсында да 
фольклортанушы ғалымдардың бұл жанрды тереңдей зерделуі жалғасын 
тауып отырған. Сондай-ақ олар қолда бар қазыналы мұралардың жанрлық, 
тағылымдық, тілдік мәселелерін жіктеп айтуға ұмтылған. 
2.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет