БҚО. Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылы. Ш. Жексенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-бөбекжай кешенінің



Дата09.04.2018
өлшемі128,15 Kb.
#40104



БҚО.Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылы.

Ш.Жексенбаев атындағы жалпы орта

білім беретін мектеп-бөбекжай кешенінің

қосымша білім беру педагогі

Султанова Нурия Амантаевна

Сайыстың тақырыбы: « Өнер алды – қызыл тіл »

Сайыстың мақсаты:

Оқушылардың білім деңгейін көтеру. Ана тілі – қазақ тілінің мәртебесін көтеруге ұмтылдыру. Мемлекеттік тіл – қазақ тілінің қоғамдағы алатын орны, қолданысы мен бүгінгі жай-күйі туралы мәлімет бере отырып, грамматикалық сауаттылықтарын шыңдау, жеке тұлғаның ой – қабілетіне әсер ету, сайыс арқылы оқушыларды өздігінен жұмысқа баулу, сөйлеу шеберліктерін, тіл байлықтарын дамыту. Оқушыларды тілдік норманы сақтай отырып дұрыс, анық сөйлеуге, өз ойын толық жеткізуге тәрбиелеу.



Сайыстың өту әдісі: Сайыс сабақ

Сайыстың көрнекілігі: плакат, нақыл сөздер, слайд

Сайыстың барысы:

Кіріспе:

Мұғалім: 

Құрметті ұстаздар және оқушылар.

Армысыздар,ардақты халқым менің

Бөлісейік бұл күннің алтын кенін

Тілді сүйер қауымға басымды иіп,

Сәлемдесіп жүздесу салтым менің.

Ұшырмай көкіректен жыр кептерін,

Өлеңсіз аша алам ба сыр беттерін?

Жаңа күш, жаңа қуат тілеуменен

Өзіңе басымды ием, көрерменім

Қош келіпсіз, ақ жанарлы құрбылар,

Жүздерінен мейірім мен нұр тамар.

Алдарында жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар,

Бар өнерді енді ортаға салайық.

Бұл кештен үлкен сабақ алайық

Ағайын қабыл алғай сәлемді

Мерекесі тіліміздің құтты болсын, Халайық!

Мектебімізде 2-30 қыркүйек аралығында «Тіл мәртебесі, ел мәртебесі» атты Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне арналған тіл апталығы өтіп жатыр. Оқушылар қазіргі таңда ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі жайлы орасан зор жұмыстар жүргізілуде. Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін, ана тіліміз – қазақ тілі мемлекеттік тіл деп бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы күшіне енді. Болашағымызды баянды етер қаруымыз – тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік. Бүгінгі «Өнер алды–қызыл тіл» атты сайысымызды ашық деп жариялаймын.

Елбасы Н. Назарбаевтың 1998 жылғы 20 – шы қаңтардағы жарлығына сәйкес «20 – қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні» ретінде аталып келеді. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Себебі әр ұлттың тілі – оның бақыты, тірегі. Бүгінгі сайыстын кезеңдерімен таныстырып өтейін.



1 – кезең Поэзия минуты (әр топ дайындап келген тіл туралы өлеңдерің жатқа айтады)

2 – кезең Бәйге ( әр топқа 5 сұрақ қойылады)

3 – кезең Тіл өнері ( мақал – мәтелдердердің жалғасын табу керек)

4 – кезең Полиглот (әр топқа жұмбақ жасырылады,жауабын 3 тілде, яғни қазақша,орысша және ағылшынша жауап беру керек)

5 – кезең Жорға ( жеті жұмбақ)

6 – кезең Құпия хаттарға жауап беру
Білім сайысына 4 топ қатысады.

Өнердің нәр берді шапағаты,

Әркімнің өнерге бар махаббаты.

Талпынып топ болып шықшы, кәне



Қонақтар қошеметпен қол соғады дей келе сайысымызға кезек берейік
Алдымен әр топ өздерін таныстырады. Таныстыру қара сөз немесе қара өлең түрінде болады.
1 – кезең Поэзия минуты (әр топ дайындап келген тіл туралы өлеңдерің жатқа айтады)
2 – кезең Бәйге ( әр топқа 5 сұрақ қойылады)

І топтың сұрақтары:

сыныбына

  1. А.Байтұрсынов кім? 

  2. Қазақ тілінде неше септік бар? 

  3. Батыс Қазақстан облысының әкімінің толық аты-жөні кім? 

  4. Жүз жасаған ақын? 

  5. «Шаһар» сөзінің синонимі? 

  6. Қазақстан Республикасында Тілдер мерекесі қашан? 

5ә сыныпқа

  1. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді? 

  2. Тұрлаусыз мүшелерді ата? 

  3. М.Әуезов кім? Роман-эпопеясын ата. 

  4. Әл-Фарабиді неліктен «Екінші Ұстаз» деп атаған? 

  5. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды? 

  6. «Көксерек» әңгімесін кім жазған? 
    6 сыныпқа

  7. «Ақылды» сөзінің түбірі? 

  8. Абайдың қанша қарасөзі бар? 

  9. Ата Заң күні қашан? 

  10. Қазақтың тұңғыш алфавитін жасаған кім? 

  11. Құлагер кімнің аты? 

  12. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? 

7 сыныпқа

  1. «Бес Арыс» деген кімдер? 

  2. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды? 

  3. Қазақ тілінен тән дыбыстар нешеу? 

  4. Абайдың туған жылы. 

  5. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? 

  6. Әнұранның авторларын атап бер. 

    9. Білім және Ғылым Министрі кім? 
    10. Қазақстан жерінен өткен жол. Ұлы жібек жолы
    11. «Қазақ вальсінің королі» атанған композитор кім? 
    12.
    13. Бір жылда туып, бір жылда қайтыс болған үш бәйтерек кімдер? 
    14. «Оян қазақ» кімнің шығармасы? 
    15.

    ІІІ топтың сұрақтары: 
    1. Қазақстанда зиялы қауымды қуғындау қай жылы басталды? 
    2. Қазақ халқының тұңғыш романисі? 
    3. Түркістан қазақ халқының қандай қаласы? 
    4. Жаза алмайтын атақты ақын кім? 
    5. Шоқанды не үшін «сегіз қырлы» дейміз? 
    6. Абайдың қандай өлеңдері бар? 
    7. ҚР-ның астанасы қай қала? Бас қаласы қай қала? 
    8. ҚР-ның рәміздерін ата. 
    9. Әл-Фараби өмірге келген қала. 
    10. «Домбыра» өлеңін кім жазған? 
    11. Шахмат ойынына ұқсас қазақтың ұлттық ойыны. 


3 – кезең Тіл өнері (мақал – мәтелдердердің жалғасын табу керек)

5а сыныбына

1.Тіл- адам ойының.... (айнасы)

2.Аңдамай сөйлеген...(ауырмай өледі)

3.Ойнап сөйлесең де ... (ойлап сөйле)

5ә сыныбына

1. Айтылған сөз ... оқпен тең (атылған)

2. Халық мәңгі ...( тіл мәңгі)

3. Бас кеспек болса да,... (тіл кеспек жоқ)

6 сыныпқа


1. Өнер алды - .... (қызыл тіл)

2. Сөз тапқанға... (қолқа жоқ)

3. Ел тірегі-.... (тіл)

7 сыныпқа



  1. Тіл жетпейтін .... (түкпір жоқ)

  2. Тіл тас жарады .... (тас жармаса бас жарады)




4 – кезең Полиглот (әр топқа жұмбақ жасырылады,жауабын 3 тілде, яғни қазақша,орысша және ағылшынша жауап беру керек)

5а сыныбына



  1. Қабат,қабат қаптама,

Ақылын болса, аттама ( кітап – книга – book)

  1. Мұрты бар,иегінде сақалы жоқ,

Тоны бар, киеріне шапаны жоқ.

Пайдасы үй ішінен табылған соң,

Далаға кіріп – шығар сапары жоқ (мысық – кошка – cat)


  1. Ертеңменен тұрдым,

Екі аяққа жол түстім (шалбар – брюки –

  1. Бұл кірді жейді

Кір мұны жейді (Сабын – мыло –

  1. Көрдім деп айта алмайды

Көргенін қайталайды (Айна – зерколо -

5ә сыныбына



  1. Ақ сарайды талқандап,

Шықты біреу талтандап (балапан – цыпленок –

  1. Қылышпен шауып

Турай алмадым

Бір шайқап қалып

Жинай алмадым ( су – вода – water)


  1. Тепсең жаны кіреді

Айдағанға жүреді (доп – мяч – ball

  1. Тірідей жейтін балықты

Мұздақтан көрдім тон киген

Тұмсығы қара алыпты ( Аю – медведь – bear)



  1. Он екі белбеулі

Ән-күйі кернеулі ( домбыра – домбыра

7 сыныпқа



5 – кезең Жорға( жеті жұмбақ)

5а сыныбына



Жеті жұтты ата: ( құрғақшылық,ашаршылық, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала)

Жеті қазына: ( сұлу әйел, ер жігіт, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік ат, құмай тазы, ақыл,білім)

Алты игілікті ата: ( денсаулық, қазына,дос, әйел, білім , бала)
5ә сыныбына

Жеті күн:

Жеті Әулиені ата( Мекке, Мәдина, Бұхар, Шам, Құддыс, Кәллам)

Алты асқарды ата:( ақыл,білім,жомарттық,әділдік,шыншылдық,кең пейіл)

6 сыныпқа

7 сыныпқа
6 – кезең Құпия хаттарға жауап беру
5а сыныбына

Құрметті достар!

Менің көршімнің бір баласы бар.Өзі өтірікші,көзбе – көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Менің онымен бірге ойнағаным дұрыс па?
5ә сыныбына

Құрметті достар!

Менің бір досым бар.Өзі мақтаншақ, ойнап жүргенде уй ішін айтып, жаңа нәрселерін көрсетіп, кішкентайларды қалай ренжіткенін айтып мақтанады.Мен онысын ұнатпаймын,бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба?

6 сыныпқа

7 сыныпқа
Қорытынды

Мұғалім: 

Туған тілім- тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,



Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! дей келе сөз кезегін сайысымызды қорытындылау үшін әділқазылар алқасына береміз.

Мұғалім: 

Ата-бабамыздың асыл аманатын, үкілі үмітін ақтайық. Сонда ғана болашағымыз жарқын, тіліміздің мәртебесі биік болмақ! «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамыздың тарихын ұмыту» деген Бауыржан Момышұлы. Ана тілін құрметтеп, сүйе білейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт. «Ана тілінт қадірлеу-әр азаматтың перзенттік парызы» демекші, анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмытпай ұрпақтан ұрпаққа жеткізу-мына отырған сіздер мен біздердің міндетіміз... Келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын. Тілімізді қастерлеп, биік тұғырынан түсірмейік, жас достар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет