1 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


 Ертегілер, олардың бала тілін дамытудағы маңызы



Pdf көрінісі
бет35/51
Дата29.03.2022
өлшемі1,26 Mb.
#137181
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   51
Байланысты:
Развитие речи

3. Ертегілер, олардың бала тілін дамытудағы маңызы.
Ертегі - ауыз әдебиетінің ықылым заманынан келе жатқан көне де мол 
мұрасы. Оның ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің 
«Бұрынғы өткен заманда, ерте-ерте, ертеде» деп басталуынан да оның атам 
заман туындысы екенін аңғару қиын емес. Ертегілерде халық басынан 
кешкен, ғасырлар ізі жатыр. Оларда еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, 
әдет-ғүрпы, елдік тарихы, қилы-қилы асулары, арман-мұраты бейнеленген. 
Барлық елдің ауыз әдебиетінен мол орын алған және халықтың жазу-сызу 
өнері болмаған кезінде ауызша шығарған күрделі шығармасының бір түрі - 
ертегілер. Ертегілер көбінесе, қара сөз ретінде айтылатындықтан, оны 
халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі деп қараймыз. Халық 
әдебиетінің басқа түрлері секілді, ертегілер де адам баласының еңбек-кәсіп 
ету, тұрмыс тіршілік құру тәжірибесіне байланысты туған.


120 
Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың 
неліктен болатындығын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял 
еткен және өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл 
жөніндегі ұғым-түсініктерін, нанымы мен сенімін әңгімелеп айтатын болған. 
Сөйтіп ертегі-әңгімелердің алғашқы үлгілері туған. Халық шығармасының 
бұл түрі «ертегі» деп аталуының өзі-ақ, онда айтылатын әңгімелердің есте 
қалмаған ерте заманда туғандығын анғартады. 
Балаларды тәрбиелеуде ертегілердің түрлерін қарастырсақ, атақты 
әдебиетші М. Әуезов ертегіні үш түрге бөліп қарастырған. Олар:
- қиял – ғажайып; 
- тұрмыс – салт; 
- шыншыл ертегілер болып табылады.
Алайда қазіргі зерттеулер нәтижесі ертегіні төрт түрге бөледі. Олар 
ертегіде сюжеттен гөрі композицияның рөлі күшті болады деп есептейді. 
Жаңа зерттеуші өкілдер ертегіні:
- хайуанаттар жайындағы; 
- қиял – ғажайып; 
- батырлық; 
- новеллалық;
- сатиралық деп бөледі.
М. Әуезовтың ертегі түрлеріндегі қиял-ғажайып ертегілерге тоқталатын 
болсақ, қиял – ғажайып ертегілеріне «Керқұла атты Кендебай», «Аңшы бай» 
«Ұшқыш кілем» жатады деп есептейді. Бала осындай ғажайып ертегідегі 
кейіпкерлерге қарап, мейірімді, адал, досын ардақтайтын және оның күшіне 
мол сенім білдіруді үйренеді. Бала барлық заттарға көзқарасы өзгеріп, 
кішіпейілдікке, мейірімділікке, дос болуға ой қорытады.
Ертедегі табиғаттың дүлей күштерімен алысып, күнделікті өмір үшін аң – 
хайуанаттармен күрескен кезде халықтың арманы соларды жеңетін күшті 
батыр, балуан, мерген болды. Ал кейінгі дәуірде рулық қоғам тұсында 
халықтың арманы- өз елін бөтен елден, жаудан қорғайтын батыр болды. 
Қиял-ғажайып ертегілеріндегі басты тақырып-сиқырлы заттардың 
көмегімен бас кейіпкердің неше түрлі қиындықтарды жеңіп, мұратына жетуі. 
Егер қаhарман бар күшін пайдаланып, керемет қиындықтарды жеңсе, ол 
батыр атағына ие болады да, мұндай кейіпкері бар ертегі өз ерекшелігімен 
дараланып, «Батырлық ертегі» деп аталады. Біздің пікірімізше, батыр тұлға
тек ерлігімен ғана емес, алыл-парасатымен де , айласымен де жауын жеңіп 
отырған. 
Ертегілерді баланың тындауы, естіген ертегі мазмұнын қайталап айтып 
беруі, баланың сөздік қоры молайтып, байланыстырып сөйлеу тілін дамытьш, 
тілдің грамматикалық құрылымын меңгеруде ғана емес, ерлікке, достыққа,
үлкенге ізет, кішіге қамқорлық сияқты адамгершілік қасиеттерді 
тәрбиелеуге, әстетикалық талғамын, қиялын дамытуға мүмкіндіктер беріп 
түрлі жауыздық, зұлымдық иелері арқылы жамандықтан жирендіреді. 
Ата-ана бала түсінігіне лайықты мектеп жасына дейінгі балалар үшін тек


121 
қиял-ғажайып және хайуанаттар туралы ертегілер оқылатындығын 
ескергені жөн. Сәби балаларға (3-4 жас) ертегілерді ауызша әңгімелеп айтып 
беріп, ал ересек балаларға (5-6 жас) оқығанды тыңдатып және әңгімелету 
әдістерін жүргізуге болады. Себебі мектеп жасына дейінгі баланың жас 
кезеңдеріне қарай психикалық даму ерекшеліктерін ескеретін болсақ, бала 
үшін ұзақ уақыт оқылған ертегіні зейін қоя отырып тыңдау қиынға соғады. 
Ертегіні тындату арқылы балаға жан-жақты тәрбие беріп, дамытумен бірге, 
оқығанды шыдамдылықпен тыңдай білуге ұстамдылыққа үйрете аламыз, 
Әсіресе, ертегіні сюжетке қатысты түрлі-түсті суреттерді, картиналарды 
пайдалану арқылы әңгімелесу баланың қызығушылығы мен әстетикалық 
талғамын арттыра түсуде мол мүмкіндіктер береді. Бала үшін сурет арқылы 
ертегі мазмұнын айтып беру, шығармашылық ойлауын, ұзақ уақыт есте 
сақтау қабілетін де дамытады. 
Ертегілердегі балаларды аса қызықтыратын тағы бір жәйт-кейіпкерлердің 
аса айқын, дәл суреттелетіндігінде, олардың әрекеттері, іс-қимылы, мінездері 
қатты әсер етіп отырады. Тіпті жағымсыз кейіпкерлердің өздері де 
ақымақтығымен, қулығымен балаларды таң-тамаша қалдырады. 
Халық ауыз әдебиетінің үлгілері тақырыптық, көркемдік жағынан түрлі 
болған сияқты, сабақтардың мазмұны, өткізу жолдары, орындайтын 
тапсырмалары да әр алуан келеді. Ертегілермен тантыстыруға арналған оқу 
іс-әрекеттерін кіріспе сөзбен бастаған тәрбиеші: «Ертегі — халық, өмірін 
суреттейтін фантастикалық оқиғаларға құрылған көркем шығармалар. 
Ертегілер - ұрпақтан-ұрпаққа ауызша таратылып, ұзақ ғасырлар бойына 
толықтырылып, жетіліп келген халық ауыз әдебиетінің ең бір көркем түрі. 
Ертегілер өзара бірнеше түрге бөлінеді»- дей келе, тәрбиеші әңгімеге тартып, 
төмендегідей сұрақтар қояды. 
1. Тіл дамыту сабақтарында қазақ ертегілерінің қандай түрлерімен 
таныстыңдар? 
2.Солардың ішінде қиял-ғажайып ертегілерді атап айтыңдар. Олардың 
кейіпкерлері кімдер? 
3. Бұл ертегілерде қандай қызықты оқиғалар суреттелген? -деген сұрақтар 
балалардың есіне қандай ертегілер бар екендігін, ол ертегі не жайында 
екендігі түседі. 
«Ертегілердің ең бір тамаша, балаларға қызықты түрі - киял-ғажайып 
ертегілері» деген түйінді ойдан кейін осы шығармалардағы сан-алуан 
оқиғаларды басынан кешірген кейіпкерлер жөнінде, олардың қарсыластары 
мен достарының фантастикалық түрде бейнеленуіне, ертегілердің басталуы 
мен аяқталуында бірсарындылық болатынына оқушылар көңілін баса 
аударған жөн. Мәтінді оқып-талдау үстінде балалар басты кейіпкердің өз 
ата-анасын, ел-жұртын қорғау мақсатында ұзақ жолға шығып, көптеген 
қиындықтардан өтіп, жеңіске жеткендігімен қатар оның үлкен мен кішіге 
қайырымды, досына сенімді, адал болатындығына тоқталып, өз беттерімен 
тиісті қорытынды жасап отырады.


122 
Ертегілердің мазмұнында халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғүрыптары мен 
дәстүрлері, мінез-құлықтары, адамдардың еңбексүйгіштігі, өз халқына, 
Отанға, туып-өскен табиғатқа деген маңызы жөнінде айта келіп: «Ертегі мәні 
аса зор, ести ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын материалдық әлеммен 
біргешегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас шыншылдығы мен 
әлеуметтік мәні жағынан қарағанда көрнекті көркем құбылысы болып 
табылады». 
Орыс педагогі А.В. Сухомлинский: «Ертегі - халық мәдениетінің рухани 
байлығы, оны тану арқылы бала танып біледі», - депорынды айтқан.
Ертегі - балаға ана тілін меңгертіп, сөздік қорын молайту арқылы, 
байланыстырып сөйлеуге, тілінің грамматикалық құрылымын дамытуға 
мүмкіндік беретін баға жетпес құрал болып табылады.
Халықтық әсем сөз өрнектері орамды, көркем әдеби тілмен жазылған. 
Баланың тілін дамытуда ертегіден бөлек тұсау кесу жырлары, ойнақы тілмен 
жазылған санамақтар, ойын өлеңдері балалардың тіл әлеміне деген 
қызығушылығы артып, тіл байлығын меңгертуде үлкен қызмет атқарары 
сөзсіз.
Балалардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту барысында қолданылатын 
әдістерге тоқталатын болсақ: 
1. Сахна ойындары. Оның барысында қажетті дыбысқа байланысты сөздер, 
сөйлемдер бірнеше рет қолданылады. әр кейіпкерді сөйлете отырып, 
балаларға қайталату. 
2. Бағдарлама бойынша өтілетін шығармалардан тіл ұстартуға қажетті 
шумағын алып пайдалану. Сол шумақ қай ертегіден, қай өлеңнен алынғанын 
сұрап, жауабын алу арқылы тіл дамытудан игерген білім дағдыларын 
бекітеді, әрі қайталайды. 
3. Сөздің дыбыстық жағын анық айтуға жаттықтыруда шағын әңгіме
ертегілерді мәнерлеп оқып беруге болады. 
4. Көркем сөз шеберлерінің таспаға жазылған үндерін, мәнерлі дауыс 
ырғағын тыңдату. 
5. Дидактикалық жаттығулар жасау. «Ғажайып қалта» «Не өзгерді?» үстел 
үстінде ойнайтын ойындарды пайдаланып, әр дыбысқа байланысты 
суреттерді топтап алу. 
6. Жұмбақ, мақал - мәтел, жаңылтпаштарды айтқызу арқылы қажетті 
дыбысты бекіту. 
Жұмыстың осы түрлерін баланың жас кезінен бастап дер шағында қолға 
алса нәтижесі де ойдағыдай болады. Балабақшада жүргізілетін тәрбие, білім 
беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері кешенді түрде іске 
асырылады. Мәселен, ән оқу іс - әрекетінде музыка үнімен бала сезіміне әсер 
етсе, тіл дамытуда оқылған әңгіме, ертегілер, біріншіден баланың ақыл - 
ойын, танымын кеңейтсе, екіншіден ана тілін жақсы білуге көмектеседі. 
Ертегі - бұл бейнелеп айтқанда, балалық ой мен сөздің отын маздататын 
самал жел. Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялын дамытатын
жұмыстың бір түрі - ойдан ертегі құрастыру. Балалар ертегіні тек


123 
тыңдауды ғана жақсы көрмейді, олар өздері де ойлап шығарады. Ертегі 
шығару - тәрбиеші үшін балалармен рухани қарым-қатынас жасау болса, ал 
балалар үшін теңдесі жоқ ойлану шаттығы болады. Олар ертегіге құмартады. 
Белгісіз, түсініксіз нәрсе. әсіресе ғажайып, фантастикалық нәрсенің бәрі 
баланы қызықтырып, өзіне тартады. Сондықтан балаларды өздерінің 
байқағандарынан ертегілер ойлап шығаруға үйрету керек. 
Оқулықтағы берілген ертегілермен танысқаннан кейін, осыған ұқсас 
ертек құрастырып немесе ренішпен, өкінішпен аяқталатын ертегіні 
қуанышпен аяқталатындай етіп өзгерту баланы шығармашылыққа 
үйретумен қатар армандауға, қиялдауға жетелейді. Өз ертегісін көрген бала 
қуанышты басынан кешеді. Айтылған ертегілердің суретін салу балалардың 
көз алдына ертегінің кейіпкерлерін елестетуге, ойында ұзақ сақтауға 
көмектеседі. 
Ертегі балаларды қиялдауға, шешен сөйлеуге, өз ойын жеткізуте және 
қайратты істер жасауға жұмылдырады. Сондықтан балаларды ертегі оқуға 
қызықтыру, жақсы қасиеттерді балалар бойына сіңіру мақсатында «Ертегілер 
еліне саяхат» көрмесін ұйымдастыруға болады. Сондай-ақ «Ертегіні кім 
көп біледі?» сайыс ретінде балаларға ұйымдастыруға да болады.
Сайысты бірнеше бөлімнен тұратын етіп, біріші бөлімді «Кім тапқыр?» деп 
атау керек. Ертегіден үзінді бойынша сахналық қойылым көрсетіліп, 
көрген ертектің атын, кай халық ертегісі екенін айтуы керек. 
Екінші бөлім «Кім шапшаң?» деп аталады. Ертегіден үзінді үнтаспадан
оқылады. Шарты - ертегінің атын табу және жалғастырып айту. 
Үшінші бөлімді «Кім ойшыл?» деп атауға болады. Кез-келген ертегіден 
үзінді оқылады. Сол ертегі кейіпкерлерін ретімен айту керек. 
Отбасында, ертегілер күнін белгілеп, сол күні әженің, не атаның ертектерін 
тыңдау немесе ертегі оқу, ертегілерді теледидардан көру, ертегі айтысу т.б. 
тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру қажет. Әсіресе, бұлдіршіндер мен 
балдырғандар, өрендер ертегілерді құмарта тыңдайды, үлкендердің ертегі 
айтып беруін өтінеді, ондайда баланың сағын сындырмай, бағын қайтармай, 
оларға ертегі айтып беруді үлкендер (әжелер, аталар, әкелер, аналар) 
борышым деп түсінуге міндетті. Халық ертегісі балалардың барлық 
ықыласымен сүйсіне тыңдайтыны, оның ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа 
айтылып, халықтың даналық, тапқыр ой-пікірлері жинақталып, әрі көркем, 
әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде. Басталған жерден ақ оқиғасы қызықты, 
ұшқыр қиялды болып келеді де, баланың ойын бірден қызықтырып, жетектеп 
әкетеді. Халық ертегілері ішінде балалар арасына кең тарағаны, әсіресе сүйіп 
тыңдайтыны хайуанаттар жайындағы ертегілер.
Хайуанаттар жайындағы ертегілердің қай түрін алсақ та балалардың 
ұғымына сай, түсінуіне жеңіл, күлкілі де қызықты болып айтылады. 
Ертегілерде балаларды қызықтырарлық және оларға ой саларлық сипаттар 
бар, яғни, олардың мінез өзгешіліктерін, сырт көріністерін, күн көрісін 
байқайды. Есіту арқылы олар енді тікелей білуге, зерттеуге құштарланады. 
Мысалы: «Түлкі мен тауық», «Түлкі, қойшы, аю», «Түлкі мен ешкі», «Түлкі 


124 
мен қарға», «Түлкі мен арыстан», «Түлкі мен қаз», «Түлкі мен құмыра» .т.б.
Мұнда балаларға үлгі, өнеге боларлық терең ойлар айтылған. Айлалы 
азғынның қолына түсіп, мерт болудан сақтандырудың жолдары көзделген. 
Әсіресе, қиын-қыстау кезеңде асып-саспауға, не нәрсені болса да алдымен 
ақылға салып шешуге үйретеді. Тапқырлыққа баулиды. Сондай-ақ, 
хайуанаттар жайындағы шағын ертегілер көбіне мектеп жасына дейінгі 
балаларды әсіресе, тапқырлық күлкілер мен қызықты жеңіл түйіндер мәз-
мейрам етеді. Олардың эстетикалық талғамын күшейтіп, сөйлеу 
мәдениеттілігін арттырады.
Отбасында, ертегілер күнін белгілеп, сол күні әженің, не атаның ертектерін 
тыңдау немесе ертегі оқу, ертегілерді теледидардан көру, ертегі айтысу т.б. 
тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру қажет. Әсіресе, бүлдіршіндер мен 
балдырғандар ертегілерді құмарта тыңдайды, үлкендердің ертегі айтып 
беруін өтінеді, ондайда баланың сағын сындырмай, бағын қайтармай, оларға 
ертегі айтып беруді үлкендер борышым деп түсінуге міндетті.
Балалар жыры - қазақтың халық педагогикасында балаларға арнап 
шығарылған арнау-тілек өлеңдері, сұрамақтар, төрт түлік туралы жырлар, 
тақпақтар ерекше орын алады. 
Халық педагогикасындағы балалардың бірден жадында қалатын қысқы-
қысқа тақпақтар, оларды тақпақ айтуға ынталан­дырады, еңбекке, 
адамгершілікке, Отанын сүюге, өнерге тәрбиелейді. Арнау-тілек өлеңдері, 
төрт түлік туралы жырлар, тақпақтарды, көбінесе, отбасында ата-аналар 
балаларына үйретіп, тәрбие ісіне ол жырларды пайдалана білуі керек. 
Балалар бақшасында төрт түлікке арналған ертеңгіліктерде, құстар күніне 
байланысты, өнерпаздар жарысында балалар жырларын жан-жақты 
пайдалана білу тәрбиешінің білімдарлығы мен жауапкершілік жігеріне 
байланысты. Көркем әдебиет шығармалары балалар алдына адамға тән 
сезімдер дүниесін ашып, жеке адамға, кейіпкердің жан дүниесіне 
қызығушылық тудырады және сөздік қорын байытады. Көркем шығарма 
кейіпкерлерімен бірге қуану-қайғыруды үйрене отырып, балалар өзінің 
төңірегіндегілердің, жақын адамдарының көңіл күйін байқай бастайды. 
Оларда адамгершілік сезім – қайырымдылық қасиет, әділетсіздікке қарсы 
тұру қабілеті ояна бастайды. Бұл – принципшілдік, адалдық, нағыз азаматтық 
қасиеттердің қалыптасу негізі.
Шығармадағы кейіпкерлердің ғажап іс-әрекеттері балдырғандарға қатты 
әсер етеді. Балалар естіген оқиғаларын ойнаған ойындарында, салған 
суреттерінде, саздан жасаған бейнелерінде көрсетеді. Кейіпкерлерге еліктеу 
олар үшін өмір шындығын сезініп, тану «мектебі» іспетті. Есейген сайын 
мектепке дейінгі балалардың сөздігі айналадағы заттарды түсіну негізінде 
молаяды. Балалар енді айтылған сөзді көбірек түсінеді. Оларды оқытуда 
ертегі, әңгіме, тақпақ, өлең белгілі орын алады. Баланың айтқан сөзді ұғынуы 
ой-түйсігінің дамуын ілгерілетеді, сөйлеу кезінде грамматикалық 
құрылымды ұғуды, байланыстырып сөйлеуді дамыту, ойша сөз құрауды 
қалыптастыру кез келген шығарма түрлерін түсінуге негіз болады. 


125 
Шығарманың образын сәбилерге дұрыс, нанымды етіп жеткізу үшін 
туындының идеясын дұрыс түсінуіне көмектесу мақсатында тәрбиеші-
педагог шығарманы мәнерлеп оқып беруі керек немесе нақышына келтіріп 
әңгімелеп беруге тиіс. Тәрбиеші шығарманың образды құрылымын аша білуі 
қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет