20
ширатып, жұмбақ айтысып, жұмбақты көп айта алғанға ұпай жинатып, не
сыйлық ұсынып, санамақтар айтып, оны шешуден мүдірмеген баланы
мадақтап, мақал-мәтел жаттаудан озған балаға құрмет көрсетіп, шешендік
сөздерді жаттатып, ұлттық дәстүрлерді талап ете білу керек», - дейді.
С.Қалиев өзінің «Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі»
атты еңбегінде ауыз әдебиеті үлгілеріндегі тәрбие бастауларын ашып
көрсеткен. Ғалым халықтың ғасырлар бойғы бай қазынасы ауыз әдебиетінің
үлгілері: «өлең-жыр, аңыз әңгімелер, мақал-мәтелдер, афоризм сөздер, ән-
күй, би музыкасы, зергерлік қолөнері, ұлттық ойын түрлері т.б. өнер
атаулының бәрін ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы етіп пайдаланғанын»
айта келе, халық педагогикасындағы тәрбие түрлері: тән және тазалық
тәрбиесі,
еңбек пен өнер тәрбиесі, ақыл-ой тәрбиесі, имандылық пен
адамгершілік тәрбиесі тұрғысында ауыз әдебиетінде көрініс тапқан тәрбие
негіздеріне талдау жасаған.
Сонымен, қазақ халық ауыз әдебиетінің мәселелерін әр қырынан
қарастырған ғылыми еңбектерге талдау жасай келгенде, бұл саладағы мәдени
асыл мұраларымыздың ертеден-ақ отандық та, шетелдік те ғалымдардың
назарына ілінгендігі байқалады. Ал алғашқы кезеңдегі зерттеулерде халық
ауыз әдебиеті
туралы тұжырымдар жинау, құрастыру, сипаттау бағытында
болса, кейініректе олардың халық өміріндегі орны, тәрбие жүйесіндегі
маңызы сөз болғанын көреміз. Кеңестік кезең саясаты тұсында да
фольклортанушы ғалымдардың бұл жанрды тереңдей зерделуі жалғасын
тауып отырған. Сондай-ақ олар қолда бар қазыналы мұралардың жанрлық,
тағылымдық, тілдік мәселелерін жіктеп айтуға ұмтылған.
2.
Достарыңызбен бөлісу: