1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


МұҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ ЗАҢ МӘРТЕБЕЛІ



Pdf көрінісі
бет186/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019
матем азайтуға
МұҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ ЗАҢ МӘРТЕБЕЛІ 
МАМАНДЫҚ МҮДДЕСІН КӨЗДЕЙДІ
Жумагалиева Райгуль Халиковна
№96 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
Алматы қаласы
 
Резюме:
В статье рассматривается проблемы Закона «О статусе педагога».
summary:
The article deals with the problems of the Law «On the status of the teacher».
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың дәстүрлі жолдауында 
Білім және ғылым министрлігіне «Педагог мәртебесі» 
туралы заң қабылдауды тапсырған еді. Елбасы Жолда-
уын орындау мақсатында ҚР БҒМ «Педагог мәртебесі 
туралы», оқушы және мұғалім жүктемесін азайту 
сұрақтары бойынша кейбір заңнамалық актілерге 
өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР 
Заңдарының жобаларын әзірлеуде. Осы заң жобаларын 
әзірлеу мақсатында жұмыс тобы құрылды. Бұл жұмыс 
тобы педагог мәртебесіне арналған заң жобасының 
шынайы, мәселені нақты қоя және шеше алатын 
педагогикалық өмірдің мәселелерін білетін ортада 
талқыланып, жүзеге асуына ықпал етеді. Осыған бай-
ланысты БАҚ беттірнде, әлеуметтік желілерде Мектеп, 
колледж, ЖОО педагогтарын, мемлекеттік органдар 
өкілдерін, ата-аналарды әзірленіп жатқан заң жоба-
ларын талқылауға шақырды. ҚР БҒМ барлық мүдделі 
азаматтар мен заңды тұлғалары осы талқылауға 
қатысты. Біз де өз тарапымызыдан осы Заңның дұрыс 
әзірленуіне, қазақ елінің барлық педагогтарының 
мәселелерінің оңтайлы шешілуіне мүмкіндігімізше өз 
үлесімізді қостық. 
«Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға 
тиіс: ол тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа 
да жығыла бермеуі керек. Өйткені аса қаталдық – 
шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне 
беру – қадірін кетіреді, берген білімі мен ғылымына 


218
шәкірті селқос қарайтын болады», ‒ деп ұстаздардың 
ұстазы Әбу Нәсір әл-Фараби айтқан екен. Қай заманда 
да қоғам ұстаз мәртебесіне селқос қарамаған. Өйткені 
ұстаз ұлды ғана емес, тұтастай ұлтты тәрбиелеуші. 
Бір айта кетерлігі, соңғы уақытта бала оқытып, педа-
гог болудан, кейінгі жас буын басын алып қашады. 
Өзі ұстаздан тәлім алса да, келешегін білім-ғылым 
саласымен байланыстырып елестете алмайтын-
дар қатары көбейгені сөзсіз. Неге? Ұлы ақын Абай 
Құнанбайұлының «Адамның адамгершілігі жақсы 
ұстаздан болады» деген сөзін бала кезден санамызға 
сіңірдік, енді балаларды да осы тұрғыда тәрбиелеп 
келеміз. 
Ал мұғалімдік еңбек өте күрделі – еңбек. Оның 
ерекшелігі, еңбегінің нәтижесі күнбе-күн неме-
се жылма-жыл көрінбеуі мүмкін. Осы жағдайды 
«Мұғалім мәртебесі туралы заңда» бір жүйеге келтіру 
керек.
Білім саласына қызмет етіп жүргеніме біраз жыл 
болғандықтан, бұл саланың қиыны мен қызығын 
бір адамдай білетіндіктен, өзімнің көңілге түйген 
ұсыныстарымды жеткізуді жөн көріп отырмын. 
Кез-келген мамандықтың мәртебесін көтеру сол 
мамандықта жұмыс жасап жатқан адамның еңбегін 
бағалаудан басталады деп ойлаймын.
Жоғары білім алып мұғалімдік еңбек жолын 
бастаған жас маман 21-22 жаста болады деп есепте-
сек зейнеткерлік жасқа жеткенше 40-тан астам жыл 
жұмыс жасайды екен. Осындай кезде мұғалімнің ұзақ 
жылғы еңбегін дұрыс бағалау керек сияқты.
Сондықтан:
– 35-тен жоғары жыл тұрақты білім саласында үзбей 
еңбек жасаған адамға «Білім саласына еңбегі сіңген 
ұстаз» төс белгісін беру;
– 30 жылдан жоғары еңбек етсе «Ы.Алтынсарин» 
атындағы төс белгісін беру;
– 25 жылдан жоғары еңбек етсе «Ұстаз даңқы» төс 
белгісін беру;
– Жақсы жұмыс жасап, жақсы нәтиже көрсеткен 
жастарды аудандық, облыстық, республикалық 
деңгейдегі марапатпен кезек күттірмей марапаттап, 
«Білім беру ісінің үздігі» төс белгісіне дейін беру
(Жас қой кейін алады деп шегеруге болмайды. Бізде 
ондай жағдай көп. Жастардың да еңбегін дер кезінде 
бағалау керек.)
– Бұрынғы 25 жылдық еңбек өтілмен зейнеткерлікке 
жіберуді қалпына келтіруді ұсынамын.
Жиырма бес жылдан артық тер төгіп еңбек ет-
кен мұғалім ақырындап елу жасқа аяқ басады. Жас 
кездегідей қарқын болмайды. Бірақ тәжірибе бар. Көп 
мұғалім жасы келген кезде: «Жас кезімізде істедік енді 
жастар істесін» дегенге сайдырады. Өйткені, еткен 
еңбек бағаланбады. Енді ақырын жүріп, зейнеткерлікке 
шықсақ болды дейді. Дәл осы кезде қолдау көрсетіп, 
көп жылдық еңбегін бағалап, еңбек өтіліне сай мара-
паттау жасаса, мұғалім де аянып қалмасы анық.
Ұзақ жылдар еңбек еткеннен кейін көп мұғалімдер 
денсаулықты жоғалтады. Әсіресе жүйке жүйесі то-
зады. Ұмытшақтық, ашуланшақтық, қалтырауықтық 
тағы басқа көптеген аурулардың нышаны пайда бола-
ды. Кей жағдайда оқушыларына күлкіге айналуы да 
кездеседі. Осындай кездерде көп нәрсеге жүйке жүйесі 
шыдас бермей қалатын, оқушыларына әртүрлі сөз ай-
тып қалуы, қатты ұрмаса да қол тиіп кетуі мүмкін. 
Соңғы кездерде мұндай оқиғалар жиі кездесе баста-
ды. Зейнеткерліке кетейін десе жасы жетпейді. Басқа 
жұмысқа ауысуға мүмкіндік жоқ. Жасы келіп қалған 
адамды кім жұмысқа ала қойсын. Дәл осы жағдай білім 
саласын бүгін үлкен тығыраққа тіреп тұр. Сондықтан 
бұдан шығатын жалғыз жол – 25 жылдан кейін 75 
пайыздық көрсеткішпен мұғалімдерді зейнеткерлікке 
жіберу. Жалпы мұғалімдерді 63 жасқа дейін ұстау 
дұрыс емес. 
Ауылдық жерде жұмыс жасайтын мұғалімдердің 
әлеуметтік жағдайына баса назар аударған дұрыс. 
Әртүрлі вариативтік сабақтарды жергілікті бюджетті 
үнемдеу мақсатында әкімдер төлемейді. Оны 
мұғалімдерге тегін үйретуге тапсырады. Тегін 
жұмысты мұғалім жүргізгісі келмейді. Сондықтан 
мектеп әкімшілігі өтірік құжат толтыруға барады.
Білім беру саласының бюджетін жергілікті 
әкімшілікке қарату – мұғалімдерді қосымша жұмысқа 
тартудың үлкен бір себебі. Біз ақша төлеп отырмыз 
деген желеумен мұғалімдерді қыспаққа алу, ақысыз 
демалысқа мәжбүрлеп өтініш жаздыру сияқты 
мұғалімге бағытталған жағымсыз көріністер бар.
Сондықтан мұғалімдерді әлеуметтік жағынан 
қорғауды жергілікті әкімшілікке тапсырмай тура 
мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру керек. Даулы 
сұрақтардың барлығын жан-жақты ойластырып заңда 
біріздендірсе, жақсы болар еді. Сонымен қатар Педа-
гог мәртебесін айқындайтын заңға енуі тиіс баптар 
ретінде мыналарды көрсеткім келеді:
1.Білім басқармаларын жергілікті әкімшіліктен ҚР 
Білім және ғылым Министрлігінің құзіретіне өткізу 
керек. Мектеп мұғалімдерін өз міндетіне жатпайтын 
жұмыстардан осы қадам ғана құтқара алады. Заң бабы-
на қосымша ретінде, «Мұғалім міндетіне жатпайтын 
жұмысқа жұмсаған адам қылмыскермен теңестіріліп, 
қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс» деп көрсету ке-
рек).
2.Мектеп мұғалімінің орташа жалақысы Парламент 
Мәжілісінің депутаты мен министрдің жалақысының 
кем дегенде 70 %-на тең болуы тиіс. Жалақының 
жоғары болуы мамандыққа деген бәсекені күшейтеді. 
Бәсеке болған жерде сапа болады.
3.Ер мұғалімдерді 55 жастан, әйел мұғалімдерді 50 
жастан зейнетке шығару керек.
5.Бюджеттен мектептерді жөндеуге бөлінген қаражат 
БАҚ бетінде жариялануы тиіс. 
– Заң жобасын дайындауға қатардағы мұғалімдер де 
тартылуы тиіс
– Заң жобасы БАҚ беттерінде ашық талқыға түсуі 
керек.
Мағжан Жұмабаев айтқандай, «Алты алаштың бала-
сы бас қосса, төр - мұғалімдікі» болатын заман туаты-
ны сөзсіз.
Педагог мәртебесі туралы заңмен қатар білім тура-
лы заңға, бала құқығы мен ата-ананың жауапкершілігі 
туралы да нормативті құжаттарға өзгеріс енгізілуі ке-
рек. Осы заң негізінде әркім өз жұмысын атқарса, онда 
тәртіп болады. Ал тәртіп болған жерде нәтиже болары 
анық. 
Педагог мәртебесін қарастырғанда өзге ел-


219
дер тәжірибесінен де үлгі алған дұрыс. Жапони-
яда ағарту саласы қызметкерлері туралы арнайы 
заң бар. Сол заңда мемлекеттік, префектуралық 
және муниципалдық білім беру мекемелеріндегі 
мұғалімдер мәртебесі мемлекеттік қызметкер деп 
белгіленген. Бірақ осы Алматыда, Абай атындағы 
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен 
мұғалім мәртебесін талқылау кезінде Э. Субханбер-
дина мұғалімдерді мемлекеттік қызметкер ретінде 
қарай алмаймыз. Себебі мемлекеттік қызметкерлер 
тек мемлекеттің ғана рұқсатымен шетелге шыға ала-
ды. Бұдан өзге де шектеулер болады. Сондықтан да 
біздің мұғалімдерге мемлекеттік қызметкер дәрежесін 
бере алмаймыз деген болатын. Білім беру саласы-
на жан-жақты дайындалған, білікті маманды тар-
ту үшін олардың жалақысы өзге қызметкерлерден 
жоғары болу керек. Дамыған елдердің көпшілігінде 
мұғалім жалақысы жоғары деңгейде. Финляндияда, 
Қытайдамемлекеттік қызметкер жалақысынан кем 
емес ақы алатындықтан, барын ұлты, мемлекеті үшін 
салатын мұғалімдер ұрпақ тәрбиесінде, білім беруде 
аянбай еңбек етеді. 
Уақыт дәлелдегендей, денсаулық пен білім мәселесі 
қай заманда да қажеттілігін жойған емес. Бірақ ұстаз 
орнын ешкім баса алмайды. Қай заманда болсын, әріп 
үйретіп, қолға қалам ұстататын жанның қажеттілігі 
жойылмақ емес. «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз 
‒ ұстаз тұл» деген тәмсіл мәні осыны аңғартады. 
Президент Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдау-
ында: «Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» 
заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын. Бұл 
құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер 
қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, 
жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен 
тыс функциялардан арашалауға тиіс», ‒ деді. 
Елбасының дәл осы қамқорлығы барша әріптестерімді 
қуантқаны сөзсіз. Осы арқылы көз ұшынан ғайып 
болып бара жатқан Ұстаз статусы жаңғырып, педа-
гог мәртебесі қалыптасады. Білім қызметкерлерінің 
I құрылтайында Елбасымыз: «Болашақта еңбек 
етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушыларын 
мұғалімдер қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде 
болады», ‒ деген еді. Ұстаз мәртебесін айқындайтын 
заң – болашақ жаңа Қазақстанның бейнесін 
қалыптастыруға септігін тигізеді деген ойдамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет