1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ЖАМБЫЛ ӨЛЕҢДЕРІН БАСТАУЫш СЫНЫП ОҚУЛЫҚТАРЫНА ЕНГІЗУ



Pdf көрінісі
бет189/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019
матем азайтуға
ЖАМБЫЛ ӨЛЕҢДЕРІН БАСТАУЫш СЫНЫП ОҚУЛЫҚТАРЫНА ЕНГІЗУ
Байкенова Назира Бериккановна
«Новотаубинка» мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы
Резюме:
В статье раскрывается роль творчества Жамбыла Жабаева и внедрение в учебниках начального клас-
са.
summary: 
The article reveals the role of creativity Zhambyl Zhabaeva and the introduction of primary school 
textbooks.
Жамбыл өлеңдері жоғары сыныпта молынан оқу 
бағдарламасына енгеніменен, бастауыш сынып-
та мүлде оқытылмайды десе де болады. Бұрынғы 
оқулықтарда Жамбыл өлеңдерінен бір-екеуі оқу 
бағдарламасында берілген болатын. Ал бүгінгі ба-
стауыш сынып оқулықтарында мүлде берілмейді. 
Қазақтың әлемге әйгілі, классик ақындарының көш 
басында Абай мен Жамбыл тұратыны барлығымызға 
да аян. Ендеше, Жамбыл өлеңдері бастауыш сынып 
бағдарламасына қайта еніп, оқытылу қажет деген ой 
білдіргіміз келеді. 
Осы зерттеу мақаламызда біз бастауыш сынып 
оқушысының қабылдауына лайықты өлеңдерін 
ұсынғымыз келеді. Жамбылдың бала кезінде жазылған 
«Шағым» деген өлеңін беруге бола қоймас. Себебі 
бұл өлеңі баланың қабылдауына жасына сәйкес 
емес деген ой айтамыз. Бір кездегі қоғам саясаына 
сәйкес келгенмен бұл өлең, тәрбие мәселесіне қайшы 
келеді деп санаймыз. Әрине, «Өлең кірген түсіне, 
Жөргегінде мен болам» деген жолдарды беріп, бала 
ойын қанаттандыруға болады. 
«Әкеме» деген өлеңінен: 
Батаңды маған бер, әке,
Тіліме менің ер, әке.
Жапаның ұлы ақын боп,
Жақсы істепті дер, әке!
Домбыра алып сөйлейін,
Күнде жасап мереке.
Мерекелі болған соң, 
Елде болар береке...
деген өлеңі – Жамбыл өмірінің бір көрінісі. Осы 
өлең – балаларды отбасыдағы әке мен бала арасындағы 
еркіндікті бейнелейтін, кеңдікті көрсетететін, қазіргі 
кішілік пен болашақтағы кісіліктің бет-бейнесін 
қалыптастыратын туынды. 
Оқушылардың білім деңгейі мен қабылдау 
ерекшелігіне байланысты мұғалім өзі жатқа әрі 
мәнерлеп оқу үлгісімен бала бойында ақын өлеңдерінде 
деген қызығушылықты оята алады.
Сол кезеңдегі өмірдің шынайы көрінісін сипаттай-
тын «Сараң бай мен жомарт кедей» атты өлеңін де 
3-4 сыныптардың оқулықтарынан көргіміз келеді. 
Бұл жастағы балалар бұл өлеңнің мәнісін ұға алатын 


224
дәрежеде. 
Малы көп бай жылайды қар жауғанда,
Бәрін тастар ниеті малға ауғанда.
Жерден алтын тапқандай кедейлер жүр,
Әйелі шелек толы сүт сауғанға.
Малы көп бай ертемен жейді қаймақ,
Қой шығарып, кедей жүр қозыны айдап.
Ең болмаса, айранға тойғызса деп,
Жатса, тұрса тілейді «а, құдайлап».
Сараң байдың үйіне қонақ келсе,
Қояды кәрі қойын ол ыңғайлап.
Кедей жомарт үйіне мейман келсе,
Жалғыз қойдың тұрады басын байлап [1]. 
Өлең-қоғамдық тұрмысты ең шоғырлы түрде бей-
нелеп беретін, терең идеялық мазмұнға, күшті де 
нақты сезімге, аса бай бейнелеу қуатына, жанды да 
бейнелі тілге, белгілі ұйқас пен ырғаққа ие ең ықшам 
әдеби форма. Демек, адам өмірінің қысқа да нұсқа 
көрсетілетін Жамбыл өлеңдерінде ықшамдылық пен 
нақтылық қатар өріліп беріліп отыр. 
Бай жалтаң, кедей қалтаң, халық дархан,
Көп жердің дәмін таттық сыбай-салтаң.
Елімнің азаматын таныс қылған,
От жырым, қызыл тілім, сенің арқаң!- 
деген жолдар бала қиялына қанат бітіріп, ертеңге 
жетелейтін өлеңдер қатарынан орын алады. Енде-
ше, бұл шумақ та бастауыш сынып бағдарламасынан 
көруге лайық төрттаған.
Жамбыл бабамыздың «Жылқышы» атты өлеңі 
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың замана шындығын 
бейнелейтін өлеңдерімен идеялас, сарындас. Мысалы 
Жамбыл атамыз:
Сары түнге сарылып, кірпік ілмей,
Салқын күзде бір жылы үйді білмей.
Сахарада салақтап күндіз-түні,
Бұралқы ит пен малшының сиқы бірдей.
Саяқ іздер саркемер, Сартауқұмнан,
Табылса деп, жонымыз бір тілінбей.
Байтал түгіл бас қайғы болып жүріп,
Қайтпекші едік, төсектен біз түңілмей!-
десе [1], Сұлтанмахмұт «Кедей» туындысында:
Күзгі түн, шөптің басын қырау көмген,
Ызғар шашып, бұлт мынау жерге төнген.
Қараңғы, итпен бірге қой күзетіп,
Мен ояу, ел ұйқыда, оттар сөнген.
Ұзақ түн, жолдасым жоқ иттен басқа,
Бүтін киім менде жоқ жаурамасқа,
Бір бүтін, кірсіз киім кигенім жоқ,
Туғаннан міне шықтым талай жасқа- деген жыр 
жолдарын төккен.. Бастауыш сынып оқушыларына 
екі өлеңнің мазмұнын, идеясын, тіпті қолданылған 
сөздерін салыстыру арқылы бейнелеу құралдарына 
назар аудартса да болады. 
Жыраулар сарынымен жазылған «Артықша туған 
азамат» толғауы өсіп келе жатқан бала үшін бағдаршам 
секілді болары сөзсіз.
Жігіттіктің кезінде,
Жігерлі болса, ер болар.
Тұрмаса жігіт сөзінде,
Нәсілі оның кем болар.
Қажырлы болса майданда
Халыққа сөзі ем болар.
Ел үшін туған ерлердің,
Алды-арты дария кең болар.
Бірлігі кетсе, ағайын,
Әркімдерге жем болар,
Білімсіз болса жолдасың,
Қылған қайырың сел болар.
Артықша туған азамат,
Халыққа үлкен бел болар [1].
Міне, байқап отырғанымыздай, Жамбыл өлеңдерін 
бастауыш сыныпта беруге болады, олардың беретін 
тәрбиесі, білімі өмірлік тәжірибе жинақтауға молынан 
жетеді. 
Өлеңде шындық өмір мен адамдардың көңіл-күй 
сезімі аса шоғырлы түрде жинақталып бейнеленеді.
Өлең аса күшті сезімге және мол көркемдеу амалына 
сүйеніп, өмірді жинақы да бейнелі бейнелейді, әсіресе, 
сезім өлеңнің жаны ретінде есептеледі. Сезімнен 
айырылған өлең өзінің өміршеңдік қуатынан да айыры-
лады. Өлеңдегі бейнелі ой басқа жанрларға қарағанда 
тіпті де күшті. Өлеңнің мазмұны шындық өмірдің 
өскелең дәрежедегі ықшам көрінісі болғандықтан, 
оның тілі ықшам, дәл, анық, бейнелеу қуаты күшті, 
өлеңдік бояуы қанық. 
Қазіргі таңда бастауыш сыныптарда Мұқағали мен 
Абай өлеңдерін мәнерлеп оқуға көп көңіл бөлінеді. 
Алайда Жамбыл өлеңдерін мәнерлеп оқыту жоқтың 
қасы. Жамбыл өмір сүрген дәуірді, сол кезеңдегі тари-
хи оқиғаны қысқаша сипаттау арқылы ақынның әрбір 
туындысының сол дәуірмен тығыз бірлікте екенін 
оқушылар санасына сіңіре береді. Мұның өзі әдебиетті 
тарихпен байланыстыру болып табылады.
Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жы-
рау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы 
биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзия-
ны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның 
тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге 
халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі 
болуымен, басқаша айтқанда, халық ақындарының 
жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған 
даралығымен де өлшенеді.
Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық 
поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ 
эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып 
импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға 
бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл – ізгілік 
жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына 
бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. 
Оқулықта жоқ құнды деректерді қосымша пайдалану 
мұғалімнің шеберлігі.
Жүз жыл өмір кешкен ақында неше жүз жылдар өнері 
мен шеберлігі түйіскен. Жамбыл ақындығын түсіну 
үшін, оның ауызша айтқыш, айтысқыштығын талдап 
ұғыну қажет. Халық бұл алуандас ақындарға "суы-
рыпсалма" ақын деп атақ берген. Қынаптан қылыш 
суырғандай жалт еткіш, отты, өткір өнерді айтқаны. 
Біз бұны ақпа ақын, төкпе ақын десек жарайды. Ша-
быты келген ақпа ақын бабындағы аш қыранға меңзес. 


225
Тұрпыдан томағасын тартқанда алғыр қыран бар өңірді 
сәтте көріп, шолып өтіп, қимыл еткен шөп басын, 
қыбыр еткен тышқан жүрісін, қылт етіп бұққан түлкі 
түгін лезде шалып қалғандай, айтыс ағымындағы ақпа 
ақын да сондайлық көмескіні көргіш, бұлдырды білгіш 
болған. Халық ақыны Жамбыл ел өнерінің бөлеуінде, 
алтын бесігінде өскен. Әсіресе, ел бұлағының қайнар 
бір көзінен, мөлдір бір тасқынынан туған. Осы орайда 
Жамбылдың алдындағы ақындарын, тұстас, тұрғылас 
ақындарын еске ала кету шарт. Алдыңғыдан Жамбылға 
ең жақын ақын Сүйінбай болса, ол туралы Жамбыл:
Менің пірім - Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сиынбай.
Сырлы сұлу сөздері,
Маған тартқан сыйындай.
Сүйінбай деп сөйлесем,
Сөз келеді бұрқырап,
Қара дауыл құйындай, - деген екен.
«Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан 
маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына 
беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» 
- деген еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл - жырдың то-
лассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Осы 
ұғымды оқушы санасына ұқтыру біздің парызымыз 
деп білемін. Ендеше, ақынның мерейтойына арналған 
конференцияда қабылданатын резолюцияға біздің 
айтқан ұсыныстарымыз ескеріледі деген сенімдеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет