245
сөйлемдер – 19,04 % - ды қамтиды. Ал, аз кездескен
5 сөзден тұратын жай сөйлемдер – 7,93%, 7 сөзден
тұратын жай сөйлемдер 3,17 %, 8 сөзден тұратын жай
сөйлемдер – 1,58 % - ды құрады. Бұл кестеден 5, 6,
7, 8 сөздерден тұратын жай сөйлемдер – 15,89 % - ды
құрайтыны көрінді. 1-сыныпқа арналған «Әліппе»
оқулығы мәтіндерінен алынған жай сөйлемдерді
лингвистикалық әдіспен зерттеу барысында орташа
ұзындығы 3,6 сөзден құралатыны анықталды.
1-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығы
мәтіндерінде 3 және 4 сөзден тұратын сөйлемдер
жиі кездеседі. Олар жалпы сөйлемнің – 70,2 % - ын
құрайды. Ең азы бір және тоғыз сөзден құралған сөйлем
болды, ол жалпы сөйлемдерге шаққандағы пайыздық
көрсеткіштері 1,06 % - ды көрсетті. Құрамындағы ең
көп сөз бар сөйлем (9сөз) 1 рет кездесті [2, 86-87 бб.].
Бұл нәтижелерге қарап, баланың оқудағы
жылдамдығы мен сөздердің мағынасын түсінуде
сөйлемдердің ұзындығы да маңызды екендігін біле
аламыз.
Баланың таным үдерістері ұлғайған сайын оның
сөйлеуге қажетсінетін сөздер саны да өсіп отырады.
Мұның өзі баланың психикасы мен сөздік қорының
арасындағы байланысты білдіреді. Сондықтан
оқушылардың сөздік қорын молайту жұмыстарында
сөздік қор мен психикалық қасиеттерінің арасындағы
қатыстар анықталды. Мәселен, сөздік қор мынадай
психикалық қасиеттермен байланысты: 1) сөздік қор
және ойлау; 2) сөздік қор және сөйлеу; 3) сөздік қор
және ұғым.
Игеруге тиісті материалдар мен оқу амал-
әрекеттерінің бірлігін қамтамасыз ететін ойлауды да-
мыту – тілді дамытудың негізгі шарты. Сондықтан
баланың сөздік қорының баюы да ойлау әрекетіне бай-
ланысты болады [1,11 б.]. Балабақшада тәрбиеленіп
жүрген бала үшін жазылған мына әңгімелерге назар
аударсақ:
Ірі құстар
Қаз бен күрке тауық
-Ірі құстар.
Олардың жұмыртқалары да үлкен.
Ақ тауық
Менің ақ тауығым бар. Мен тауығымды жақсы
көремін. Тауығыма жем шашып, су беремін.
Қызыл әтеш
Арманның қызыл әтеші бар. Ол қызыл түсті нәрсені
жек көреді.
Біз оны қызғаншақ әтеш дейміз.
Үйрек
Үйрек суда әдемі жүзеді. Ол балапандарын суда
жүзуге ерте үйретеді.
Ақ үйрек, қара үйрек, қоңыр үйрек, ала үйрек су
бетіне көрік береді.
Ауылда
Мен жазда ауылға бардым. Қос өркешті түйе көрдім.
Атамның жүйрік аты бар.
Атам қойға шөп салды. Әжем сиыр сауды. Мен
ешкіге су бердім
[4, 28-30, 42 бб.].
Негізгі мақсаты – танымдық деңгейін арттыру.
Сөздік қорын молайту болып табылады. Яғни мұнда
сөздік қормен қоса ұғым да қалыптасады. Кітапшада
әңгімелер буынға бөліп жазылған. Бала құстармен та-
ныса отырып, дұрыс буындап оқуды үйренеді.
«Балалар әдебиетіне, оның ішінде балабақша
тәрбиеленушілеріне арнап кітап жазу – оңай шаруа
қатарынан емес. Ересек адамдар тілінің ауырлығына
қарамай, игеріп, өз ойымен толықтырып кетеді емес
пе? Ал, санасы жетілмеген сәби үшін жеңіл еңбек
қажет. Себебі, оның санасын қалыптастыратын – біз.
Ыбырай Алтынсарин атамыздың әңгімесіндегідей,
шыбық-талды, күтіп-баптасаң ғана түзу бой түзейді.
Балаларға білім беруде, сөздерді өз тәжірибесінде
қолдана білуге жаттықтыру сөздің тіліміздегі қолдану
нормасына сай негізделеді. Тілдің ауыс мағынасы,
метонимия, метафора, синекдохалық, синонимдік,
омонимдік және антонимдік мәнде қолдану мен
бейнелегіштік (троптар), стильдік эксперимент талдау
т.б әдістері арқылы жүргізу тиімді болып табылады.
Тіл байлығын дамытуға байланысты жұмыстардың
формалары мен әдіс-тәсілдерін үш топқа бөліп
қарастыруға болады: 1) айнала қоршаған ортамен
таныстыру; 2) мүлде таныс емес немесе мағынасы
күңгірт сөздерді, сөз тіркестерді үйренуге ықыласын
аудару, жаңа сөздер және сөз тіркестерімен таныстыру;
3) білетін және игерген сөздері мен сөз тіркестерінің
қолданылуындағы стильдік реңдерін меңгерту [5, 18
б.]. тәрбиешілердің алдына қойылған үлкен міндет бо-
лып табылады.
Бала айналасындағы заттармен, ойыншықтармен,
туған-туыс бауырларымен, үй жануарларымен,
құстармен, жабайы аңдармен, құрал-жабдықтармен,
жол жүру ережелерімен, тамақтану әдебімен, жуынуға
керекті заттармен, бірте-бірте танысады. Өсе келе
үйренген, танып-білген түйсіктерін іс жүзінде пайда-
ланып, қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: