1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет205/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

summary:
The article is devoted to the formation of aesthetic education of students through the training of needlework 
at the lessons of artistic work. The role of the Kazakh national needlework art in the education of the individual has been 
studied.
Қазіргі кезде теориялық білім берумен қатар, сыни 
тұрғыдан ойлай алатын, шығармашылық жеке тұлға 
қалыптастыру - кез-келген ұстаздың міндеті. Еңбек 
сабағында қазақтың қолөнер бұйымдарын жасату 
арқылы, оқушылардың тұлғалық қасиеттері мен ұлттық 
болмысын, эстетикалық талғамын қалыптастыру оқу 
үдерісіндегі маңызды педагогикалық мәселе болып та-
былады
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, 
оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер 
процесі. Тұлға көптеген әлеуметтік тұрмыстық және 
моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге 
ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде 
дамудағы ең бастысы – оның бойында болып жатқан 
сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моральдық 
– жігерлік т. б.). Мінез – құлықтың реактивті фор-
малары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан 


248
іс - әрекеттілікке айналады, дербестік пен өз мінез 
– құлқын билей алу қабілеттілігі артады. Осы және 
басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму 
процесін сипаттайды [1,69]
Пендені екі қолды етіп ерекше жаратқандықтан,осы 
табиғи денелерді игеріп, өз қажеттеріне жарату 
адамның қолында еді. Сонау миллиондаған жылдар 
бұрын олар осы мүмкіндікті пайдаланып, сұлулыққа 
сұқтана, жаңа нәрселер ойлап шығаруға тырысады. 
Біртіндеп тастан, ағаштан, саз балшықтан, теріден, 
кейіннен темірден күнделікті тұрмысқа қажетті құрал 
– жабдықтарын жасап шығарған. Оған дәлел Қазақстан 
жерінде бұрын – соңды жүргізілген археологиялық 
зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі 
мәдениеттің үлгілері. Уақыт көшімен алға бір қадам 
баса отырып, ұсақ заттан ірі заттарға дейін ойлап 
шығаруға адамдардың мүмкіндіктері де, әрі логикала-
ры да жеткілікті еді. Бірте – бірте адамдар арасынан 
ата-бабалардан қалған қолөнерге мұрагерлік жасап, 
мал өнімдерін өңдеп, ағаштан түйін түйіп, металдан 
алуан түрлі бұйымдар даярлайтын, әр түрлі құрал – 
жабдықтар жасауға ептілері іріктеле бастады. Жалпақ 
тілде оларды шеберлер деуге болады [2,104]
Өз ұлтының өнерін білетін, әрі сүйетін оқушының 
бойында адам баласына тән ізгі қасиеттер, әсем 
мінез–құлықты қалыптасады. Адамның асыл, нәзік 
қасиеттерінің бірі эстетикалық сезімді оятып, өсіретін, 
эстетикалық талғам мен көзқарасты қалыптастырып, 
кісінің 
эстетикалық 
мәдениетін 
дамытатын, 
жетілдіретін факторлардың ішінде ең үлкен орын 
алатын, шешуші рөл атқаратын өнер екендігінде дау 
жоқ. Байқағанымыздай, өнердің эстетикалық тәрбиеде 
атқаратын қызметі баға жетпес.
Көптеген шетел ғалымдары қазақ ұлтының та-
рихын, тұрмыс – тіршілігін,киім үлгілерін әсіресе 
археологиялық бұйымдарын зерттеуге көңіл бөлген 
және қолөнер тарихы туралы аса құнды деректер жа-
зып қалдырды. Мәселен, А. Янушкевич, И. Ф. Руса-
нов, Н. М. Ядринцев, П. И. Лерх, Д. Львович, Э. Ю. 
Петри, М. И. Манаев, А. И. Якоби, Г. Н. Потанин сын-
ды ғалымдар. Әсіресе XVII – XIX ғасырдағы қазақ 
қолөнерінің гүлденіп, мазмұны байып, шарықтау 
шегіне жеткен шағы еді. Бұл жайында академик Ә. 
Марғұланның : «Қазақтар тек қолөнер әлемінде ғана 
өмір сүреті», - деген сөзі осының айғағы іспетті. Осы 
ғасырларда жұртшылықтың керек – жарақ мүлкі, үй 
жабдықтары, киім – кешек, әшекейлері ел байлығына 
айналды. «Алтын кемел белге сән, асыл жиһаз елге 
сән» деген халық нақылы осы кезеңнің көрінісің 
суреті тәріздес. Сірә, бұл кезде асыл тастарды қолдана 
бастаса керек [3,87]
Ғасырлар бойы әр түрлі қолөнер түрлері 
қалыптасады. XIX ғасырда және XX ғасырдың бас 
кезінде қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің 
сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, 
өрнек тоқу, киіз басу кең орын алды. Бұл кезде жас 
қыздарға арнап сәукеле, шашбау, білезік, сырға жа-
сап, оларды түрлі түсті өрнектермен әшекейлеу өнері 
де өрістей түсті. «Қарыс қазы балықта, қалың қазына 
халықта» деген мақал осы өнер молшылығынан 
туған десе де болады. Қазақ халқы үшін арулар әр 
кез ардақты болғандықтан, оларға арнап көптеген 
әшекейлі бұйымдар ойлап тауып отырған. 
Қазақ қолөнерінің «алтын кезеңі» өзге ұлт 
ғалымдарын да елең еткізбей қоймады. Орыстың 
атақты тарихшысы Я. К. Палтароцкая Алтай, 
Тарбағатай елді мекендерінде болып, аталмыш өнер 
саласына байланысты эерттеулер жазып, соның ішінде 
бас киімнің түрі сәукелеге арнайы тоқталады. Мұндай 
ғажап дүниені бұрын – соңды кездестірмегендігін ай-
тып, аса жоғары бағалайды. Сондай – ақ Г. Н. Пота-
нин, В. В. Стасов, Э. Масанов, Р. Ходжаев, И. Захарова 
еңбактері де зор үлес қосты. Тарих парағы әр салаға 
әсерін тигізбей өтуі, әрине мүмкін емес – ті. Бір кез-
дерде жалпы жұртшылық шұғылданатын қолөнер, 
1917 жылы төңкеріс қарсаңында дереу тежеді. Тіпті 
жаңа жағдайға байланысты тұрмыстағы сұранысын 
жойды деуге болады. Сол кезде әлсіреп кеткен бұл 
өнер түрі, әлі де әлсіз, өз мәнінен төмендеген. Оған се-
беп болып отырғаны тұтыныс бұйымдарынаң шеттен 
әкелінуі, техникалық құралдардың көмегімен жасалуы 
болып отыр. Бұның өзі еліміздің елеулі проблемасы 
деп айтуға тұрарлық. Қазір «қазақ қолөнер бұйымдары 
қолданыстан тыс» қалды деген сөздер де жиі айты-
лып жүр. Көкірегі ояу, көзі ашық ағайларымыз бұл зор 
проблеманың шешімін іздеп,өз ұсыныстарын білдіріп 
жүр. Солардың бірі ғылыми ізденуші Ісләмов Орал-
бек өзінің «Қазақ қолөнері қалай зерттелуде?» деген 
мақаласында қазақ қолөнерін қайта жаңғырту үшін 
мынадай жұмыстар ұйымдастырылған жөн деді.
1.Қазақ қолөнерінің XIX ғ соңындағы үлгілерін 
басшылыққа алып, XX ғасырдағы дәстүрлі 
сабақтастығын көрсету. Яғни ұлттық қолөнер 
мәдениетінің XIX ғасырдағы тарихи деректеріне 
сүйене отырып, оны этнографиялық деректерін
анықтау. Сол деректер арқылы қолөнердің XX 
ғасырдағы жалғастығын көрсету.
2. Осы айтылған сабақтастықты көрсете отырып қол 
кәсібінің дәстүрлі технологиясын тәжірибелік жұмыс 
барысында анықтау.
3.Қолөнер өнімдерінің қазақ мәдениеті тарихындағы 
орнын көрсету. XX ғасырдағы деректермен толықтыру, 
халық санасымен, тарихымен тығыз байланыстылығын 
нақтылау.
4. Қахақ қолөнер тарихын саралай отырып оның ұлт 
мәдениетіндегі орнын анықтау, соның ішінде қолөнер 
бұйымдарының даму дәстүрн тың деректерін көрсету.
5.Қолөнердің мал шаруашылығы өнімдеріне икем-
делген саласының өткені мен бүгінін салыстыра оты-
рып, көне техналогиясын айқындау.
6.Аймақтық 
салыстырмалы 
материалдарды 
қолданып, қазақтың жүн өнімдерін ұқсату мен 
пайдаланудағы ұқсастықтары мен ерекшеліктерін си-
паттау.
7.Әсіресе «жүн кәсібі» саласының қоршаған орта-
мен, ұлттық салт – дәстүрмен бірлікте дамитындығын 
дәлелдеу басты назарда болуы қажет [3, 97]
Еңбек сабағында теріден, ағаштан, темірден қолөнер 
бұйымдарын жасауды үйрету оқушыларды еңбекке 
баулуға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға ықпал 
етері сөзсіз. Еңбек сабағында оқушылармен бірлесе 
бірқатар қолөнер бұйымдарын жасауға болады. Бұл 
әрі еңбексүйгіштікке, әрі қолөнер түрлері мен тарихы 
бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыруға 


249
мүмкіндік береді. Мысалы, сабақта төмендегідей 
қарапайым ағаштан, теріден жасалатын бұйымдарды 
жасап үйретуге болады. Алдымен оқушыларға 
бұйымдарды жасауға қажетті материалдар табу (ескі 
тері, ағаш заттар немесе кепкен ағаш жинау), оларды 
өңдеу (жону, кесу, түрлеу, тазалау) және олар жайын-
да мәліметтер жинау (тарихы және қалай жасалатыны 
туралы оқып танысу) сияқты тапсырмалар беріледі.
Қазақ халқы теріден үй тұрмыс – тіршілігіне
шаруашылық қажетіне жарайтын ерлердің сыртқы 
киім – кешегі, ер- тұрман, қамыт – сайман, айал - 
әбзелдерін, азық түлік салатын қаптарды, сұйық су-
сын сақтайтын ыдыстарды жасаған. Әсіресе көнек, 
торсықтар өзіне лайық үлгілермен безендірілген. 
Теріге басылатын күрделі оюлар өсімдік тектес алу-
ан түрлі де, не ыдыстың түріне қарай тұйықталған 
шағын да болып келеді. Көннен көнек жасау, жабдық 
жасау, даярлауда үлкен табысқа жетіп, көркемөнерге 
бірсыпыра үлес қосқан Талдықорған обылысының 
шеберлерін айырықша атауға болады. Ертедегі халық 
дәстүрінің кейбір бөлшегі бүгінде басқа мазұмында 
жүзеге асып отыр. 
Кебеженің әлдеқайда үлкен түрі абажа деп аталады. 
Абажаға ыдыс-аяқтар мен азық-түлік сақтаған. Кебеже 
қарын, кең құрсақ (семіз, денелі кісі туралы айтылады), 
кебеже қарын шұбар төс (би, болыс деген мағынада) 
т.б. Қазақ шеберлері жасаған сандықтың қол сандық, 
әбдіре сандық (үлкен сандық), шай сандық, тай сандық 
(үлкен сандық), ақ сандық, алтын сандық, күміс 
сандық, кеусандық (киім-кешек салатын үлкен сандық) 
т.б. атаулар олардың әртүрлі көлемде әшекейленіп жа-
салатын бұйым екенін аңғартады. Сандық атауының 
қатысуымен жасалған тұрақты тіркестер: сандық 
тас (үсті тегіс, текшеленіп біткен тас), ақ сандық, ақ 
сандықтың ішінде көк сандық (бірінің ішінде бірі, түбі 
жоқ), кеудесі алтын сандық(шежіреге бай, көп білетін) 
т.б.
Ағаш шеберлері ағаштан ойып, қымызға арналған 
ожау, тегене, саптыаяқ, зерен, күбі, табақ, астаулар 
(ет салатын ағаш ыдыс), сонымен бірге бидай, тары 
түйетін келі мен олардың қажетті бөлшектері келсап, 
піспек сияқты бұйымдарды өз жерімізде өсетін ағаш 
түрлерінен ұқсатып жасай білген.
Сыйымдылығы мол, 10-15 литршамасында қымыз 
құйылатын, оны ожаумен сапырып отыруға арналған 
шұңғыл ағаш ыдыс – тегене деп аталатын бұйым 
күмістелген темір әшекейлермен, асыл тастармен 
безендіріліп те жасалған. Күбіде немесе сабада әбден 
пісілген қымыз алдымен осындай кең де шұңғыл 
ыдысқа құйылып, одан әрі аяқтарға құйылып тараты-
латын болған. Әсіресе көпшілік болған жерде осындай 
жұмысты атқарушыны аяқшы деген. 
Ағаштың безінен шауып жасалған сабы бар, 
бақыраш тәрізді шұңғыл ыдыс саптыаяқ деп аталады. 
Саптыаяқ жасауға ыстық-суыққа төзімді, үйілі (кейде 
оны «безі» деп те атайды) берік қайың, қарағаш, үйеңкі 
сияқты ағаш түрі таңдалады. Алдымен, таңдап алған 
ағашты тұзды суға қайнатып, сәл дегдіген соң кептіріп, 
маймен ысқылайды, ысқылаған сайын ағаштың табиғи 
өрнегі ашылып, сәнді бола түседі. Көшпелі тұрмыста 
саптыаяқты ер адамдар әрдайым өзімен бірге беліне 
қыстырып, я болмаса аттың еріне байлап алып жүрген. 
Мәселен, малшылар саптыаяққа қой, ешкінің сүтін 
сауып, қыздырылған бірнеше малта тасты салып 
жіберіп, сүтті тез арада пісіріп алған. Бұл бар болғаны 
10-20 минут уақытты алған. Қазақ халқында «сүт 
пісірім уақыт» деген өлшем осыдан туса керек [4, 48].
Саптыаяқтың шөміші мен сабы бүтін ағаштан 
тұтастай ойылып, сабына өрнек түсіріледі, сабының 
кейін қайырылған екі тұсында жіп өткізетін саңылау 
қалдырылады. Кейде оған қосымша сап жасап, оны 
шөмішпен бірге ойылған қысқа сапқа кіріктіріп, 
желіммен жапсырып, жігі білінбестей етіп өңдеп 
қояды. Саптыаяқтың шөмішінің бір шетінен 
үшбұрыштап ойып, шүмек қалдырады.
Қазақ қолөнерінің белгілі бір түрімен немесе бірнеше 
түрімен қатар айналысқан шеберлерді ұста деп атай 
берген. Ұсталар, негізінде, ағашпен, темірмен, ішінара 
таспен жұмыс істеген. Соған байланысты ел ішінде 
оларды ағаш ұстасы, темір ұстасы деп атаған. Темір 
өңдеп, зат жасайтын шеберлерді қара ұста, ал, алтын-
күміспен, асыл тастармен жұмыс істейтін шеберлерді 
ақ ұста деп ажыратып айту да болған.
Оқушының жас ерекшеліктері мен қабілеттерін және 
ауыл жағдайында техникалық мүмкіндіктерді ескере 
отырып, жоғарыда аталған қолөнер бұйымдарының 
қарапайым түрлерінің жасату арқылы, оқушыларды 
ұлттық өнерді сүюге, эстетикалық талғамын 
қалыптастыруға және еңбекке баулуға өз үлесін қосу, 
әрбір көркем еңбек пәнінің мұғалімінің басты міндеті 
деп санаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет