35
ретінде жұмсалады.
Метафоралау - сөзжасамдық үлгілер тә- різді
лексикалық қорды толтырушы әдіс. Бірақ ол
сөзжасамдық үлгі сияқты айқын да қарапайым емес.
Метафора - таныммен байланысты күрделі құбылыс.
Тура мағыналы сөздерді бейнелі қолдану, олардың
мағыналық, қолданыстық өрісіндегі бір белгілерді атау
беруші нысан бейнесімен ұқсату, теңестіру арқылы
атау жасауда адамның ассоциациялы ойлауы басты
қызмет атқарады.
Ассоциация психологтардың тұжырымдамасында
ойлау үрдісінің ажырамас бір бөлігі ретінде танылады.
Қоршаған орта заттары мен құбылыстарысанада өзара
байланыстылығымен сақталады. Осы байланыстар
негізінде ұқсастықтар мен өзгешеліктер айқындалады.
Ассоциациялы ойлау да жалпы ойлау үрдісінің бір
түрі ретінде анализ, синтез және жалпылаудан тұрады.
Анализ - бұл нысанның белгілі бір қасиетін, элементін,
сипатын бөлшектеп айқындау әрекеті деп танылады.
Яғни анализде бір заттың белгілі бір қасиеті маңызды
болып, ол алғы шепке тартылады. Ал синтезде эле-
менттер бір ортақ белгілерімен біріктіріледі. Психо-
логияда анализ бен синтез ойлауда бір-бірімен байла-
ныста әрекет етеді. Әсіресе, ұқсатуда санада алдымен
синтездеу, яғни белгілі бір нысандарды бірқатарда
қабылдау болады, сонан соң анализ, яғни салысты-
ра отырып олардың ортақ немесе ерекше қасиеттері
айқындалады. Бұл салыстыру жалпылауға әкеледі. Ал
жалпылау олардың ұқсас белгілеріне немесе ерекше
белгілеріне қарай жүргізілуі мүмкін. Мысалы, гүлдерді
түсіне қарай ортақ бір топқа біріктіруіміз мүмкін.
Осындай біріктіру терең анализ емес үстірт анализдің
нәтижесі болғандықтан ешқандай құндылығы бол-
майды. Метафоралану ұқсату заңдылығы арқылы
жүзеге асырылатыны туралы ғалымдар пікірі бір жер-
ден шығады. Тек ұқсастықтың сипаты біркелкі бола
бермейтіні туралы да ғылыми еңбектерде ескеріледі.
Ұқсастық заңдылығы метафоралауда қалай көрінеді,
атау жасауда ұқсастық қалай назарға ілігеді деген
сұрақтар туады. Сөзқосым атауларының семанти-
касын қарастырғанда олардың барлығында ұқсату
айқын көріне бермейді. Дегенмен, ұқсату, яғни ана-
логия метафораланудағы баст психологиялық әрекет
ретінде танылады
Тілдік алғышарттар тілдің таңбалық сипатының
бейнелілік тудырудағы маңызына байланысты. Яғни,
тілдегі тура мағыналы атаудың сыртқы таңбалық, ішкі
мағыналық құрылымы негізінде ауыспалы мағына ту-
ындайды. Әрине, бұл алғышарттар сөз мағынасының
дамуы сияқты күрделі мәселені жан-жақты сипат-
тап бере алмайды. Ауыспалы мағынаны тура мағына
негізінде туындайды деген қарапайым қағидамен
түсіндіру жеткіліксіз.
Ю.Н.Караулов
тілдік
бірліктердің
мағына
өзгерістігін тұрпат (форма), мазмұн және қолданылым
үштігінде түсіндіруде кезігетін кедергілердің себебін:
«Біріншіден, сөздің тұрпатының материалдық жағын
ғана қабылдау, яғни сөзді графикалық және дыбыстық
кешен ретінде ғана тану. Екіншіден, мағынаның
функционалдық сипатына назар аудармау. үшіншіден,
сөзді морфологиялық, синтаксистік және лексикалық
тұрғыда
бірлік
ретінде
қарастырмаудан»-деп
түсіндіреді [6, 78]
Достарыңызбен бөлісу: