178
береді» деп қара сөзінің 7 қосымша мағынасын
көрсеткен.
Олар: 1) үл¬кен, ірі, көп: қара мал, қара орман;
2) бас¬¬ты, ұлы, құдіретті, қуатты: қара теңіз «ұлы
теңіз»;
3) күшті: қара жел «күшті жел», моңғ.: хара бороо
(күшті жаңбыр);
4) таза: қырғ. қара шамал «жауын-шашын¬сыз жел»
(таза); қара суық;
5) құрлық, жер: қара құм;
6) солтүстік, аспанның солтүстік жағы: қарақытай
(Қытай халқы Тянь-Шань тауының солтүстік жағында
орна¬ласқандықтан солай аталады);
7) мал, көп¬шілік: ірі қара мал «сиыр»
Жоғарыдағы қара сөзінің көрсетілген бірінші
«үлкен» мағыналық реңкі қара шаңырақ тіркесінің
мағынасын ашады. Қара шаңырақ, яғни «үлкен
шаңырақ», «үлкен үй» дегенді білдіреді. Үлкен үй деп
– атадан балаға мирас болып келе жатқан үйді айтады.
Әдетте, әрбір ата-ана балаларының біреуін (көбінесе,
кіші ұлын) «Өскенде қарашаңырақ иесі сен боласың»
деп бала күнінен құлағына құйып өсіреді. Бұл – қазақ
халқының ертеден келе жатқан әдет-ғұрпы.
Шаңырақ көтеру – өз алдына үй болу, үй¬лену де-
ген мағынаны білдіретін тұрақ¬ты тіркес. Көп ұзамай
Мариямға үйле¬ніп, шаңырақ көтерді («Мәдениет
және тұрмыс»).Шаңырағың биік болсын! – екі жас
үйленіп, отбасын құрғанда айтылатын тілек сөз. Бұл
тілектің мағынасы – екі жасқа дәулетті өмір тілеу. Со-
нау заманда көп қанатты, биік шаңырақты киіз үйді
дәулеті бар байлар ғана тіккен. 14-30 қанатты үйлердің
әлбетте, шаңырағы биік болып тігіледі. Ондай көп
қанатты үйлердің шаңырағын аттылы адам көтеретін
болған. Мұндай үйді қазақ күнделікті күйбің тіршілікте
тікпеген. Үлкен тойларда, көпшілік болатын жиындар-
да тігілген. Онда ет асылып, қымыз сапырылып, асқа
толы дастарқан жайылып жатады. Міне, «шаңырағың
биік болсын» деген тілек арқылы дана қазақ екі жасқа
байлықты, молшылықты тілеген.
Шаңырақ – көк әлемінің символы. Қазақ ара-
сында сақталған мифтік ұғым бойынша, ғалам жазық
кеңістікте төрт тарапқа, тік кеңістікте төрт тарапқа,
тік кеңістікте үш әлемге (төменгі әлем-жер асты,
ортаңғы әлем-жер беті, жоғарғы әлем-шексіз аспан)
бөлінген. Әдетте, көк әлемі дегенде ең алдымен көк
аспан мен Күн ойға оралады, яңғни шаңырақ әрі көк
күмбезінің әрі күннің символы болып табылады. Көк
күмбезі мен күннің кішірейтілген мәдени нысандағы
бейнесі-шаңырақ (оның шеңбер және күмбез пішіні)
мәңгілік өмірді, жалғастықты, мейірім-шапағатты
танытады. Адамның денеден бөлініп шыққан жаны
да мәңгілікке шаңырақ арқылы ұшып кетеді. Кейбір
байырғы сәулет-құрылыс кешендерінің күмбезіндегі
шеңбер бейнесіндегі ойық пен арба доңғалағын бекітіп
қою ғұрпын осындай семиотикалық табиғатымен
ұштастыруға болады.
Шаңырақ - мемлекеттің, жанұяның бастапқы сим-
волы. Шаңырақ – күн дөңгелегі. Ол айналып жүрген
күннің, ал оның уықтары сәулеге ұқсас динамикалық
суреті, шаңырақ күн қозғалысын көрсететін дала
сағаты. Шаңырақ - отбасының, одан да асыра
алғанда бүкіл адамзат ұясының нышаны. "Шаңырақ"
ұғымының әлеуметтік мәні зор. Қазіргі заман-
да Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып, әлемнің ең
дамыған елдерінің қатарына еніп, бәсекеге қабілетті
ел болу идеясы ұсынылуда. Әзірше әлемнің алпау-
ыт мемлекеттерімен дұрыс саясат жүргізіп, қарым-
қатынастар орнатумен қатар, өз тәуелсіздігін қорғап
қала алатындай деңгейге көтерілу керек. Ондай мемле-
кет болу үшін билік өкілдері ішкі саясатқа көңіл бөліп,
халықтың әл-ауқатын жақсартуға үлес қосулары тиіс.
Филологиялық тұрғыдан алғанда аталған идеяларға
негіз болатын дәйек жетерлік. Түркі халықтарының
сөздік қорындағы атаулар мен тіркестер, фразеологизм-
дер мен мақал-мәтелдер, антропонимдер мен қанатты
сөздердің бәрі де тек коммуникация құралы емес,
халқымыздың бай ауыз әдебиеті мен жыраулар поэзия-
сы, аңыз-әпсаналары мен ертегілері жай ғана мұра емес,
ұлт туралы ақпарат жинақталған сыры мол ақпараттық
код, сырлы қазына. Себебі аталған әдеби мұралар мен
тіліміздегі сөздер мен әртүрлі қолданыстар халық та-
рихы мен оның басынан өткізген әртүрлі қоғамдық-
әлеуметтік құбылыстар сияқты тілде өз таңбасын
қалдырып отырады. Сондықтан да лингвистика
ғылымындағы антропоөзектік парадигмаға сәйкес,
тілді тек лингвистика ғылымының аясында емес, тари-
хи, мәдени, әлеуметттік, қоғамдық, психологиялық т.т.
аспектілермен байланыста зерттеу қолға алына баста-
ды. Соған сәйкес, тілдік бірліктер мен әдеби мұраны
тек филология ғылымының емес, мәдениеттану, елта-
ну, әлеуметтану т.б. ғылымдар тоғысында зерттеудің
өзектілігі арта түсті. Осыған орай, ұлт санасының
тереңде жатқан менталдық құрылымдары мен ұлтқа,
адамзатқа тән адами құндылықтар жүйесінде өзіндік
орны бар тұжырымдамаларды айқындау – кезек
күттірмейтін мәселе. Осындай тұжырымдамалардың
бірі ретінде «Шаңырақ» ұғымы көшпелі халықтар,
соның ішінде қазақ халқы үшін де, қазақстандықтар
үшін де айырықша символдық мәнге ие.
Достарыңызбен бөлісу: