68
сол үшін қазір перзент сүю үшін көп отбасылар екі
жаққа
тарап кетіп жатады, немесе медицинаның
көмегіне сүйенеді. Медициналық көмек дегеніміз, ол
– суррогаттық жолмен перзент сүю.
Бұл әңгіме аталмыш 90-жылдардағы, яғни хикаятта
бейнелегендей «Аузын айға білеген Одақ тарап, жас
мемлекет тәуелсіздікке енді жетіп жатқан замандағы»
болған. Автор бұл шығарманы Қазақстандағы «Эко-
мед» орталығының негізін қалаушылар Батыр
Қаратайұлы Бекмусаев пен Салтанат Берденқызы
Байқошқароваға арнаған.
Оқиғаның басты кейіпкерлері – Мақсұт пен Жария
есімді жас жұбайлар. Олардың қос перзенті біресе
қалада,
біресе далада болса, отағасы Мақсұттың
жұмысы күрделі де, мардымсыз іске айналғандай.
Ал Жария – қолында дипломы бар болса да, үй
шаруасындағы әйел. Бірақ, оған да жұмысқа шығуына
тура келеді. Себебі, Кеңес Одағы тараған соң жас
мемлекетте бірнеше жақсы жағдайлар азая бастаған
еді, тіпті, егемендіктің алғашқы жылдарындағы
ұрлық-қарлық,
тауарлардың аздығы мен жоқтығы,
жұмыссыздықтың белең алуы, үкімет жасайтын
жағдайлардың азаюы қатты белең алған болатын. Жа-
рия мен Мақсұттың да өмір сүріп жатқан отауы – 3
бөлмелі ғана шағын жатақ еді, енді үкімет өзі сыйлаған
жатақты өздері бұзбақшы. Енді қайтпек? Кезекпен
берілетін үйден де үміттерін үзулеріне тура келді...
Жарияның досы, шетелге жиі шығып, алып құспен
мұхит асып жүрген Шара әңгімелерінің бірінде
байлардың қолынан бала жасау келмейтінін айтқан
болатын. Хан сарайындай үйлерінде – сәбидің күлкісі,
баланың жүгірісі, перзенттің құшағы сезілмейтін бай-
лар «Экомед» көмектесетінін айтып қалды. «Біреуге
мал қайғы, біреуге жан қайғы» деген қазақ тәмсіліне
дәйек болған байлар мен орта отбасылардың тұрмысы
заманның
заманасын білдіріп, әңгімеге арқау болып
отыр.
Суррогат ана – қазақшасы құрсақ ана. XX ғасырдың
соңғы онжылдығында-ақ әлемнің 2 миллионы
осы бір ғылыми көмекке жүгінген. Сол уақыттағы
Шара дәйектеген статистика бойынша, еліміздегі
отбасылардың 15 пайызы
балалы болуға қабілетсіз,
30 пайыз отбасының репродуктивтік технология
бойынша емделуі қажет болған. Жаңа дәуір туып
жатқан уақытта-ақ Денеден тыс ұрықтандыру (ДТҰ)
орталықтардың қызметіне жүгінетіндердің 90 пай-
ызы өзіміздің қазақтың қаракөздері болған екен.
Тіпті балаға тапсырыс беретіндер мен баланы туып
беретін құрсақ аналардың тізімі жасалатынын, тіпті
сперматазоидтері жоқ күйеуі бар әйелдердің жұмыртқа
клеткасына донор еркектердің
жұмыртқа клеткасын
қосып та ұрықтандыратынын, арнайы эмбриондардың
доноры деген тізім барлығын айтып та қалдырған еді.
«Экомед» мамандарының мәлімдеуінше, қазір қолдан
ұрықтандыру әдісінің ақысы орташа есеппен 2 мың
АҚШ долларын құраған (90-жылдардағы Шара айтқан
мәлімет).
Оқиға желісі бойынша, Жария мұндай медициналық
әрі ғылыми әдісті Мақсұтқа (күйеуі) айтты, ал күйеуі
«жоқшылықтан әйелінің саушылығын саудаға салып
тұрғандай ары буындырды». Алайда, «бала сүйе ал-
май жүрген отбасыларды бақытқа бөлесек, қанеки»
деген позитивті ой оны келістірді. Нәрестенің старты
басталды!..
Тоғыз айдан соң клиент Жарияның дүниеге әкелген
баласын қолына алды!..
Хикаяттан шығар қорытынды – ана жүрегі ешбір
заманның заманасына қарамайды. Клиент өз бала-
сын алып Ақмолаға (Астанаға) көшті, ал Жария өз
пәтерінің
кілтін алып, өмірін жалғастырды.Қазақ
халқында заманның кейбір ғылыми жаңалықтары –
«сұмдықпен» тең. Бірақ, оның білдей бір отбасының
шаңырағына бақыт нұрын сыйлайтынын Сәуле
Мағазбекқызының хикаясы дәлелдеп бергендей!
«Балалы үй – базар, баласыз үй – қу ма-
зар».
Пайдаланылған әдебиет:
Сәуле Досжан «Үлкен үйдегі үрей» кітабы. –Алма-
ты: Жазушы, 2013.
Достарыңызбен бөлісу: