81
ертедегі мағынасы «адам/әскер» деген ұғымнан
алатындығын А. Махмұтов көрсеткен [8, 28-29]. Осы
күнде дербес мағыналы аң сөзінің көне праформсы
«ан», шумерлер «ан» деп аспанды да атаған. Осыған
байланысты, көне «ан» түбірімен ертедегі түркілер
бірнеше обьектіні көрсетіп отырғаны байқалады.
Түбір тарихи аспектіде әр кезеңдік даму, өзгеру жолы-
нан өтіп әлем тілдерінің барлығында дерлік кездесетін
тұлғалар қалыптастырған. Ең белсенді қолданылған
түркі тілдерінде, одан фин-угор, герман, англо-
саксондық тілдер тобында. Осы көне «ан» түбірінің
басқа мағыналарды беруімен қатар, ең негізгісі «адам»
деген ұғымды білдіретіндігінде. Мәселен, адамның
шығу тегін, өзегін зерттейтін ғылым саласының атауы:
«антропология» (грекше antropos – адам) терминінің
жасалуына негіз болған көне «ан» түбірі екені көрініп
тұр. Қазақ тілінде бұрмаланып ағылшын деп атала-
тын этнонимнің негізгі тұлғасы «ан» түбірінен келетін
«англичанин» болып айтылады. Енглич (English) деп
ағылшын тіліндегі айтылуы этнонимнің аллоэтноним
екенін аңғартады. Ен моносилабы көне түркі тілінде
«кеңістік» дегенді білдірген. Бұндай мағынасы бүгінгі
угор тілінде сақталған [9, 253]. Қазақ тілінде «ен» деп
бір нәрсені ені, көлемі, шегі деген сипатын танытады.
«Ан» және «ен» түбірлерінің шығу өзегі бір, тек даму
барысында семантикалары екіге ажыраған. Сонымен,
«ан» түбірінің бастапқы мағыналарын екі лексикалық
қатарға тізбектейміз: бірншісіне, «адам» ұғымын
беретін көне мағынасы, әуелдегі антропоөзектік
ұғымы көмескіде қалып қалғандықтан бұл жағын
әлі де зерттеуді талап етеді. Екіншіге, түркілік «көк»
концептісіне кіретін «аспан», «кеңістік» мағыналары.
«Ан» түбірі бүгінде синкретті түбірлер қатарына
жатады. Мысалы, аңдау, аңғал, аңқау, аңыз, анайы,
ант, анық, анау, мында (ұйғыр тілінде: мана), бұлар
«ан» түбіріне көптеген сөзжасам модельдері арқылы
жасалған екі буынды түбірлер тілдік қолданыста жүр.
Ман элементіндегі «ан» түбірінің алдына жалғанған
«ма» түбірі – бұл да көне түбірлер қатарына жата-
ды. Түбір тұлғасын тілімізде қалыптастырған бір
буынды моносиллабтарынан қараймыз. Олар сана-
улы ғана: мас, мал, май. Қазіргі кездегі лексикалық
этабында жеке тұрып (мә!) одағай сипатты етістік
қызметін атқарса, белгілі бір сөзге, сөйлемге сұраулық
мағынаны туғызатын мәнге ие. Екібуынды «мама» сөзі
көне түбірдің екі рет қайталанып жасалуынан есім
тұлғалы мағынаға қол жеткізген. Бұл сөз ешқандай
орыс-славияндық сөзге жатпайды. Төл түркілік
«баба» сөзінің дыбыстық б/м құбылысынан өрбіген.
«Баба» сөзі бүгінде оғыз-қарлұқ тілдер тобында актив
қолданылады.
Баба сөзі ата тектік ұғымды берсе, оны фонетикалық
сәйкестікті мама сөзі ана тектік ұғымды береді. Мама
сөзі мен ана сөзі м/н аллофондық заңдылықпен бір
түбірден өрістеген тұлғалар екенін ап-анық аңғаруға
болады. Сонымен қатар, орыс тіліндегі «мать» сөзі
түбірдің өзегі ана текті мәнді беретіндігін аңғаруға
болады. Қытай тілінде ана деген сөз тек «ма» деп
қана айтылады. Ал, манжур тілінде «маа, майа» де-
ген ана дегенді білдіреді. Бұл түбірді толық тану үшін
дәлелдер жеткіліксіз, дегенмен көне «ма» түбірінің
ана текке қаратыла жұмсалатын есім сипаты бар
антропоөзектік ұғым екені танылып тұр. Тілімізде
қолданыста жүрген «маман» (профессия) сөзі тек
адамға ғана қатысты жұмсалып, антропоөзектілік
бүтін семантиканы береді. Себебі, екі буынды «ма-
ман ˃ ма+ман» түбір тұлғасында ман компонентінің
мәні айрықша танылып өзіндегі «ма» түбірін тағы бір
рет алдына жалғау арқылы «адам/тұлға» мағынасына
«бір нәрсені іске асыратын, іс жасайтын обьекті»
ұғымды кіргізген. Сосын, бастапқы ман элементіне
жанасқан семантиканың мәнін тұлға өне бойындағы
антропонимдік «адам,кісі» ұғымының айналасына
жинап, ұғым-семантиканы бүтіндей терминдендірген.
Яғни, кісі ұғымының өзегіне қатысты «іскерлік, іс жа-
саушы» семантикасын бір тұлғамен жеткізген. «Ма-
ман» деп тек адамға ғана айтылатыны белгілі. Бұл
сөздегі ман (адам, кісі) сөзінің семантикалық қуаты
жоғары дәрежеде қызмет атқарып тұр. Тек оны, толық
байқап тағы да этимологиялық сырын аша түсу керек.
«Ма» түбірі өлі түбір болғандықтан көп ештеңе айта
алмаймыз. Негізі ең ертеде «ма» аналық тек мәнді,
«ан» түбірі аталық тек мәнді танытатын мағыналар
болуы мүмкін. Өйткені тарихи әдеби тілімізде бар Ай-
ман, Манас сөздерінің жұмсалу бағыттарының осын-
дай тек мән тұрғысынан бөлек екенін білеміз.
Тарихи әдеби тілімізде бағзыдан жеткен Манас
антропонимінің «ман+ас» екі компонентті көне
түбірлердің бірігуінен жасалған. Ман – адам, ас – көне
түркі тілінде «жоғары, биік» дегенді білдіреді [10, 24].
Мысалға, ас түбірінің ұғымын өзінің лексикалық этап-
тарында қалыптастырған ек буынды асқар, асқақ, аспан
сөздерінің семантикасынан танимыз. Ман түбірімен
келетін мандат, манап, манат, мансап, мандыма,
маңғаз, манды т.б сөздерді лексикалық қорымыздан
көптеп кездестіреміз. Бұлардың этимологиялық сы-
рын ашып, салыстырмалы-тарихи тұрғыдан өзектеу
келешек еншісінде.
Қортындылай келгенімізде, «ман» элементін түптеп
зерттеудің өзегі көне түркі тілінің әлем тілдеріндегі
әсері мен ықпалын табуға жол ашады. Сондықтан,
«қасиетті сөз» арқылы әлем тарихында аталатын алып
өркениеттердің түп бастауында түркілер тұрғанын та-
уып, жаңғыртып алып шығуымыз керек. Бұл – Елба-
сымыз Н. Назарбаев айтқан бүгінгі күннің ең басты та-
лабы болып отыр. Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті
қыры» мақаласының мақсатына негізделгендей ұлы
дала бойымен сан ғасырлар бұрын жүріп өткен түркі
ата-бабаларымыздың ізін бір ғана сөздің ұғымымен
көруімізге болады. Мәселен, Еуразияның екі шетіндегі
«Ит+ал+ман, Най+ман» этнонимдерінің жасалуына
негіз болған ман сөзі. Сол сияқты біздегі Аламан сөзі
бұдан мың жарым жыл бұрын Еуропада Алман болып
этноним сөз дәрежесіне көтерілген. Бұлардың барлығы
түркі ата-бабаларымыздың әлем кеңістігіндегі орнын
көрсетеді. Сол себептен, Елбасымыздың мақаласы
бізді осындай тақырыпқа апарып, еліміздің дамуына
септігімізді тигізуге мүмкіндік беріп отыр. Әрі біздің
ғылымға деген құлшынысымызды арттыра түседі.
Достарыңызбен бөлісу: