1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет118/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.https://mashhur.psu.kz/biograf-kaz.html
2. Серік Нұрмұратов, Бақытжан Сатершинов, Ал
-
масбек Шағырбаев «МӘШҺҮР КӨПЕЕВ»
3. «Қазақ әдебиетінің тарихы 3-том»
4.Тұрышев А.Қ. «М.Ж.Көпеев және қазақ әдебиеті»


136
БИЛЕР шЕшЕНДІГІ
Дилфуза Моминова - 5В011900-«Шет тілі:Екі шет тілі» мамандығының 
2-курс студенті
Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., қауымд. проф.м.а. А.А. Көшекова
Қазақ ұлттық қыздар педаогикалық университеті
Түйіндеме. Мақалада ежелгі әдеби философиялық мәселелер талқыланған. Атап айтқанда, қара қылды қақ 
жарған билердің дүниеге деген, яғни дүниетанымдық көз-қарастарын жан - жақты қарастырған. Сонымен 
қатар мақала көптеген риторикалық сұрақтардан тұрады. Және де сөз өнерінің, яғни қазақ әдебиетінің, қазақи 
сөзсаптаудың өзекті мәселелері қозғалады. Мақалада сол сұрақтар мен мәселелер өзіндік шешім мен жауап 
табады. 
Тірек сөздер: риторика, дүниетаным, философия, сөзсаптау. 
Аннотация: Статья посвящена древним философским вопросам. В частности, он рассматривал мир снов, то 
есть мировоззрение. Статья также включает в себя много риторических вопросов. А также актуальные вопросы 
речевого искусства: казахская литература, казахская фраза. В статье эти вопросы и проблемы будут решаться 
своими решениями и ответами. 
Ключевые слова: философия, речевая искусства, риторика. 
Abstract: The article is devoted to ancient philosophical issues. In particular, he considered the world of dreams, that 
is, the worldview. The article also includes many rhetorical questions. As well as current issues of speech art: Kazakh 
literature, Kazakh phrase. In the article, these questions and problems will be solved by their decisions and answers.
Keywords: philosophical, rhetorical. 
Бұл мақалада қазақ халқының билер шешендігі ту-
ралы айтылады. Шешендік өнер- халық даналығынан 
туған асыл қазына.Шешендік өнер қай қоғамда бол-
са да халыққа, қалың көпшілікке әсер ететін, сезімін 
баурап, жігерін тасытатын қуатты құрал болып кел-
ген. Ол өнер күні бүгінге дейін сол күшін, қасиетін 
жоғалтқан жоқ. Демек, халық алдында баяндама жа-
сап, дәріс оқитын ғалым, жазушы, жалпы әрбір білімді, 
мәдениетті адам үшін шешендік өнердің тарихымен 
танысу әсте артық емес.
Шешендік сөздерді халық өміріндегі, ел ішіндегі алу-
ан түрлі оқиғалардың нәтижесінде туған келелі ойдың 
қорытындысы деуге болады. Қазақтың шешендік сөз 
тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып, Жирен-
ше шешен, Асан қайғы есімдерімен қатысты калыпта-
сып, өркендей түсті. Бұхар, Шортанбай, Дулат, Мұрат, 
Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билерге жалғасты.
Қазақ би-шешендері сөз өнерін барлық өнерден 
жоғары қойып, «Шешеннің тілі - семсердің 
жүзі;Шешеннің сөзі - мерген,Шебердің көзі - мерген; 
Шешеннің сөзі дәмді келер, ақыл берер, мәнді келер» 
[1,79]деген сияқты көптеген қанатты сөздер мен мақал-
мәтелдері арқылы қазақ халқының қымбат сөздің, 
киелі сөздің құдіретіне бас игеніне көз жеткіземіз.
«Дауды шешен бітірмейді, би бітіреді» [1,77]демекші 
қазақ халқында билердің атқаратын қызметі ерекше 
болған. Би - тектілерден, бай, ықпалы күшті ру басы-
лардан, тақуа ортасынан шыққан бекзада, құрметті 
адам. Халық қалағанда ғана би билік жүргізе алған. 
Билер адамгершілігі мен үлгілі, әділеттілікке деген 
қатаңдығымен халықтың алдында ерекше беделге ие 
болған. 
Ертедегі ділмәр шешендердің көсем де, шешен 
сөздері кім туралы, кімге, не мақсатпен айтылғаны 
әр түрлі жағдайларда жүзеге асқан. Би-шешендердің 
құнды ойлары тегіннен-тегін айтыла салмаған, орын-
ды жерде, белгілі бір мақсатта жүйелі қолданыс тапқан. 
Би-шешендердің сөздері - халықтық тәлім-тәрбие 
құралы. Қазақ халқының отбасылық ортасынан ба-
стап, ауыл-аймақпен, байтақ атамекендегі ағайын-
туыстармен, көпшілікпен қарым - қатынас жасау 
мәдениетінің адамгершілік асыл қасиеттер аясында 
қалыптасуында би-шешендер сөздерінің ықпалы зор 
болды. Ата-ананы, аға-ініні, бірге туысқан үлкенді - 
кішілі қыздарды, жеңгені, келінді, нағашыны, жиенді, 
қайын жұртты, көршіні, ауылы аралас ағайынды, 
қандас халықтарды, бүкіл адамзатты - бәрін де 
құрметтеу мәселелері би-шешендер сөздерінде 
қамтылған.
Ал енді сол би-шешендер мен олардың айтқан 
даналық ойларына тоқталайық.
Қазақтың тұңғыш биі атанған Майқы би - ұлттық, 
шешендік өнеріміздің атасы. Халқымыздың аңыз-
әңгімелері бойынша, Майқы әділ бітім айтып, 
шешім шығарған парасатты, ақылды би болған. 
Майқы халқына адал болып, оның бейбіт өмірін 
жақтаған адам. «Түгел сөздің түбі - бір, түп атасы 
Майқы би» [1,82],- деген халық даналығы да осыдан 
шыққан. Майқы бидің айтқан, ел есінде сақталып, 
мақал, нақылға айналып кеткен аталы сөздерден 
адамгершілік, ар-намыс, ел бірлігін сақтау самалы 
есіп тұрады. Ондай ойлы, сары алтындай салмақты 
сөздердің көбісі өз тұсындағы хандарға, би, бектерге, 
бағыштай айтылғанын да көре аламыз.
Майқы би :
«Хан – халықтың қазығы, 
Қараша – ханның азығы;
Хан қарашасыз болмас,
Дау арашасыз болмас; 
Дауыл болмай жауын болмас, 
Даулы болған қауым болмас. 
Егіз ешкі сауын болмас, 
Екі жалқау ауыл болмас»[2,16],-деп түрлі мәселелерге 
сөз тартқан. Оның көп тебіреністері қоғам дамуына, ел 
тірлігіне арналады. Ел мүддесі, мемлекеттік бірлік пен 


137
береке туралы Майқы би өз толғамдарымен ұрпаққа 
өшпес өсиет сөз қалдырған. Қазақтың тұңғыш ғалымы 
Шоқан Уәлиханов «Ұлы қырғыз-қайсақ ордасының 
аңыз, әпсаналары» атты еңбегінде Майқы би туралы 
толымды түсінік берген.
Сонымен қатар, қазақ халқының тарихында «Қара 
қылды қақ жарған», еліміздің ынтымағы үшін 
күрескен, кемеңгер үш бидің орны ерекше. 
Солардың бірі, ұлы жүздің биі-Төле би.Қазақ ауыз 
әдебиетінде Төле би туралы аңыз-әңгімелер, шешендік 
сөздер көп. Солардың көпшілігінде Төле ақылды, 
әділ, шешен және халық қамын ойлаған қайраткер 
бейнесінде суреттеледі. Оған біз Мәшһүр Жүсіп 
Көпейұлының «Батырда Қаракерей Қабанбайдан асқан 
батыр жоқ, Үйсін Төле биден асқан би жоқ» [3,15],- де-
ген сөздері арқылы да қөз жеткізе аламыз.
«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» [5,8], 
- деп қара қылды қақ жаратын, Төле би ,өз халқының 
шешендік өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойы-
на сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. Он 
бес - жиырма жасынан билердің бас қосқан жина-
лысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері 
арқасында барша жұртқа таныла бастаған. Бала 
күннен жас Төле әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт 
таниды, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен 
тәлім алады. Он бес жасынан ел билігіне араласып, 
ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен 
көзге түседі.
«Бірлігі кеткен ел жаман, егсіп өткен ер жаман;
Ауруын жасырған ажалсыз өледі,Қиянаттан 
қорыққан амалсыз көнеді» [6,65],-деген сияқты 
даналық ойлардың авторы болған даналарымыздың 
бірі-Қазыбек би.Қазыбек есімі халыққа қазақ пен 
қалмақ арасындағы шапқыншылық кезінде екі елдің 
арасына бітімші, бүтінші болған батыл елші, па-
расатты мәмлегер ретінде мәлім. Халық аңызына 
қарағанда, Қазыбек Тайкелтір би бастаған қазақ 
елшілерінің құрамында қалмақ ханы Қоңтәжіге барып, 
батылдығымен әрі сөзге шешендігімен ерекше көзге 
түскен. Қазыбектің табандылығы мен тапқырлығының 
арқасында ғана осы сапарда қазақ елшілері теңдікке 
жетіп, қалмақ шапқыншылары байлап әкеткен адамда-
рын, айдап әкеткен малдарын қайырып алып қайтады. 
Осы жолы Қазыбек «Қаз дауысты Қазыбек» деген 
құрметті атаққа ие болады. 
Артына аталы сөзі қалаған, есімі ел жадында 
сақталған қазақ шешендерінің бірі - Әйтеке.Шоқан 
Уәлиханов белгілі билердің бірі ретінде Әйтекенің 
есімін Төле бимен қатар атайды.
Әйтеке бидің шешендік сөздерін қастерлей жинап, 
ол жөнінде зерттеу мақала жазған білгір ғалым Балта-
бай Адамбаев былай жазады:
"Қазақ руларының басын біріктіріп бір орталыққа 
бағындырған және туысқан қазақ, қарақалпақ, 
кырғыз халыктарын одақтастырып, жоңғар- қалмақ 
шапқыншылығына қарсы бірыңғай халық майданын 
құрған Тәуке ханның кеңесші, көмекшілерінің бірі 
Әйтеке болған. Сайып келгенде, Әйтеке - шешендігімен 
бірге кезінде ел басқарған, заң жасасқан, феодалдық 
қазақ мемлекетін құрысып, нығайтуға үлес қосқан 
қоғам қайраткері"[4,114].
Ел аузында Әйтеке айтқан билік, шешендік сөздер, 
толғаулар, баталар көп сақталған. Солардың бірі : «Бай 
болсаң, халқыңа пайдаң тисін, 
Батыр болсаң, жауыңа найзаң тисін. 
Егер бай болып, елге пайдаң тимесе, 
Батыр болып, жауға найзаң тимесе,
Елден бөлек үйің күйсін;
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі» [6,93],-де-
ген нақыл сөздерін айта аламыз. Оның айтқан әрбір 
нақыл сөзі әртүрлі тақырыпқа арналған . Осы даналық 
ойдың әрбіреуінің тәрбиелік мәні мен мағынасы 
терең,ұрпаққа беретін тәлім-тәрбиесі де зор. 
Қорыта келгенде кезінде Ахмет Байтұрсынов: 
"Әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі 
дертін жазатын жақсы дәрі еді"[7,264],-деді. Демек 
бұл қастерлі мұра - шешендікпен айтылған билер 
сөзі ұмытылмайды, қай кезде болса да халық жа-
дында.қазақ би-шешендерінің елді басқарушылығы, 
қазылық-төрешілік, 
батагөйлігі, 
халықтарды 
біріктіруші-бітімгершілігі, тағы басқа сан салалы 
әлеуметтік қызметі арқылы сөз өнерінің мемлекеттік 
қолданысы қалыптасқан. Қазақ тілінің мемлекеттік 
мәртебеде қолданылуының Қазақ хандығы дәуіріндегі 
нығаюы да осы би-шешендер қызметінің мемлекеттік-
құқықтық мәртебеде қолданылуымен, әсіресе Тәуке 
ханның тұсындағы би- шешендерге мемлекеттік билік 
берген тұста айрықша нығайған. Ал қазіргі күнде 
би-шешендері ғасырлар бойы ұрпақтарды сөйлеу 
мәдениетін игеруге қалыптастыруда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет