1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет117/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

Abstract: 
M.Kopeevisthe author of the Kazakh folklore collector, the author of philosophical thoughts, author of 
valuable heritages, religious ideas. This article analyzes the continuity of poetry, artistic peculiarities of philosophical 
works. Describing the lifestyle of the epoch of his existence, he left a rich legacy for future generations. Taking into 
account the specifics of M.Kopeev's works, taking into consideration his noble heritage for the next generation, Serik 
Nurmuratov, Bakhytzhan Satershinov, Almasbek Shagyrbaev, H. Suyunshaliyev, Turyshev AK as well as on the works 
of scientists.
Қазақ халқының сан ғасырлық тарихына назар ау-
дарып, оны тарихи-философиялық тұрғыда зерде-
леуден өткізетін болсақ, онда бүгінгі күнге дейінгі 
кезеңдерінің барлығы қатпар-қатпар қиындықтар мен 
қайшылықты кезеңдерге толы болғанын байқаймыз. 
Дегенмен қаншама ауыртпалы заман болса да жасын-
дай жарқырап еліміздің өткен күндерінде көптеген да-
рынды тұлғалардың болғанын ауыз толтырып айтамыз. 
Тәуелсіздіктің сындарлы жылдары уақыттың қадірін 
білуді үйрендік. Өткен кезеңдер мен өмір сүрген па-


133
расатты тұлғаларды қадірлеуді үйренудеміз. Рухани 
мәдениетімізді електен өткізу бағытында көптеген 
жұмыстар атқарылғаны баршамызға белгілі. Осы тари-
хи мүмкіндіктерді пайдалана отырып өз халқымыздың 
өнегелі тұлғалары өрнектеген рухани құндылықтарды 
әртүрлі қырларынан зерттеу мүмкіндіктері туын-
дап отыр, солардың бел ортасында, ақын, данагөй 
ағартушы, өз халқының патриоты – Мәшһүр Жүсіп 
Көпейұлы да бар. Бар ғұмырын болашақ ұрпаққа мол 
рухани мұра қалдыруды мақсат еткен Мәшһүр Жүсіп 
Көпейұлы өзінің ғұмырын өнегелі тіршілікке айнал-
дырады. Сондықтан да оның барлық рухани мұрасын 
зерттеу және осындай асыл перзентінің ұлағатты 
өмір жолы мен ерең еңбегін лайықты бағалау, құнды 
тұстарын қордалау кейінгі ұрпақтың міндеті мен 
өшпес парызы екені рас. Тарихын қадірлеген әр қазақ 
өз зиялысын ұмыт қалдырған емес, керісінше ұрпақтан 
– ұрпаққа мирас етіп қастерлеп жеткізіп отырғаны бе-
сенеден белгілі. Мәшһүр Жүсіп Орта жүз Арғыннан 
тарайтын Бес Мейрам әулетінен тарап, бүгінгі күннің 
абызына айналып отыр. Мәшһүр Жүсіптің шыққан руы 
Сүйіндік – Мейрамның бір үлкен бұтағы болып келеді. 
Кезінде ұлағатты Абылай хан екі сөзінің бірінде ай-
тып отырады екен: – «Осы, «Бес Мейрамның баласы» 
деген ел, пайғамбар мен шадияр тумады демесеңдер, 
адамның бұлбұлы мен дүлділі түгел туған ел. Батыры 
көп, жаудан қорықпайды, шетінен шешен туады да, 
даудан қорықпайды», – деп жазады кемеңгер Мәшһүр 
Жүсіп бабамыздың өзі. 
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы әкесі Көпжасардың 
42 жасында, шешесі Ұлбаланың 18 жасында, 1858 
жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы 
Найзатас деген жерде ережеп айы, жұма күні, бесін 
уақытында Көпей шаңырағында дүниеге келген. 
Туғанда азан шақырып койылған есімі – Адам Жүсіп. 
Кейіннен 9 жасында қисса-дастандарды жатқа айтып, 
ел көзіне түскен кезде жиынды шақырып отырған 
Мұса Шорманұлы Адам Жүсіпті ұнатып, тақиясына 
үкі таққызып: «Өз заманында халқына Мәшһүр бо-
латын бала екен» – деп, лепес қылуымен Мәшһүр 
Жүсіп атанып кетеді. Жасынан өнер білімге, әдебиетке 
құмар болған жас ақын ауыз әдебиеті үлгілерімен жас 
кезінен танысып халықтық жырдастандарды жаттап 
өскен. Мәшһүр Жүсіптің: «Айрылдым дәл он бесте 
ақыл естен, Жабысып бір дауасыз ауру төстен», деген 
жыр жолдарына қарағанда оның ақындық жолға бой 
ұруы, алғашқы шығармашылық қадамы он бес жасын-
да басталған. Ол туралы ақынның өзі: Жабысты маған 
өлең он бес жаста, Жұрт айтты: «Не қыласың» – деді 
таста. Дегенмен қоя алмадым үйренген соң, Мінім 
жоқ қылған жұртқа мұнан басқа. Шүкірлік, бергеніңе, 
құдай патша, Он бесте шабыттандым жүйрік атша. Бір 
күндер ұйықтап жатқан мезгілімде, Кеудеме өлең тол-
ды сызған хатша – дейді. Ақынның дүниетанымының 
өзіндік философиялық келбетін барынша айғақтап 
беретін жоғарыдағы жыр жолдары өмірдің мәніне 
көңіл аудартып, оны жете түсінбеген пендемен 
сұхбаттасуы болып табылады. Ойшылдың пайымда-
уынша, бұл дүниеде ерекше қабілет берілмеген адам 
болмайды, тек соны белгілі бір салада паш ету керек, 
өнердің көзін тауып, адам қоғамға пайдалы болуы 
тиіс. «Білгеннің жүрген жері – бәрі жарық» деген 
тұжырымның ар жағында әрбір пенденің бақытты 
болудың кілті бар екеніне мегзейді. Әрине, адамда 
адал еңбек пен шығармашылыққа деген ынта, зейін, 
ұмтылыстар болмаса, сонымен қатар оған қарай 
бағытталған белгілі бір деңгейдегі саналы-жігерлену 
қадамдары болмаса, онда ол тіршіліктегі уақытын бос 
кетіргені, берілген мүмкіндіктер топтамасын рәсуа 
еткені. Білімнің керемет қасиетін түсінбейтін жандарға 
ойшыл ескертпе жасап тұрғандар әсер қалдырады.
Қазақ 
халқының 
тарихи 
және 
заманауи 
философиялық және әлеуметтік ойын зерттеуші 
ғалымдар осындай ерекшеліктерді ескеріп, «ұлттық 
әдебиетті ұлттық философияның өмір сүру сипа-
ты» ретінде түсінгені, көркем әдебиет туынды-
ларын салыстырмалы талдау әдісін қолдана оты-
рып зерделегені, жеке тұлғалардың поэтикалық 
мұрасындағы философиялық мазмұнды ашып 
көрсету үшін оны философиялық ойлау құралдары 
көмегімен қайта саралағаны талаптануын қолдауға 
болады. Философиялық танымның негізгі мақсаты 
қоғамдағы адами өлшемдердің терең мағынасы мен 
мәнін анықтау, адамға берілген өмірдің құндылықтық 
мәнін айқындау болып табылады. Осы бағытта жа-
салынатын әрбір қадамдардың өзіндік ерекшеліктері 
болады. Философиялық ойды поэзия тілімен бере білу 
рационалдық тұжырымдарды барынша эстетикалық 
формаға келтіреді және оны көркемдік нақыштармен 
безендіреді. М.Ж.Көпеевтің шығармашылығы осы 
бағытта қалыптасқан өзіндік өнер философиясы деп 
атауға болады.
М.Ж. Көпеевтің ұстазы, алғашқы буын ағасы болған 
Абай Құнанбаев еді, ол адам өмірінің мәнін анықтарда 
алдымен «Мен мен менікінің» сипаттарын ажыра-
та білу қажеттігін айта отырып, адамның тәні мен 
жанының мәндік айырмашылығы бар екенін атап 
өткені белгілі. Жанның құдіреті адам өмірінің мәнін 
кіргізіп тұрғаны туралы түсініктерге ақын жақын 
келеді. Шыныменде «Мен» мен «Менікіні» бір-бірімен 
ажыратпай, оларды бір-біріне абсолютті түрде таңып 
қойған пенде бұл дүниенің ұзақтығын «бес-ақ күн деп 
ойлайды», оның «жалған дүние» туралы түсініктері 
тереңдей береді. «Адамның барлық ғұмыры денесінің 
қуаты біткенінше екен» деп Ақиқат туралы терең 
мағлұматты білмегендіктен надандыққа ұрынады. 
Мәшһүрдің пайымдауынша, Алла жаратқан дүниеде 
өзгеріс, даму тән, әлем бір қалыпта тұрмайды, ол үнемі 
өзгеріс күйінде болады. Табиғатта барлығы да жанды 
да, жансыз, табиғат заттары да өзгерісте, өзгеріс пен 
қозғалыс болмай қоймайтын мақсатты, қажетті іс. 
Өзгеріс ұғымын толқын арқылы көрсетеді. Ойшылдың 
өлеңдері мен қара сөздерінде диалектика элементтері 
елеулі мәнге ие. «Қазақ философиясында «терме» 
жанры осы «өмір», дүние дегенді ағып жатқан су екен 
деген негізге құрылған. Бұл – қазақ философиясында 
ертеден бар түсінік» [20]. Мәшһүр Жүсіп дүниенің 
бірлігі мен мәңгілігінің бастапқы жаратушысы – 
құдіретті күші шексіз Құдай мен жаратылған дүниенің 
мәңгілігі мен шексіздігін көрсетумен анықтай отырып: 
Бір жарық түн басына таң атады, Мейлің Ай, мейлін 
Күн бол бір батады. Дарияның толқынындай дүние 
жүзі, Толқында тауып тыныштық кім жатады, – деп 
Аспан әлемі жер бетіндегі заттар мен құбылыстар, 


134
табиғат процестері мен заңдылықтарының өзара 
әрекеттілігі мен себепті байланыстары негізіндегі бо-
лып жатқан өзгеріс пен қозғалыс дүниенің мәңгілігінің 
негізгі бастауы деп ой топшылайды. 
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің қазақ фольклоры 
нұсқаларын жинау ісімен көп шұғылданғаны мәлім. 
Олардың ішінен «Желкілдек», «Ер Көкше», «Көрұғлы», 
«Алтын бас, күміс аяқ», «Сайын батыр», «Қырғызға 
барған батыр» сияқты нұсқалармен қатар Бұхар жы-
рау, Сақау, Шөже, Шортанбай, Орынбай т. т. көптеген 
ақын сөздерін де кездестіреміз. Мәшһүрдің ескі 
сөздердің қалпын бұзбай дұрыс жазып алуды борыш 
санағандығы сондай, жыр нұсқалары табиғи көне түрін 
мол сақтағандығымен көзге түседі. Мұның бір себебі 
– ол дастандарда, халықтың жайын, түрлі аңыздарын 
жетік білетін кәрі құлақ даналар, жыраулар сарқыны 
мол кезде жинап үлгерген. Бұл салада қалдырған 
мұрасының әдебиет ғылымы үшін қаншалықты 
құнды екені өзінен-өзі түсінікті болса керек. Тек сол 
материалдарды екшеп, татымдыларын кітап етіп 
жарыққа шығаруды ойластырған абзал. М.Ж. Көпеев 
жинағандарының бірі – «Желкілдектің» оқиғалық, 
композициялық, тілдік т. т. ерекшеліктері жөнінде то-
лып жатқан қажетті қорытындылар жасауға болады. 
«Желкілдек» батырлар жырына кей жағынан ұқсай 
да бермейді. Әдетте батырлар жырында кездесетін 
қара сөздерде шұбалыңқылық байқалатынды. Одан 
гөрі оның (жырдың) өлеңдік жағына көбірек на-
зар салынатынды. Ал, «Желкілдекте» қара сөздің 
ырғақтылығын молайтып, сөздің шұбалаңқылығын 
азайтуға, интонацияға көңіл қойғандық сезіледі. Мұны 
мына бір үзіндіден-ақ көруге болады. Нармамбеттің 
екі қызы болған, бірінің аты – Күнікей, бірінің аты 
– Тінікей болған. Екі қыз ұйықтағанда түс көрген, 
таңертең жеңгесіне келеді. Бір шапанды жамылады, 
екеуі бір жеңнен басын шығарады, жеңге, дейді: бір 
түс көрдік, от жағалай іс көрдік, екіде қара тең көрдік, 
жоры, жеңге. 
«Жылама әкем деді: жауға мен барайын, бір келгенін 
бір қырайын, екі келгенін екі қырайын, біріне бірін 
қоспайын. Әкесі айтты балаға: сенің алар жауың жоқ, 
бойың сенің өскен жоқ, бұғанаң әлі қатқан жоқ, балақта 
жүнің өскен жоқ». Ақынның «Миғраж», «Хаятбақшы», 
«Қорқыт», «Гүлшат–Шеризат» деп аталатын қисса, 
дастандарын, публицистикалық, этнографиялық 
еңбектерін, халық ауыз әдебиетін жинаудағы қыруар 
жұмысын атасақ та жеткілікті. Бұл жөнінде акаде-
мик М.О. Әуезов былай деп тұжырымдайды: «Ал, өз 
шығармаларын былай қойып, басы ашық үлгілерді жа-
зып алып, біздің дәуірімізге жеткізген еңбек Мәшһүрде 
мол екенін және естен шығармау керек. Сондықтан 
қазақ ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің ғылымдық 
бір саласы историография бөлімінде Мәшһүрдің ол 
түрдегі еңбегіне әрдайым орынды баға берілуі шарт» 
Мәшһүр Жүсіптің бөліп айтуға тұрарлық айырықша 
бір ерекшелігі – өлеңдерін жазып шығарған. Ол әрбір 
жырын қағаз бетіне түсіріп, рет-ретімен тәртіппен, 
шашау шығармай ықтияттап жинап отырған. Оның 
алғашқы өлеңдері «Дала уалаяты» газетінде 1889 
жылдан бастап көріне бастады. Ақын 1889 және 1890 
жылдар аралығында бірнеше мақаламен қоса, бес өлең 
жариялады. Олар мыналар: «Әңгіме», «Бәрі қысқа, 
еркін дүниеге келеді екен», «Кедейлікке үш қырсық 
оралады», «Күн шықпай ерте тұрып», «Білмейді ел 
өнерлісін, аулақ болар». Бұл өлеңдердің бәрінің са-
рыны ортақ, ой арнасы біреу – ол жастарды еңбекке, 
өнер-білімге, егін салуға, сауда істеуге шақырады. Ал, 
ел ішінде бос тентіреп кәсіпсіз жүрген кейбір желбу-
аз бозбаланы сынап мінейді: Өзінің малын күтіп баға 
алмайды, Бір тиын қолдан кетсе таба алмайды. Бір 
саңлау оймен іздеп табары жоқ, Біреудің айтқан тілін 
тағы алмайды.
Елдің 
өткен-кеткен 
тарихын, 
әдет-ғұрпын, 
халықтың мінез ерекшеліктерін, тұрмыс-салтын 
көрсету – Мәшекең атқарған жұмыстың көп бөлігі. 
Қазақ фольклорын жинақтауының үлкен бір себебін 
халық дүниетанымының бір көзі деп білген. Рас, бұл 
салада Потанин, Радлов, Диваев секілді ғалымдар 
өте көп еңбек сіңірді. Бірақ, олардан Мәшекеңнің 
артықшылығы – алдыңғылары кімнен жазып алғанын 
көрсетпейді. Ал Мәшһүр атамыз «мен пәленбайдан 
жазып алдым. Ол түгенбайдан естіген» дегенді 
ешқашан ұмытпайды. Сол себепті оның жазғандары 
аңыздан гөрі ақиқатқа жақын. Әрі сол кездегі 
адамдардың сөйлеу стилін сақтап отырған. Халық 
поэзиясы үлгілерін, мақал-мәтелдерді, ақындар 
айтысының тың үлгілерін өз қолжазбасында белгілі 
бір тәртіппен, реттілікпен берген. Хандар, билер, 
батырлар туралы тарихи әңгімесі өте көп. Біздің 
заманымызға Бұхар жырау, Шортанбай, Шөже, Көтеш 
сынды ақын-жазушылардың өлең-толғаулары Мәшһүр 
Жүсіп арқылы жетті. «Ер Көкше» мен «Сайын батыр» 
да солай. Бұл кісінің жазбаған, зерттемеген саласы 
жоқ, Астрономия, биология, медицина, этнография, 
т. б. жөнінде жазды. Жалпы Мәшекең қолжазбасында 
қазақ халқының тарихына қатысты деректер мол. 
Осыларға қарап, жалпы, оның фольклористік концеп-
циясы демократиялық-ағартушылық көзқарастарынан 
туындағанын тануға болады. 
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының жинақтаған, өзі 
шығармашылықпен қалыптастырған өлең, жыр, да-
стандары адамды адамгершілікке шақырып, ар-ұятты, 
мейірімді, адал болуға үйретеді. Міне ақынның заман-
дастарын осы руханилыққа баулу қасиеттері мен тал-
пыныстары ұлттың өзіндік санасын жетілдіруші күшке 
айналғанын да атап өту керек. Әрине, өмір адам үшін 
тек күліпойнап, ләззат алуға ғана берілмегені анық. 
Ол алдымен кез келген пендеге тіршілік тұңғиығында 
терең дүниетанымдық сауалдарды қояды. Сондықтан 
әрқайсымыз міндетті түрде төмендегідей сұрақтарды 
алдымызға қойып отыратын кездеріміз де бола-
ды: «Өмірдің мәні неде?», «Не үшін өмір сүріп жа-
тырмын?», «Қандай құндылықтар дүниеде бәрінен 
маңызды?», «Қайда барамыз, не істеу керек?» деген 
сияқты сауалдар кімді болсын он ойландырып, тоғыз 
толғандыруы мұмкін. Осындай өмірдің мәні мен адам 
болмысын ұғынуға жетелейтін терең философиялық 
сұрақтарды қазақ ғұламалары өз шығармашылығының 
негізгі нысанына айналдырған. Философиялық 
мағынадағы жоғарыдағы сауалдарға жауаптар іздеген 
ақын, біріншіден, адам ешқашан жалқаулыққа са-
лынбай өнер іздеп, білімге құштар болуды насихат-
ты, екіншіден, ол өз ойларын халыққа етене түсінікті 
стильде өлең жолдарымен баяндайды: Қазағым, 


135
өнер ізден, ұрлық-зорлық, Қыласың бір-біріңе неге 
озбырлық, Болғаннан алты ауыздан ынтымақсыз, 
Басыңа келген жоқ па талай қорлық. Халықты нағыз 
тұтастанған халық ететін терең рухани құндылықтар 
жүйесі осы қысқа шумақ жолдарында паш етілген, 
көркем пішінде өрнектелген. 
Бұл өлең жолдарында ақынның қазақ халқының 
тағдырын тереңнен ойлап, еңбек етпей, өнер ізденбей 
бос әурешілікпен уақытты зая кетіріп жүрген кейбір 
жастарға налып айтқан уәжі суреттелген. ХХ ғасырдың 
басында әлемге өзін танытқан қазақ зиялыларының 
жалпы құндылықтық бағдарлары бір жерде түйіскенін 
де байқаймыз. Ақынның осыған ұқсас данагөй ойла-
ры көптеген шығармаларында көрініс тапқан, ақын 
бұл туындыларында өз жұртына, қазағына арнап өсиет 
қалдырғандай, оны қалың ұйқыдан ояту мақсатында 
кейінгі ұрпаққа бір жолдау арнағандай болады. Өмір 
өз кезегімен өтіп жатқан жол сияқты, ал адамдар бол-
са, сол жолды басып өтетін бір жолаушы. Әрі ол жол 
қауіп-қатерге және түрлі күтпеген оқиғаларға толы. 
Кейде өмір белестері адам бақытына кедергі жасай-
тын оқиғаларға толы. Сондықтан да адам баласы 
барлық нәрсеге дайын болумен қатар, өздігінен нақты 
шешімдерді де жасауы керек дей келе, ақын қаншама 
қиын қыстау заманда өмір сүрсе де еш мойымай тек 
халқының жайкүйін ойлаумен болады, сонымен қатар 
кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдыру үшін аянбай 
ізденіп, ел арасынан сан-алуан көне тарихи жазба-
ларды, фольклорлық жыр-дастандарды рухани және 
мәдени мұра етіп қалдыруды өзіне басты мақсат етіп 
қойды. 
Бүгінде ойшыл ғұламаның шығармашылық 
мұрасын насихаттау бағытында әртүрлі шаралар 
ұйымдастырылып келеді. Елімізде ауыз толтырып ай-
татындай Мәшһүртану саласы қалыптасты, Мәшһүр 
Жүсіп оқулары жыл сайынғы дәстүрге айналып, жас 
ұрпақ ұлы ғұламаның еңбектерін санасына терең 
сіңіруде. Заманында қатарынан озық туған көрнекті 
тұлға ақындығымен қатар тарих, әдебиеттану, 
өлкетану, шежіре жинақтау салалары бойынша 
мол мұра қалдырды. Бірақ өкінішке орай ақынның 
қолжазбаларының көбі түрлі себептерге байланы-
сты сақталмаған. Әсіресе, Кеңес заманында көптеген 
шығармалары қасақана құртылды. Мәшһүр Жүсіптің 
ел ішінде көріпкел-әулиелігімен танылғаны белгілі. 
Оған өзінің дүниеден қайтатын ай-күніне дейін 
дәл айтып, ол жылдары қазақтың жаппай аштыққа 
ұшырайтынын біліп, бір жыл бұрын өзінің асын 
бергізіп кетуі дәлел. Қарапайым сана үшін бұл әдеттен 
тыс әрекет болары анық. Бірақ даналықтың биігіне 
көтерілген ойшыл өмір мен өлімнің өзара қатынасын 
терең философиялық мағынада түсінетінін дәлелдеп 
берген. Ақынның шығармалары жиырма томдық 
көлемде басылып жатыр. Бірнеше ғылыми диссерта-
циялар ақын шығармашылығына арналып қорғалды. 
Елімізде ғылыми мақалалар көптеп жарық көруде. 
Зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша, Мәшһүр 
Жүсіп Көпейұлының зерттелмеген жеке мұрасының 
өзі әлі талай ұрпаққа рухани азық болары сөзсіз. 
Қазіргі заманда индустриалдыинновациялық за-
манда прагматистік сипаттағы дүниені түсінуге 
бет бұрғанымыз белгілі. Бір қарағанда бұл қазіргі 
жаһандану заманының өзіндік ағымы, тарихтың 
толқыны іспетті. Дегенмен, өзінің рухани әлемін 
түгендеп, оны дамытып отырмаған елде ешқашанда 
өзгенің алдында сыйлы бола алмайды. Жастары өзінің 
болашағына қатысты рухани бағдарларды жөнді 
анықтай алмай тұтынушы қоғамның қисынынан шыға 
алмай қалуы да мүмкін. Осыған орай жоғарыдағы 
жинақта негізінен халық болып рухани түлеуімізге 
медет болатын дүниелер қордаланды. Соңғы уақытта 
Мәшһүртану ісіне абыз ойшылдың ұрпақтары тікелей 
атсалысуда. Ақынның туған немерелері филология 
ғылымдарының докторы, профессор Қуандық Мәшһүр 
Жүсіптің зерттеу еңбектері және Сүйіндік Көпеевтің 
ғұмырнамалық естелік-деректері мерзімді
Мәшһүр Жүсіп Көпеев шежірелері – қазақ тарихына 
қатысты генеалогиялық дереккөздердің бірі. Оларды 
тереңірек зерттеп, өзге шежірелермен салыстыру ба-
рысында халқымыздың қалыптасу кезеңдеріне қаныға 
түсеріміз де анық.
баспасөз беттерінде жарық көрді. 2001 жылы Пав-
лодар қаласында қасиетті Мәшһүр Жүсіп атындағы 
Орталық мешіт ашылды. 2003 жылы С. Торайғыров 
атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 
алдындағы алаңда қоладан бюст-ескерткіші орнатыл-
ды. 2006 жылы Мәшһүр Жүсіп әулиенің басына зәулім 
де әсем кесене тұрғызылды. Осы іс-шаралардың 
барлығының түпкі мақсаты еліміз азаматтарының ру-
ханият әлемінің, руханилық деңгейінің көтерілуімен 
астасып жатуы шарт. Ойшылдың өз заманында 
діттеген мақсаты сол болатын. Ол өзінен гөрі өзгенің 
мүддесін көбірек ойлағанын аңғаруға болады. Осын-
дай қатынасты рухани ерлікке балауға болады. Ұлы 
бабамыз жастарға тәрбиелік мәні бар: – «Жігіт күніңде 
жаннан кеш те іс қыл, өлсең өлерсің, өлмесең адам бо-
лып шығарсың», – деп намыс пен жігерді жанып, рухын 
қайсар қайратқа бағыттап, ұран тастағандай болды. Со-
нымен, қазақ халқының руханият тарихында Мәшһүр 
Жүсіп Көпеевтің алатын орны ерекше және мәртебелі. 
Өзі өмірден озса да, артына мәңгі өшпес рухани 
мұра қалдырған қасиетті Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 
бабамыздың тағылымының бізге және бізден кейін 
келер талай ұрпаққа берері мол екені даусыз. Ендеше, 
сол рухани мұраны көзіміздің қарашығындай сақтап, 
кейінгі буын үлгі аларлық кәдеге жарату бәріміздің 
қасиетті парызымыз деп есептейміз.
Қорыта айтар болсақ, М.Ж. Көпеев заманының 
озық ойлы, алдыңғы қатарлы азаматы болған. Туған 
халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған, сөйтіп, 
онымен бірге қуанып, бірге қайғырған шын мәніндегі 
өрелі ақын дәрежесіне қөтерілген. Сондай-ақ, атадан 
балаға мұра болар ауыз әдебиетінің асыл қазыналарын 
жинақтап көзінің қарашығындай сақтаған. Міне, осы-
нау ұланғайыр мол дүние бүгінгі таңда әлі де болса 
терең зерттеп, жан-жақты бағасын беретін әділ наси-
хатшысын күтуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет