1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет120/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Көшекова А. «Шешендік өнер». - Алматы, 2017 
ж 92 -95б
2.Адамбаев Б. «Алтын сандық». - Алматы, Жазушы 
1989 ж 72-73 б
3.Молдабеков Ж. «Шешендік» оқу құралы. - Алма
-
ты, Қарасай 
2009 ж. 174-179 б
4.Адамбаев Б. «Халық даналығы». - Атамұра, Рау
-
ан 1996ж 81-82 б
5.Авторлық ұжым. «Шешендік шиырлары». – Алма
-
ты, Қайнар 
1993 ж 69 б
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ
ұ. Қожамқұлова
6М011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс магистранты 
Ғылыми жетекші: 
ф.ғ.к., қауымд. проф.м.а. А.А. Көшекова
Қазақ ұлттық қыздар педаогикалық университеті
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Ұлттық салт-
дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, 
жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухы-
мыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, 
Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен 
Құрманғазының күй¬лері, ғасырлар қойнауынан жет-
кен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің 


140
бір парасы ғана. ... ұлттық мәдениет сақталмаса, 
ешқандай жаңғыру болмайды» - деген сөздерін негізге 
ала отырып, ұлтымыздың өткен тарихы арқылы 
болашағын жандандыру мәселесінің көкейкестілігін 
ұғынамыз. Еліміздің болашағы жастардың қолында. 
Жастарға қандай тәрбие мен білім берілсе, еліміздің 
болашағы да сондай болмақ [1].
Жастарға берілетін білім мен тәриенің жан-
жақтылығы барлығымызға мәлім. Балаларды жан-
жақты білім беру мен тәрбиелеудің бір саласы – ана 
тілінде әдеби шығармалармен таныстырып, сол 
шығармаларды оқу болып табылады.
Қазақ балалар әдебиеті қазақ қоғамымен бірге туып, 
біте қайнасып келе жатқан рухани іргелі сала. Бала-
лар әдебиеті ертеректе еуропалық кейбір елдердегідей 
арнайы салаға жүйеленіп жазылмауы мүмкін. Бірақ, 
сол халық, сол ұлттың мол рухани қазынасы аралас 
жүреді. Аралас жүріп те балғын бөбек, бүлдіршін жа-
сты сұлулыққа құштарландыратын, отансүйгіштік, 
ерлік рухына ұмтылдыратын тәрбиешілік қызметін 
жасай береді [2].
Қазақ халқы ертеден бала тәрбиесіне басым көңіл 
бөліп, бала тәрбиелеу дәстүрі халық ауыз әдебиетінен 
көрініс алады. Балаларға ел болашағы ретінде қарап, 
оларды шыр етіп дүниеге келген кезінен-ақ бесік жы-
рымен, өлеңдермен, аңыз-әңгімелермен, ертегілермен, 
жырлармен тәрбиелеген.
Қазіргі уақытта да бала тәрбиесі халық ауыз 
әдебиетінен басталады. Оған мектеп жасына дейінгі 
балаларға әжелерінің, ата-анасының, балабақша 
тәрбиешілерінің ертегілер айтуы дәлел. Осыған орай, 
халық ауыз әдебиеті балалар әдебиетінің негізгі қайнар 
көзі десек қателеспейміз.
Қазақ балалар әдебиеті 19-ғасырдың соңы мен 
20-ғасырдың басында жеке сала болып қарастырыла 
бастады. Балалар әдебиетін ең алғашқы болып қолға 
алған Ы.Алтынсарин еді. Ол 1879 жылы алғашқы рет 
ана тілінде «Қырғыз хрестоматиясын» басып шығарды. 
Бұл хрестоматияда Ы.Алтынсариннің өлеңдерімен 
қоса әңгімелері де ендірілді. 
Ы.Алтынсариннің ''Қыпшақ Сейітқұл'', ''Киіз үй мен 
ағаш үй'', ''Аурудан аяған күштірек'', ''Асыл шөп'', ''Мал-
ды пайдаға жарату'', ''Жан-жануарлардың дауласқаны'', 
''Байұлы'', ''Сәтемір хан'', ''Жәнібек батыр'', ''Оқудағы 
балалардың үйіне жазған хаттары'' сынды әңгімелері 
көшпенді қазақ халқын отыршылдыққа шақырып, 
қайырымдылық пен бауырмалдық, сабырлық пен 
шыдамдылық, шешендік пен тапқырлық, әдеп пен 
әділдік, қанағатшылдық пен жомарттық, сақилық пен 
тазалық, ізеттілік пен бауырмалдық секілді қасиеттерді 
тәрбиелеуге арналған.
Ыбырай әңгімелерін үш топқа бөлуге болады: 
оның бірі-новелла, екінші тобы-ауыз әдебиетінде 
қалыптасқан ертегі-аңыз үлгісіндегі әңгіме, үшінші 
тобы-шағын көлемді мысал үлгісіндегі өнеге сөздер. 
Мазмұны жағынан Ыбырай әңгімелері өз кезінің 
келелі мәселелерін қамтиды, әділдікке, ізгілікке, 
адамгершілікке, 
талаптылыққа, 
өнерпаздыққа, 
тапқырлыққа, еңбекке, тазалыққа, ақылды іске, 
білімділікке, 
жомарттыққа, 
қайырымдылыққа, 
зеректікке, отырықшылыққа, кәсіпқорлыққа, шынайы 
достыққа шақырады. Тәкаппар, еріншек, ұқыпсыз 
болмауға, жақсылыққа әуестеніп, жамандықтан аулақ 
болуға баулиды. Балаларға ақыл айтып, ой салмайтың 
оның бірде-бір әңгімесі жоқ. Жалпы алғанда оның 
әңгімелері – негізінен, дидактикалық прозаның жақсы 
үлгілері [3].
20-ғасырдың 
басында 
балаларға 
арналған 
оқулықтар көбейе бастады. Сол уақытта С.Көбеев, 
М.Көшімов, М.Нұрбаев, Е.Можитов, М.Дибердиев, 
Т.Жомартбаев, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, 
О.Тұрманжанов, М.Әуезов сынды қоғам қайраткерлері
мен жазушылардың қазақ балалар әдебиетіне қосқан 
үлестері зор.
Қазақ балалар әдебиетін дамытуда елеулі еңбек ет-
кен педагог-жазушы С.Көбеев болды. С.Көбеев орыс 
ақын-жазушыларының мысалдарын қазақ тіліне ау-
дарып, оған өзінің төл шығармаларын қосып, “Үлгілі 
тәржіма” атты кітап және “Үлгілі бала” оқулығын 
шығарған.
Жазушы педагог ретінде «Үлгілі бала» оқулығын 
бастауыш мектеп оқушыларына арнаған болатын. 
Оқулыққа табиғат құбылыстарымен, жануарлар 
және өсімдіктер әлемімен таныстыратын әңгімелер 
жинағын, сондай-ақ өзі қазақ тіліне аударған 
А.А.Крыловтың мысалдарын және басқа да орыс 
жазушыларының балаларға арналған шығармаларын 
енгізген.
1910 жылы басылып шыққан «Үлгі тәржіма» атты 
оқулығы арқылы С.Көбеев жастардың мінез-құлқын 
түзете отырып, оларды білімге, адамгершілікке, 
өнерге, әділдікке тәрбиелеуді мақсат етті. 1912 жылы 
шыққан «Үлгілі бала» оқулығы екі кітап болып ба-
сылды. Бірінші кітапта 62 тақырып және екінші 
кітапта 32 тақырып бойынша өлеңдер мен әңгімелер 
жинақталған.
20-ғасыр басында С.Көбеевпен қатар қазақ балалар 
әдебиетіне үлесін қосқан жазушылар мен олардың 
еңбектері келесідей:
-М. Көшімовтың "Әдеп" (1907), "Ақыл" (1908) атты 
жинақтары;
-М. Нұрбаевтың "Көргенді бала - үлгілі ана" (1908);
-Е. Можитовтың "Қазақ шәкірттеріне ақыл" (1910);
-М. Дибердиевтің "Қазақ балаларына қирағат 
кітабы" (1910);
-Т. Жомартбаевтың "Балаларға жеміс" (1912).
С.Сейфуллиннің «Маузер», «Бандыны қуған Ха-
мит», «Балалар», «Келіншектің бесік жыры», «Ананың 
хаты», «Анаға жауап», «Пионерлер», «Біз комсо-
мол», «Совпарттағы қарындасыма» шығармалары 
балаларға арналып жазылды. «Бандыны қуған Ха-
мит» әңгімесіндегі Хамиттің еңбекқор, шыншыл, 
адамгершілігі мол азамат, өз отынының патриоты 
ретінде сипатталған кейпі балаларға үлгі болды. 
Б.Майлиннің «Раушан - коммунист», «Өтірікке 
бәйге», «Кемпірдің ертегісі», «Жазғы қалып», «Жазғы 
кеш», «Бұлтты күн», «Байшұбар», «Тәй, тәй, қақ, қаз», 
«Әлди – ана жыры», «Қағынғыр – ананың ашуы», «Қос 
жетім», «Кемпірдің ертегісі», «Өтірікке бәйге» сияқты 
өлеңдері мен әңгімелері балаларға арналған. 
І.Жансүгіров күш-жігерін балалар фольклорын 
жинауға да жұмсады. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинақтап, 
оларды салыстыра сұрыптап, таңдаулыларын сала-
салаға бөлді. «Балалар әдебиеті - әлі де жасалмаған 


141
әдебиет. Сондықтан менің бар ойым осы әдебиеттің 
жасалуына көмектесу еді. Бұл туралы «Балаларға тар-
ту», «Балаларға базарлық», «Малта», «Жұмбақтар» де-
ген біраз еңбектер жаздым» деп жазды ақын. «Өтірік» 
жинағы негізінен балаларға ыңғайланып дайындалды. 
«Ел өтірігі – үлкендерден гөрі балалардікі, балалар 
әдебиетіне жатады. Себебі, бізде балалар әдебиеті әлі 
жасалмай, жадағай жатыр, балалар жанына жағымды 
жаңа кітаптар жоққа тән. Жасалғанда да табан тасы, 
табалдырығы ауыз әдебиетінің үлгісінен өсуі тиіс. 
Осы оймен бұл кітапша балаларға бейім жазылды» - 
дейді автор [4].
І.Жансүгіров 1929 жылы басылып шыққан «Мал-
та», «Шәркей» атты суретті кітапшалары жөнінде 
С.Сейітов былай дейді: «Әңгіме қалай тартымды ба-
сталса, солай қызықты аяқталған. Жазушы баланы ба-
лаша сезіндіріп, балаша ойландыра білген. Сөзінде де, 
мінезі мен ісінде де жасандылық жоқ» [5].
М.Әуезов қазақ балалар әдебиетінің дамуына 
ғылыми тұрғыда үлсе қоса отырып, балаларға арналған 
«Қорғансыздың күні», «Жетім», «Көксерек» әңгімелері, 
«Қараш-қараш оқиғасы» атты шығармаларын 
жазған. «Қорғансыздың күні» әңгімесіндегі бас 
кейіпкер Ғазиза, «Жетім» әңгімесіндегі бас кейіпкер 
Қасым тағырлары сипатталған. 1928 жылы жазған 
«Көксерек» әңгімесінде Құрмаштың көңілінің пәктігі, 
адалдығы және өзі асыраған қасқыр бөлтірігінен қаза 
болуы арқылы жыртқыш аңның қолға үйренбеуін де 
сипаттаған.
Қорыта келе, 20 ғасыр басында қазақ бала 
әдебиетінің үлкен бір сала ретінде қалыптасуына және 
қазіргі уақытта жетіліп, дамуына үлкен үлес қосқан 
- жоғарыда аттары аталған ғұлама қазақ халқының 
мақтан тұтатын тұлғаларының еңбектері зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет