1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


БАСТАУЫшТА ОҚЫТУДЫҢ шЫҒАРМАшЫЛЫҚ ДЕҢГЕЙІ



Pdf көрінісі
бет187/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019
матем азайтуға
 
БАСТАУЫшТА ОҚЫТУДЫҢ шЫҒАРМАшЫЛЫҚ ДЕҢГЕЙІ
Архабаева Багила Байтилеуовна,
Архабаева Самал Байтилеуовна 
Алматы қ. 96 мектептің бастауыш сынып мұғалімдері
Резюме: 
Мақалада бастауыш сыныпта оқытудың шығармашылық деңгейі қарастырылады.
summary: 
The article discusses the creative level of education in primary school.
Адамзат баласының өмірден үйреніп, «білім» 
жинақтауы – образды түрде айтар болсақ, ана 
құрсағында жатып-ақ басталмақ. Өмірге келген әрбір 
адам баласы тек қана үйренумен, үйретумен өз өмірін 
мәнді ете алмақ. Өмір университетінен үйренгені бір 
бөлек, ал мектеп табалдырығын аттап, ғылымның 
алғашқы баспалдағына көтерілу өзге әңгіме. Ендеше 
білім берудің алғашқы басқышы – бастауыш білім деу-
ге толық негіз бар. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір 
көлемдегі білік, білім, дағдыларды меңгертумен бірге 
кеңістік, табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін 
кеңейте отырып,оларды шығармашылық бағытта жан-
жақты дамыту мұғалімнің басты міндеті. Әр бала жас 
кезінен еркін ойлауға алдына қойған істі жоспарлап 
оны сонына дейін жеткізуге, кедергілерге қарсы тұруға 
бейімделгені жөн.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында 
өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол 
табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, 
дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. 
Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың 
өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, 
өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені 
адам туынды ғана емес жаратушы да. Міне, біздің 
жоғарыда айтқан пікіріміздің дәлелі ретінде адам ту-
ынды болатындығы үйренуден, ал жаратушы ретінде 
үйретушінің қызметін атқарады. 
«Шығармашылық» сөзінің төркіні этимологиясы 
«шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек 
жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол 
жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте 
«шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық 
мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-
әрекет»,-деп түсіндіріледі.
Бұл – үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. 
Оны шешу үшін, ең алдымен, оқыту мазмұны 
жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, 
олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін
қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын 
ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда 
ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз 
бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар 
тәрбиеленіп шығады.
Баланы 
бастауыш 
сыныптардан 
бастап 
шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер 
қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға 
әкелудің жолдарын көрсету керек. Шығармашылық 
– бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей 
бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жет-
кен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. 
Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен 
жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде 
сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре 
отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол 
жеткізеді.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін 
талдау ең алдымен «Қабілет» ұғымының мәнін терең 


220
түсініп алуды қажет етеді. Философияда «Қабілетті» 
тұлғаның белгілі бір әрекеті орындауға жағдай жа-
сайтын жеке еркешеліктері дей келе, олар қоғамдық-
тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі 
қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.
Демек, 
бастауыш 
сынып 
оқушыларының 
тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен 
олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор. Бірінші – 
адамдардың қабілеттер деңгейі жағынан тең дәрежеде 
болмауы. Қабілеттердің бірдей емес екендігін сыныпта 
отырған оқушылардың әрқайсысының әр пәнге және 
әр деңгейде қабілетті болатындығымен дәлелдеуге бо-
лады. Бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, ал 
енді біреулері сурет салғанды тәуір көреді. Олардың 
қабілеттерінің құрылымы да, оны құрайтын компо-
ненттер де әртүрлі болады. Мәселен, математикалық 
қабілеті басым балаларда ойлау операциялары тез, 
дәл болады да, бейнелеу өнеріне қабілетті балаларда 
нақты заттардың бөліктерінің ара-қатынасын жылдам 
анықтай білу сияқты белгілер басым болады. Музыкаға 
қабілетті бала есту, ырғақты түсіну, сезімталдық 
сияқты сапаларымен ерекшеленеді.
Екінші – адамдар бойында қабілеттің бір түрі ғана 
бола ма, әлде әр түрлі қабілеттің белгілері бола ма 
деген сауал төңірегіндегі пікірлер жайлы. Ғалымдар 
керісінше көзқарастардың бар екендігіне қарамастан, 
адам бойында әрекеттің бірнеше түрін айқындай алу 
мүмкіндіктерін бар екендігін дәлелдейді. Мысалы 
ақындығымен қатар музыкаға, суретке қабілетті адам-
дар.
Психологтар қабілеттілердің екі түрлі деңгейінің 
болатындығын дәлелдейді: 1) репродуктивті – іс-
әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу 
деңгейі; 2) шығармашылық – жаңалық ойлап табуға 
бағытталған қабілеттер деңгейі.
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі 
түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез келген бала 
оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі 
жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден кез - кел-
ген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы 
өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен 
шығармашылық әрекеттің айырмашылығы – ол 
баланың өзін-өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге 
асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. 
Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жа-
сайды. Біздің ойымызша, бүгінгі бастауыш сынып 
оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырма-
лар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа 
дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, 
олардың 
белсенділіктерін, 
қызығушылықтарын, 
шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі: 1) 
мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау; 2) ақын, 
жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау; 3) 
белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу; 4) мәтін бой-
ынша мақал құрастыру; 5) табиғат құбылыстарына
заттарға және жеке суреттерге қарап жұмбақ 
құрастырту; 6) әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу; 
7) шығарма, мәтін, ертегі құрастыру. (тақырып бойын-
ша, жоспар бойынша, тірек сөздер арқылы); 8) өлең, 
мақалдар құрастыру; 9) шығармадағы әңгімелерге 
ұқсас оқиғалар айтқызу; 10) кейіпкерге мінездеме 
беру; 11) шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша 
суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу,мүсіндеу; 12) рөлге 
бөліп оқыту; 13) логикалық ойлауын дамытатын ойын-
дармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, 
сөзжұмбақ, ребус); 14) диалог-ертегі; 15) образға кіру 
т.б. секілді әдіс-тәсілдерді өз сабақта қолданамыз:
Баланың білімді жүйелі меңгеріп,қабілетті деңгейін 
арттыруда «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту »тех-
нологиясын бастауыш сыныптарда оқытуда маңызы 
ерекше.
Бұл технологияның кез келген мазмұн түсінікке 
сыни тұрғыдан қарап,екі ұйғарым бір пікірдің біреуін 
таңдауға, сапалы шешім қабылдауға сабақтарда ба-
стауыш сынып оқушыларының шығармашылық 
қабілеттерін арттырары сөзсіз.
Бағдарлама құроылымы үш деңгейден тұрады.
1.Қызығушылықты ояту.Үйрену процесі бұрынғы 
білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады.
Оқушы жаңа ұғымдарды, түсініктерді,өзінің бұрынғы 
білімін жаңа ақпаратпен толықтырады,кеңейте түседі. 
Осы кезенде қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», 
«Ойлану», «Болжау», «Жұпта талқылау», «Әлемді 
шарлау» т.б әдістері жинақталған.Оқушы бұл кезен-
де жаңа білім жайлы ақпарат жинап,оны байырғы 
біліммен ұштастырады.
2.Мағынаны ашу (Түсіне білу). Бұл кезеңде 
оқушылар жаңа ақпаратпен танысады,тақырып 
бойынша жұмыс істейді,тапсырмалар орындайды.
Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына 
көмектесетін оқыту стратегиялары бар.Соның бірі 
INSERT.Ол бойынша оқушыға оқу,тақырыпты таны-
су барысында V-«білемін»,-- - «мен үшін түсініксіз»,+ 
- «мен үшін жаң ақпарат», ? - «мені таң қалдырады» 
белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.INSERT 
– оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын 
білдіруге үйрететін ұтымды құрал.
3.Ой толғаныс. Күнделікті оқыту процесінде 
оқушының толғанысын ұйымдастыру,өзіне,басқаға 
сын көзбен қарап,баға беруге үйретеді. Оқушылар өз 
ойларын,өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен 
айта алады.Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі 
түрде ой алмастыру,ой түйістіру,өз үйрену жо-
лын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр 
түрлі кестесін біліп үйренеді. Осы кезеңді тиімді 
етуге лайықталған. «Бес жолды өлең», «Венн 
диаграммасы»,«Еркін 
жазу»,«Семантикалық 
карта»,«Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың 
ерекшілігіне,ауыр жеңілдігігіне қарай лайықтала 
қолданылады.Осы стратегияның 25 бөлімі бар. Бұл 
стратегияларды қолданғанда-соқушылардың сабаққа 
деген қызығушылығы артып олардың бір-бірімен пікір 
таластырып,ашық сөйлеу,еркін сөйлеу дағдылары 
қалыптасып,өздеріне сенімсіздік білдіріп отырған 
оқушылар өз ойларын аз да болса жүйелеп,еркін 
айта алады.Сондықтанда әрсабақта оқушының 
жан дүниесіне еніп бар білімді сан түрлі тәсілдер 
арқылы оқушы бойына дарытқан жөн деп санаймын.
Осы сияқты жұмыс түрлерін жүргіземіз. Енді осы 
шығармашылық тапсырмалардың кейбіреуіне тоқтала 
кетейік. Олар: образға кіру, талдау және қиялдау, су-
ырып салма ақын, диалог-ертегі, жұмбақ-мақалдар 
құрастыру.


221
І тапсырма «Образға кіру». Жансыз заттардың, 
өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері 
қандай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын 
сезіну. Мен-Гүлмін. (Қасықпын, Шыршамын, 
Бағдаршаммын, Доппын) деген әр түрлі тақырыптарда 
әңгіме жазғызу. 1 оқушының әңгімесі: Мен-Гүлмін. 
Мен жерде өсемін. Маған ауа, су, жылу, жарық, қорек 
қажет. Мен адамдарға қуаныш сыйлаймын. Адам-
дар мені аналарына, мұғалімдеріне бақыт, қуаныш 
әкелсін деп сыйлайды. Мені адамдар төрге қояды. 
Мен әр түрлімін. Менің иісім хош, жақсы. Мені адам-
дар жақсы көреді. Мен ешкімге жамандық істемеймін. 
Осы арқылы оқушылардың ой-өрісі кеңейтіліп, тілдері 
дамиды.
ІІ тапсырма «Талдау және қиялдау». Бастау-
ыш сынып оқушыларының ой-санасын, қабілетін, 
шығармашылығын дамытуда шығарманы, көркем 
әдебиет үлгілерін талдаудың әсері мол. Талданбаған 
шығарма бала жүрегіне жетіп, оны тебірентпейді. 
Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге 
бейімдеп 
қолданудан, 
оқушылардың 
пәнге 
қызығушылығы артады;оқушылардың білім сапа-
сы көтеріледі; оқушылардың логикалық ойлауы, 
шығармашылық іс – әрекетке қабілеті артады. Ол 
үшін жалықпай жаңа инновациялық технологиялар-
ды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар 
оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орын-
ды. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. 
Ойы дамыған шәкірттің танымдық қызығушылығы 
артып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге 
көтеріледі.
Қорытындылай келе, Елбасы еліміздің рухын 
көтеретін ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік 
ел» ұлттық идеясын жариялады. Бұл – тұғырлы 
идея. «Қазақстан -2050»-Мәңгілік елге бастай-
тын ең абыройлы,ең мәртебелі жол.Осы жолдан 
айнымайық,қадірлі халқым! –деген Елбасымыздың 
қорытынды сөзімен баяндамамды аяқтаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет