1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚТЫҢ ӘДЕБИ шЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет64/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019
матем азайтуға
ҚАЗАҚТЫҢ ӘДЕБИ шЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ 
«ДАЛА» СӨЗІНІҢ ҚОЛДАНЫСЫ
Керемет Жұмат
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., проф.
Майра Жүнісова
Абай атындағы ҚазҰПУ 1-курс студенті
Түйіндеме.
Мақаланың қарастырған мәселесі дала сөзінің қазақ әдеби шығармаларындағы қолданысы, 
көркем шығармалардан «дала» сөзінің қолданысын мысалға теріп, тілдік материалдар жинақтаған. Дала 
қолданысы туралы өз ойын еркін білдірген. Жұмысының әдіс-тәсілдері қарапайымнан күрделіге қарай деген 
ұстаныммен орындалған.
Тірек сөздер:
ақ дала, ақ ұлпа дала, жусанды дала, боз жусан дала, соқпақты дала
Abstract: 
The problem of the article is the use of field word in Kazakh literary works, the use of the word "steppe" 
from works of art and collection of language materials. He expressed his opinion about the use of steppe. The methods 
of his work were made from simple to complicated.
Key words: 
white field, white tulip field, wormwood steppe, gray wormwood steppe, steppe steppe.
Қазақ даласының тамаша сипатын, қасиетін тануға 
ұтылыс жасау үшін осы мақаланы жаздық. Мұнда та-
маша ойлармен берілген өз өрнектері жетерлік. 
Осы тақырыпты әлі де қарастыра отырып, Ұлы 
Даланың басқа да ойдағы бейнелерін жинақтап үлкен 
бір тұжырым жасадың басы осы мақала болып отыр.
Төменде әр кезеңге байлансты әдеби шығармалар 
тіліндегі «дала» сөзінің сипаттамасы берілген.
1.Алыстан ән естіледі ...Айсыз түнде қалықтаған 
қанатты ән.Ақбоз үй әнге сыздап түндігі желпілдейді. 
Көк аспанда шүпірлеген көп жұлдыз жапсарға жар-
масып, жымың қағады. Даладағы тыныс тынып 
қалғандай. Әншінің әуезді үні қаумалаған көпті үйіріп 
барады [1, 102].
Даладағы тыныс мәселесі жеке алып қарағанда дала 
тыныстай ма?
Немен дем алады. Еңбекпен тыныстап жатқан 
халықты, даланың дем алысы тынып қалғандай 
сезіледі.
2.Жым-жырт жатқан даланы оятқан ат дүбірі болма-
са, жолаушылар аралығында әзірге алданарлық әңгіме 
жоқ. Аяңшыл аттардың екпінді жүрісіне еліткендей 
жолаушылар өзімен-өзі ой үстінде келе жатқан
сияқты. Әйтсе де Рақымша қарттың жүзінде кірбің 
бар. Күн көзін басқан ала бұлттай қабағы қатыңқы. 
Кейіндеп келе жатқан ақжал шабдардағы балаң жігітке 
қарайламай тобылғы торыны тізгіндей қағып, алға 
қарай бебеу қақтырып келеді [2, 7].
Жым-жырт жатқан дала қандай дала тағы да жым-
жырт, барлық тіршілік атаулы дем алыста.
3.Тың !...Тыңға шабуыл!...Тың дастаны!.. Жапан 
түзге жан бітірген жаңа қоныс. Қырдан төмен ойыса, 
ауыр шайқалып, ығына қарай ырғала теңселген жас 
егіннің толқыны... [3, 8].
Жапан түз, бұл да дала. Адам тіршілік етпеген 
қоныстанбаған мекен.
4. Дала дастаны - «Тыңды» оқып,
Көңілге үйірілді өрнекті ой...
Леонид Ильичке
Деді-ау, қазақтың солдаты:
-Біздің даланың жөні бөлекқой...
Сол шақта, майдан шебінде
Тың да жоқ,
Дым да жоқ,
Тек соғыс-болғаны.
Сол сәтте солдат пен командир 
Терең ойларға шомған-ды.
Солдаттың ойында:
- Арқаның көк жасыл белдері,
Көкшенің мөп-мөлдір көлдері.
Сәуірде мамыржай
Қой қоздап, төлдеді,
Аспанда-бозторғай,
Жерде-боз жусан, боз құрақ.
Түңіліктен көлбеген түтінді.
Өзіне тартады
Көк аспан созғылап.
Аққу, қаз омырауы
Сипайды көлдің айдынын.
Киіз үйдің маңында 
Салды ойнақ тай, құлын.
Жанарыңды жетектеп кетеді
Даланың шексіз қиыры [3, 230].
Даланың жөні дегені сол даланы мекендеген қалың 
қазақтың даланың жөн-жосығын білуі.
5. Мен дала мен дарияның ортасында өскен адам-
мын.
Далବ - бұл бір жағы әйгілі Бетпақдалаға тірелетін, 
бір жағы даңқы жер жүзіне тараған Байқоңырға, оның 
бер жағындағы Арыс құмына, теріскейінде, Жезқазған 
өңіріне дейін созылып жатқан ұшы-қиырсыз шөл, со-
нау Сарыарқадан, Қарағанды жерінен басталып, қалың 
құмдарды, баябан жондарды жарып Қызылорданың 
тұсына дейін ағып келетін шағын өзен-Сарысудың 
бойы. Ал Дария - кәдімгі Сыр, Сырдария. Бүгін осы 
Дала мен Дария туралы аз да болса сыр шертіп көрсем 
деймін [4-290].
Қазақ халқы даласымен мақтан етеді. Даласының 
сырын біледі. Даласы мен дариясын жыр етеді.
6. Кезің жоқ-ау кең дала, жаңармаған,
Туып жатыр сен жайлы сан алуан ән.


79
Ақын түгіл әр адам жүрегінде 
Сендік ғажап сезім бар алаулаған. [5].
Кең дала, біздің ұғымымызда дала деген 
дархандықтың, кеңдіктің белгісі.
7. Ақ Жайық, тасы, төгіл, көңіл қалдыр,
Аумалы - төкпелі ғой өмір бәрібір.
Айналған полигонға сор даланың
Бір рет тым болмаса шөлін қандыр [5]. 
Сор дала, топырақтың бетіне соры шығып жатқан 
аппақ дала. Онда талай ниеті жамандар жарылыс 
жасаған, бірақ ол даладағы қара жер мен ондағы халық 
оны көтеріп келеді.
8. Ақ ұлпа дала төсінде
Сал атты көрсем дір етем.
Сонау бір жағдай есімде
Сақталып әлі жүр екен ... [5]. 
9. Дүние көшкен көзіммен
Қараймын қарлы моншаққа.
Ақ дала мендік сезіммен
Үндесіп кеткен сол шақта [5].
Ақ ұлпа дала, Ақ дала сортаңы бетіне шығып жатқан, 
аппақ даланы суреттеген.
10. Жанымды еліктірген дала, сағым,
Бар менің бала шағым, болашағым.
Сендермен таласпаймын, асқар шыңдар,
Сендерден әлденеше аласамын [5]. 
Жанымды еліктірген дала, жаныңа қуат-күш беретін 
дала.
11. Боз жусан дала, боз белдер,
Құландар еркін кезген жер.
Маңқиған дала-мінездің 
Қадірін аздау сезгендер [5]. 
Боз жусанды дала, Сұлтан Бейбарыс бабамыздың 
аңсаған, сағынған жусанды даласы да осы дала.
12. Өтетін сырт айналып мұнар белді,
Соқпақты дала жолы бұраң еді.
Жүйіткіген машинаның жолын орап
Бір қасқыр қыр астынан шыға келді [5]. 
Соқпақты дала, ол кезде ата-бабамыз малмен 
күнелткен. «Малым жанымның садағасы, жаным – 
арымның садағасы» дейтін қазақ халқы «Амандасқанда 
да, мал-жан аман ба?» деп жөн сұрасатын. Сол 
малының салған ізі арқылы да талай жерден адаспай 
соқпақтар арқылы елден-елге жететін. Сол соқпақты 
даланы айтып отыр.
Қорыта келгенде, әдеби шығармалар тіліндегі дала 
тұжырымы арқылы қасиетті туған жердің тасы мен 
тауын ғана емес, даласының қадіріне жетерміз деп ой-
лаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет