1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет65/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019
матем азайтуға
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Бағаев Ұзақ Дала жұлдыздары. Алматы. 102б.
2.Әлжіков С. Дала қырандары. Алматы. 7б.
3.Боранбаев Қ. Дала дастаны. Алматы. 8б. 
4.Балғабаев Сұлтанәлі Дала мен Дария. Алматы. 290б. 
5.Бақтыгереева Ақұштап Өлеңдер жинағы: Кең дала, Ақ 
Жайық, тасы, төгіл. Аққанат, Ақ шыңдар, Қасқыр. Алма
-
ты. 290б.
МАН ЭЛЕМЕНТІНІҢ ЭТИМОЛОГИЯСЫ
Ықылас Әділет
- Абай ат. ҚазҰПУ 4-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: 
ф.ғ.к., профессор Майра Жүнісова 
Түйіндеме. Мақалада көне «ман» элементі туралы ғалымдардың пікірлері қамтылады. Сол бойынша көне 
«ман» түбірінің жасалуына негіз түбірлерді анықтап олардың мағынасын ашуға тырысамыз. «Ман» сөзімен 
келетін тілдегі сөздердің шығу тегі, семантикасын ғылыми дәйектер арқылы дәлел келтіреміз.
Тірек сөздер: ілкі түбір, көне түбір, лексикалық этап, классикалық тип, түбір тұлға
Abstract: The article covers the opinions of scientists about the element of the ancient "man". We will try to find the 
roots of the ancient roots and try to find out their meaning. We prove the origin, semantics of words in the language that 
comes with the word "man" through scientific arguments. 
Key words: primitive root, ancient root, lexical stage, classic type, root 
Тілдің дамуы үздіксіз процес. Тіл өзінің 
эволюциялық жетілуі барысында әрқилы лексика-
грамматикалық жолдармен жүріп, даму, өзгеру 
табиғатын қалыптастырады. Мұндай құбылысты 
анықтау кезінде сан қатпарлы грамматикалық өрістер 
мен өрнектердің сипатын көреміз. Тілдің осындай 
ерекшелігін танытатын ең негізгі нысан – сөз. Сол 
себепті біздің жұмысымызға негіз болған «ман» 
элементін зерттеуіміздегі мақсат: әлем кеңістігіндегі 
ежелгі түркі ата-бабаларымыздың ізін жаңғыртып 
алып шығатын ең өзекті бөлшектің бірі болып санала-
ды. 
Қазіргі түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінің 
өзінде «ман» элементі дербес жұмсалатын мағыналы 
компонент ретінде сақталмаған. Тек, бертінде 
қалыптасқан оқырман, тыңдарман, оралман секілді 
жаңа сөздерді қараған Р. Сыздықтың пікірлерінен, 
А. Махмұтов көрсетуіндегі тарихи сөздер, «ала-
ман» тұлғасын зерттеу барысында қосымша деп 
таныған сілтемелерден көріп келдік. Оның өзінде 
толыққанды деректер жоқ. Ғалым С. Аманжолов 
тарихи бірлікке жататын «шабарман, атарман, ала-
ман» тұлғаларындағы «ман» бөлшегін қарастыра 
келе араб тілінен әуелде «адам» мағынасында 
еніп, кейін жұрнаққа айналған болуы керек десе, 
бірде парсының «-мән, -мәнд, -умәнд» аффиксінен 
қалыптасқан дегенді айтады [1, 51]. Біз қосымша 
деп қарастырып отырғанымыз ағылшын тілінде 
«man» дербес тұрып «адам», «еркек» деген мағынаны 
беретіндігін білеміз. «Men» күйіндегі фонетикалық 
өзгерісі мағынаның көпше түрі. Осы элементті бұл 
тұрғыдан қарағанымызда англо-саксондық тілдік 
бірлікке жатқызатынымыз анық. Тарихи жағынан 


80
әрі кеткенде араб-парсыдан таратамыз. Қазақ пен 
басқа да туыс түркі тілдерінен тексерсек қосымшалы 
қызмет қана атқаратын элемент. Оның өзінде, пассив 
жұмсалатын аффикс қатарына жатқызылған. Ендігі 
мақсат, «ман» элементінің түбір күйіндегі тұлғасын 
айрықша алып айқын тілдік фактілермен және арғы-
бергі ғалымдардың деректерімен өзек ұғымын, генети-
касын анықтау керек.
Қазақ халқында Махмуд Қашқари сөздігін зерттеуші 
ғалымдар туралы М.Жүнісованың «Қазақстандағы 
Қашқаритану (лингвистикалық аспект)» деп атала-
тын монографиясы бар, онда ғалым 500-ге жуық қазақ 
ғалымдарының зерттеу еңбектеріне талдау жасаған 
[2]. Ең алғаш түркі лингвисі М. Қашқаридың ай-
туынша, «ман» сөзі «тектес, тәрізді, сияқты» деген 
мағынаны білдірген. Сонымен қатар, ғалым сөздігінде 
«mandы, manыldы, manшuқlandы» ман түбірлі бірқатар 
сөздер мен «иасыман, иалыман, иарманды» сияқты 
қосымшалы тұлғаларды кездестіреміз. Бұған қарап, 
XI ғасыр кезеңінде «ман» элементінің актив қолданыс 
тапқанын байқауға болады. Мысалға, қазірде тұлғалық 
жағынан басқа болып келетін «басқыншылық, жорту-
ыл» сөзі көне сөздікте ман аффиксі қатысқан «иалы-
ман» тұлғасымен берілген. Сөздікте көрсетілгендей: 
«иасыман, мандарланды» секілді ман элементі 
қатысқан бұл көне сөздердің мағынасы – «ды-
быс шығатын көзе», бірі «шырмауықтанды». Бұл 
мағыналардың «ман» элементі қатысқан көне тұлғасы 
осы күнде қолданыста жоқ. «Маңығ – адым, аяқ басу» 
осы күндегі маңу болып сақталып жеткен [3]. Жалпы, 
қандай да бір сөздің әр кезеңде өзіндік даму, өзгеру 
жолы болатындықтан ең көне «ман» элементінің 
«адам» ұғымындағы дербес тұлғасы тілдік аядан 
шығып та немесе басқа мағыналарды танытатын 
лексикалық қатарларға көшіп отырған. Кейде мұндай 
үрдіс гео-ареалға да тығыз байланысты. Бұл тұрғыда 
біз «ман» элементін көне түркі тілінің бірлігі ретінде 
қарастыруымызға толық негізіміз бар. Ономастик 
ғалым Т. Жанұзақ ман – көне түркі тіліне, оның ішінде 
оғыздар тіліне тән сөз дейді. Бірақ, ман сөзі қазіргі 
түркі тілдері лексикасында кездеспейтінін ескере оты-
рып, иран не араб тілдеріне тән болуы мүмкін дегенді 
айтады [4, 184]. 
Ә. Балқыбек деген автор оңтүстіктегі Манкент, Ман-
сары сынды бірнеше топоним мен көне құжаттарда 
сақталған сол жердегі ұмытылып кеткен «Манкур» 
топонимін қарастыра келе Ман сөзін үнділік Ману 
есімі, Ислам діні аңызындағы Мәңкүр-Нәңкүр, 
неміс шежірелеріндегі Манн атауы және иудейлік 
Ноам, біздегі аңыздық Нұх есімімен тығыз байла-
ныстырып, барлығының шығу түп-тамыры бір көне 
шумер-арийлік тілдік кезеңнің бірлігі дегенді алға 
тартады. Яғни, әлем халықтары танымында ежелден 
қалыптасқан бұндағы аңыздық көне антропоним-
дер мен топонимдер ең ертедегі прототүркілік бір 
ғана «ман» сөзінен өрбіген [5, 105-123]. Бір жағынан 
бұл ғалымының келтірген деректемелері жүйелі әрі 
дәйекті. Автор «ман» сөзінің түп бастаулары кемінде 
он-он үш мың жылдық тереңде жатқан дегенді жор-
малдайды. Маңғыстаулық өлкетанушы, мифолог 
Серікбол Қондыбай өзі өмір сүрген аймақты көп жыл-
дай зерттеумен айналысып, «ман» негізді Маңғыстау, 
Маңсуалмас, Манашы, Маңғыр, Маныссай, Мана-
та, Маны әулие, Отман, Қараман топонимдерінің 
пайда болу өзегін тарихи тұрғыда тұжырымдайды. 
Ғалымның айтуынша, арал-каспий аумағында мекен 
еткен ежелгі қаңғар тайпасының құрамындағы «Ман» 
атты тайпаның болғандығын, кейін осы аймаққа кел-
ген оғыздар мен қимақтардың арасында да «ман» де-
ген рудың не этникалық топтың өмір сүргендігіне бол-
жамдар келтіреді [6, 45-58]. 
Тарих бетінде жоғалған «Ман» деген жұрт көне 
печенгтердің атауы болуы мүмкін екендігіне тоқаталып, 
«ман» сөзінің «мың» (минг), «бың» (бинг) түріндегі ва-
рианттарын негіздей келе, В. Трепавлов атаған Дешті 
Қыпшақтағы бірнеше «минг» аталған топтардың 
осы тайпа болу мүмкіндігін қарастырады. Орта 
Азиядағы мұндай ман негізді топонимдердің көптеп 
кездесуі – бізді көне түркілік «Ман» тайпасының болу 
шындығына жетелей түседі. Оған толық дәлеліміз 
тарихта аталатын әзірбайжандардың ертеде «Мана» 
деген этнонимдік атауы, сонымен қатар жиі талқыға 
түскен «Монғол» этнонимінің «манқол//мыңқол» ата-
лу нұсқасы мен италян, найман этнонимдерінің тілдік 
сабақтастығы. Ежелден келе жатқан «Манас» (Манас 
жыры), «Осман» – анторопонимнің түркілік «ман» 
сөзінен жасалғандығы көрініп-ақ тұр. Бұл сөздерді 
қарастырмас бұрын «ман» элементінің этимологиялық 
тұрғыдан талдаймыз.
Ман – бір буынды моносиллабтық көне түбірлер 
қатарына жатады. Түбір тұлғасын академик Ә. Қайдар 
негіздеген бір буынды (моносиллаб) ілкі түбірлердің 
6 классикалық үлгісіне салып қарастырамыз. Олар 
түркі тілдерінде ертеден қалыптасқан: Г, ГС, СГ, СГС, 
ГСС, СГСС. Мұнда Г –дауысты, С – дауыссыз дыбыс 
белгісі. Ман түбірін осындағы төртінші қатардағы 
үлгіге жатқызылады. Моносиллабтың ең әуелдегі 
құрылымына бару үшін екінші және үшінші үлгідегі 
қатарлардың негізге аламыз. «Ман» моносиллабы ең 
ежелгі «ма» және «ан» ілкі түбірлерінің бірігуінен 
жасалған. ГС үлгісіндегі біріншіден ең ілкі «ан» түбірі 
түркі тілдеріне тән ең актив сөзжасам модельі. Мыса-
лы, күделікті қолданысымыздағы бұлан, қоян, қабан, 
жылан, арыстан, сазан, қиян, сан, жан, қан, тән, қуан, 
аян, сабан, банан, рауан, тағы басқа бірліктерімен қатар, 
суан, албан, алан қатарлы этнонимдердің жасалуына 
негіз болған көне «ан» түбірі. Көне «ан» түбірінің ал-
дына жалғанған СГ үлгісіндегі әр түрлі түбірлер тіл 
дамуының ұзақ уақыттық жемісі. Көне «ан»// «анг» 
түбірі С. Қондыбай бойынша: ежелгі шумерлер тілінде 
«кеңістік», «аспан» деген ұғымды білдірген. Бүгіндегі 
«ай», «аң», «ал» сөзерінің праформасы осы көне «ан/
анг» түбірі [7, 12-13]. Демек, шумер тілімен жалғас 
көне түркілердің «көк тәңірі» танымындағы «аспан» 
(көк – аспан: ай, күн) ұғымы да «ан» түбірінің төл 
түркілік екенін толық анықтайды. Ілкі түбір болып са-
налатын «ан» тұлғасы сөз басында да жиі кездеседі. 
Мысалға, ана, анар, ананас, андижан, анкара, анталия 
т.б. Бұлар әлем кеңістігінің әр түкпірінде кездесетін то-
понимдер, жеке бірліктер, іздей түссек мыңдап табы-
ла береді. Етістік қызметіндегі «ал» сөзінің көне пра-
формасы «ан». Бірақ, көне «алаш, албан, алман, алан» 
этнонимдердің жасалуына негіз болған «ал» түбірінің 


81
ертедегі мағынасы «адам/әскер» деген ұғымнан 
алатындығын А. Махмұтов көрсеткен [8, 28-29]. Осы 
күнде дербес мағыналы аң сөзінің көне праформсы 
«ан», шумерлер «ан» деп аспанды да атаған. Осыған 
байланысты, көне «ан» түбірімен ертедегі түркілер 
бірнеше обьектіні көрсетіп отырғаны байқалады. 
Түбір тарихи аспектіде әр кезеңдік даму, өзгеру жолы-
нан өтіп әлем тілдерінің барлығында дерлік кездесетін 
тұлғалар қалыптастырған. Ең белсенді қолданылған 
түркі тілдерінде, одан фин-угор, герман, англо-
саксондық тілдер тобында. Осы көне «ан» түбірінің 
басқа мағыналарды беруімен қатар, ең негізгісі «адам» 
деген ұғымды білдіретіндігінде. Мәселен, адамның 
шығу тегін, өзегін зерттейтін ғылым саласының атауы: 
«антропология» (грекше antropos – адам) терминінің 
жасалуына негіз болған көне «ан» түбірі екені көрініп 
тұр. Қазақ тілінде бұрмаланып ағылшын деп атала-
тын этнонимнің негізгі тұлғасы «ан» түбірінен келетін 
«англичанин» болып айтылады. Енглич (English) деп 
ағылшын тіліндегі айтылуы этнонимнің аллоэтноним 
екенін аңғартады. Ен моносилабы көне түркі тілінде 
«кеңістік» дегенді білдірген. Бұндай мағынасы бүгінгі 
угор тілінде сақталған [9, 253]. Қазақ тілінде «ен» деп 
бір нәрсені ені, көлемі, шегі деген сипатын танытады. 
«Ан» және «ен» түбірлерінің шығу өзегі бір, тек даму 
барысында семантикалары екіге ажыраған. Сонымен, 
«ан» түбірінің бастапқы мағыналарын екі лексикалық 
қатарға тізбектейміз: бірншісіне, «адам» ұғымын 
беретін көне мағынасы, әуелдегі антропоөзектік 
ұғымы көмескіде қалып қалғандықтан бұл жағын 
әлі де зерттеуді талап етеді. Екіншіге, түркілік «көк» 
концептісіне кіретін «аспан», «кеңістік» мағыналары. 
«Ан» түбірі бүгінде синкретті түбірлер қатарына 
жатады. Мысалы, аңдау, аңғал, аңқау, аңыз, анайы, 
ант, анық, анау, мында (ұйғыр тілінде: мана), бұлар 
«ан» түбіріне көптеген сөзжасам модельдері арқылы 
жасалған екі буынды түбірлер тілдік қолданыста жүр. 
Ман элементіндегі «ан» түбірінің алдына жалғанған 
«ма» түбірі – бұл да көне түбірлер қатарына жата-
ды. Түбір тұлғасын тілімізде қалыптастырған бір 
буынды моносиллабтарынан қараймыз. Олар сана-
улы ғана: мас, мал, май. Қазіргі кездегі лексикалық 
этабында жеке тұрып (мә!) одағай сипатты етістік 
қызметін атқарса, белгілі бір сөзге, сөйлемге сұраулық 
мағынаны туғызатын мәнге ие. Екібуынды «мама» сөзі 
көне түбірдің екі рет қайталанып жасалуынан есім 
тұлғалы мағынаға қол жеткізген. Бұл сөз ешқандай 
орыс-славияндық сөзге жатпайды. Төл түркілік 
«баба» сөзінің дыбыстық б/м құбылысынан өрбіген. 
«Баба» сөзі бүгінде оғыз-қарлұқ тілдер тобында актив 
қолданылады. 
Баба сөзі ата тектік ұғымды берсе, оны фонетикалық 
сәйкестікті мама сөзі ана тектік ұғымды береді. Мама 
сөзі мен ана сөзі м/н аллофондық заңдылықпен бір 
түбірден өрістеген тұлғалар екенін ап-анық аңғаруға 
болады. Сонымен қатар, орыс тіліндегі «мать» сөзі 
түбірдің өзегі ана текті мәнді беретіндігін аңғаруға 
болады. Қытай тілінде ана деген сөз тек «ма» деп 
қана айтылады. Ал, манжур тілінде «маа, майа» де-
ген ана дегенді білдіреді. Бұл түбірді толық тану үшін 
дәлелдер жеткіліксіз, дегенмен көне «ма» түбірінің 
ана текке қаратыла жұмсалатын есім сипаты бар 
антропоөзектік ұғым екені танылып тұр. Тілімізде 
қолданыста жүрген «маман» (профессия) сөзі тек 
адамға ғана қатысты жұмсалып, антропоөзектілік 
бүтін семантиканы береді. Себебі, екі буынды «ма-
ман ˃ ма+ман» түбір тұлғасында ман компонентінің 
мәні айрықша танылып өзіндегі «ма» түбірін тағы бір 
рет алдына жалғау арқылы «адам/тұлға» мағынасына 
«бір нәрсені іске асыратын, іс жасайтын обьекті» 
ұғымды кіргізген. Сосын, бастапқы ман элементіне 
жанасқан семантиканың мәнін тұлға өне бойындағы 
антропонимдік «адам,кісі» ұғымының айналасына 
жинап, ұғым-семантиканы бүтіндей терминдендірген. 
Яғни, кісі ұғымының өзегіне қатысты «іскерлік, іс жа-
саушы» семантикасын бір тұлғамен жеткізген. «Ма-
ман» деп тек адамға ғана айтылатыны белгілі. Бұл 
сөздегі ман (адам, кісі) сөзінің семантикалық қуаты 
жоғары дәрежеде қызмет атқарып тұр. Тек оны, толық 
байқап тағы да этимологиялық сырын аша түсу керек. 
«Ма» түбірі өлі түбір болғандықтан көп ештеңе айта 
алмаймыз. Негізі ең ертеде «ма» аналық тек мәнді, 
«ан» түбірі аталық тек мәнді танытатын мағыналар 
болуы мүмкін. Өйткені тарихи әдеби тілімізде бар Ай-
ман, Манас сөздерінің жұмсалу бағыттарының осын-
дай тек мән тұрғысынан бөлек екенін білеміз. 
Тарихи әдеби тілімізде бағзыдан жеткен Манас 
антропонимінің «ман+ас» екі компонентті көне 
түбірлердің бірігуінен жасалған. Ман – адам, ас – көне 
түркі тілінде «жоғары, биік» дегенді білдіреді [10, 24]. 
Мысалға, ас түбірінің ұғымын өзінің лексикалық этап-
тарында қалыптастырған ек буынды асқар, асқақ, аспан 
сөздерінің семантикасынан танимыз. Ман түбірімен 
келетін мандат, манап, манат, мансап, мандыма, 
маңғаз, манды т.б сөздерді лексикалық қорымыздан 
көптеп кездестіреміз. Бұлардың этимологиялық сы-
рын ашып, салыстырмалы-тарихи тұрғыдан өзектеу 
келешек еншісінде.
Қортындылай келгенімізде, «ман» элементін түптеп 
зерттеудің өзегі көне түркі тілінің әлем тілдеріндегі 
әсері мен ықпалын табуға жол ашады. Сондықтан, 
«қасиетті сөз» арқылы әлем тарихында аталатын алып 
өркениеттердің түп бастауында түркілер тұрғанын та-
уып, жаңғыртып алып шығуымыз керек. Бұл – Елба-
сымыз Н. Назарбаев айтқан бүгінгі күннің ең басты та-
лабы болып отыр. Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті 
қыры» мақаласының мақсатына негізделгендей ұлы 
дала бойымен сан ғасырлар бұрын жүріп өткен түркі 
ата-бабаларымыздың ізін бір ғана сөздің ұғымымен 
көруімізге болады. Мәселен, Еуразияның екі шетіндегі 
«Ит+ал+ман, Най+ман» этнонимдерінің жасалуына 
негіз болған ман сөзі. Сол сияқты біздегі Аламан сөзі 
бұдан мың жарым жыл бұрын Еуропада Алман болып 
этноним сөз дәрежесіне көтерілген. Бұлардың барлығы 
түркі ата-бабаларымыздың әлем кеңістігіндегі орнын 
көрсетеді. Сол себептен, Елбасымыздың мақаласы 
бізді осындай тақырыпқа апарып, еліміздің дамуына 
септігімізді тигізуге мүмкіндік беріп отыр. Әрі біздің 
ғылымға деген құлшынысымызды арттыра түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет