1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет110/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   176
Байланысты:
2-2018

 «ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
103 
ӘОЖ 001. 
 
ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ 
 
Мырзахмет Р.С. 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. 
 
Жалпы алғанда бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау білім 
алушының оқудағы кемшіліктерін уақытында анықтау және оның алдын алу үшін 
өткізіледі. Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының мазмұнын 
меңгеру деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүргізіледі. Тіркеу үдерісі кезінде оқу 
бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың білімін, дағдысын көрсететін 
дәлелдерді жинау жүзеге асырылады. 
Кілттік сөздер:
бөлім/ортақ тақырыптар, жиынтық бағалау, жиынтық бағалау, 
білім алушылар.
В целом, кумулятивная оценка по разделам / общим темам проводится для 
своевременного выявления и предотвращения ошибок обучения учащегося. Кумулятивная 
оценка проводится для определения уровня приобретения контента учебной программы на 
определенный учебный период. Во время процесса регистрации сбор доказательств, 
подтверждающих знания и навыки учащихся, осуществляется в соответствии с 
содержанием учебной программы. 
Ключевые слова:
 раздел / общие темы, совокупная оценка, общая оценка, учащиеся. 
 
Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру 
деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүргізіледі. Тіркеу үдерісі кезінде оқу бағдарламасының 
мазмұнына сәйкес білім алушылардың білімін, дағдысын көрсететін дәлелдерді жинау 
жүзеге асырылады. Жиынтық бағалау тоқсан барысында (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша 
жиынтық бағалау), тоқсан соңында (тоқсандық жиынтық бағалау) және білім беру деңгейін 
аяқтағанда (негізгі орта, жалпы орта) жүргізіледі. 
Жиынтық бағалау бойынша балл/деңгей/баға туралы шешімді мұғалім бағалау 
критерийлеріне сәйкес қолданады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім алушының жұмысы 
бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері 
көмектеседі. Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалаудағы сияқты жоспарлау, түзету, оқу 
үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады. Пән бойынша әдістемелік бірлестіктерге 
жиынтық бағалауға қатысты бақылау тапсырмаларын, әдістерін, кезеңдерін көрсетіп, оқу 
жылына жиынтық бағалаудың жоспарын құрастыру ұсынылады (5-қосымша). 
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына, оқу 
жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі. Аталған 
жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде 
есепке алынатын балдар қойылады. 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың қай сабақта және қандай формада (бақылау 
жұмысы, тәжірибелік немесе шығармашылық жұмыс, жоба, ауызша сауал, эссе және т.б.) 
өткізілетінін мұғалім өз бетінше анықтайды. 
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыруды 
мұғалім оқу бағдарламасындағы өтілген материалдың күрделілік деңгейі мен мазмұнын 
есепке ала отырып, жүзеге асырады. Тапсырмалар оқу мақсаттары, бағалау критерийлері мен 
ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес болуы тиіс. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік 
ұсыныста бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау өткізудің тапсырмалар 
үлгілері, ұсыныс түрінде берілген ата-аналарды ақпараттандыратын рубрика ұсынылған. 
Сапалы бағалаудан бөлек жақсы құралдардың болуы бағалау рәсімдерінде дұрыс 
белгіленген және өткізілген нұсқаулыққа да қатысты екенін есте сақтаған жөн. Білім 
алушылар оқу мақсаттарын жақсы түсінуі және олардан не, қандай мерзім талап етілетінін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет