«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары
102
Қайтсін ол жыламасқа, жанға батты.
Күйінді ол күңіреніп Құлагерге,
Айырылды ол аттан – жақсы, достан тәтті.[6, 367 б.] Бұл шумақтан ақынның қатты
күйзелу мағынасындағы жанына бату фразеологизмін Құлагер өліміне байланысты орынды
қолданғанын байқасақ, Ақанның қайғысын бейнелеуде
Жарлының жалғызы өлсе жанын ұрар,
Дәл сондай жақсы атына Ақан жылар,[6, 368 б.] - деп жанын ұру тұрақты тіркесін
шебер қолданған.
Мен өзім тауда туып, тасында өстім,
Жасымнан мұз төсеніп, қарды кештім.[6, 313 б.] Бұл - «Құлагер» поэмасынан алынған
үзінді. Тілімізде «Мұз арқалап, күл төгу» деген тұрақты тіркес «бар қиындықты бастан
өткеру» деген мағынаны білдіреді. Ал бұл фразеологизм Ілияс өлеңінде өзгеше үлгіде келіп,
жаңа фразеологиялық тіркес болып қолданылды. Сондай-ақ, дәл осы тұрақты тіркес оның
«Жас жалшыға» өлеңінде мүлдем өзгеріп:
Аязды суық боранда,
Қалшылдап өстің сүмсиіп.
Таңды атырдың қораңда,
Қар құшақтап, мұз сүйіп,[6, 65 б.] - деп кездеседі. Ілиястың фразеологизмдерді сөз
саптауына орай дұрыс қолдана білуі оның дара шеберлігінде жатыр. Ілияс тіліндегі
фразеологизмдер адам жан дүниесін, мінез-құлқын, қимыл-әрекетін беруде шығарманы
қуаттандыра түседі.
Қорыта келгенде, ақын І.Жансүгіровтің «күйлі, сыршыл сан ғасырлық, «сұлу сөзбен
алтын сарай салдыртқан» өлмес поэзиясындағы» фразеологизмдер, өзіндік танымына сәйкес
бейнелік мәнге ие болуымен ерекшеленеді.[5, 33 б.] Ақын фразеологизмдерді өлең өлшеміне
лайықтап,
кәнігі
тіркестерді
жетілдіріп,
ойдың
экспрессиялығын
күшейтіп,
фразеологизмдердің арасына сыналап сөз енгізді. Осылайша, образды жаңа фразеологизмдер
жасап, фразеология қорын молайтты. І.Жансүгіровтің халыктың тіл мәдениетін дамытудағы
рөлі мен қазақ тілінің бай қорына қосқан үлесі зор. Сөз зергері суреттеудің, баяндаудың,
бейнелеудің сан алуан түрін еркін пайдаланады. Ол кез келген детальдің өрнек бояуын дөп
басып, жылтырақтық ұғымынан бойын аулақ салып, неғұрлым оған психологиялық
түйін беріп отырады. Ақын өлеңдерінде қазақ тілінің бай сөздік қоры түгел пайдаланылған.
Бұл тәсілдердің барлығы дерлік ақын стилін айқындап қоймай, сонымен бірге ұлттық мінез,
ой-өріс лебін, өмір шындығын толык қамтыған дегіміз келеді.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
Қожахметова Х. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы, Алматы,
1972.-73 бет.
2.
Дүйсенов.М «І.Жансүгіров» монографиясы, Алматы: Ғылым, 1965. -300 бет.
3.
Уәлиұлы Н. Фразеология және тілдік норма. Алматы: Республикалық баспа
кабинеті, 1938.-39 бет.
4.
Сыздық Р. Сөз құдіреті. Алматы: 1993, 94 бет.
5.
Иманғазиев М. І.Жансүгіров. Алматы: Қазақ университеті. 2004.-218 бет.
6.
Жансүгіров І «Құлагер»Алматы, 1997.
|