1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет147/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   176
Байланысты:
2-2018

«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
 
140 
Сәкен Сейфуллин ғылыми қайраткерлігі ауыз әдебиетінің үлгілері мен жекелеген 
ақындардың мұраларын жазып алып, жариялауынан бастау алады. Ол жастайынан талай 
тарланға шабыт сыйлаған Көкшені аралап, ақын-әншілеріне, өнер саңлақтарына қатысты 
деректерді жинай жүріп, зерттеп насихаттау үшін ел арасында айтылып жүрген аңыз-
әңгімелерді , ертегілерді көптеп жазып алып отырған. Сал-серілікті биікке көтерген Біржан 
сал мен Ақан серінің, Үкілі Ыбырайдың, сөз өрнегімен халық жүрегіне жол тапқан Балуан 
Шолақтың ұрпақтарымен кездесіп, оларды білетін, өнеріне тамсанған азаматтардан мол 
мағлұматтар жинауы – Сәкеннің бұл игі іске шындай кіріскендігін көрсетеді. Ақан сері, 
Біржан сал, Майра, Қартқожа т.б. өнер қайраткерлірнің мұраларын ел аралап жүріп жазып 
алса, Жамбыл, Кенен сынды халық ақындарымен жүзбе – жүз кездесіп, Жетісуға аты мәшһүр 
жыршылардың сөздеріне назар аударады. Зерттеуші ғалым ауыз әдебиетінің мұраларын, 
жеке ақындардың шығармаларын, айтыстарын жинағанда өзіне үлгі болар Ш.Уәлиханов, 
Ы.Алтынсарин, В.Радлов, Г.Потанин, Ә,Диваев, М.Ж.Көпеев сынды ғұламалардың 
жәдігерлерін естен шығармаған.
Сәкен алғаш рет «Жаңа мектеп» журналында Құлмамбет пен Майкөт, тама Мұсайын
Байтілеуұлы мен үйсін Қарақожаның айтысын, «Жанқожа жайындағы өлеңдерді» жариялады 
[3]. Осыдан кейін 20-жылдардан басталған үздіксіз ізденудің нәтижесінде «Қазақтың ескі 
әдебиет нұсқалары», «Көркем әдебиет», «Әдебиеттану оқу құралы» сынды қазақ 
фольклортану ғылымына қомақты үлес қосар көлемді еңбектер жазып, бастырып шығара 
бастады. Негізгі зерттеу еңбегі 1932 жылы «Қазақ әдебиеті» деген атпен жарық көрді.
«Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» деген жинақта Бұқар, Балқы Базар, Шортанбай, 
Досқожа, Сүйінбай, Шөже, Орынбай, Құлмамбет, Жамбыл, Кемпірбай секілді жыр 
дүлдүлдерінің өлеңдерін, айтыстарын бастырып шығарды. Кей жыраулардың шығармалары 
алғаш рет осы жинақ арқылы баспа бетін көрді. Сәкен осы жинағында Бұқар жыраудың 
шығармашылығына мол орын беріп, оның тек жырау ғана емес, өз тұсында үлкен 
мәселелерге араласып отырған ірі мемлекет қайраткері, Абылай ханның данагөй ақылшысы 
болғанын жазады. Бұқардың ханға арнап айтқан бір топ өлеңдерін, ел аузындағы аңыздарды, 
әңгімелерді енгізу арқылы Абылайдың қазақ тарихындағы ірі қайраткер болғанын аңғартады.
Сондай-ақ, бұл жинақта Шортанбай шығармалары алғаш рет топтастырыла жарияланды. 
Сәкен Сейфуллиннің бұл еңбегі – ауызекі әдебиет өкілдері шығармаларының басын 
біріктіріп, құрастырған алғашқы жинақтардың бірі болуымен айрықша құнды.
«Көркем әдебиет» атты оқулық (Ө.Тұрманжановпен бірлесіп жазған) қазақ 
оқырмандарына Абай, Сұлтанмахмұтпен қатар Қазан төңкерісіне дейін бірнеше жинақ 
жариялап, қазақ әдебиетіне сүбелі үлес қосқан белгілі дарындар жайында кең ой толғайды. 
Абай, Ғұмардың шығармалары, көркемдігі, тіл ерекшеліктері жоғары бағаланады. 
Әдебиетімізге қосқан үлестері орынды, ұстамды пікірлермен баяндалады. Оқулық туралы 
Тұрсынбек Кәкішұлы: «Автор қазақ әдебиетінің асыл тұлғаларын кейінгі ұрпаққа 
таныстырып, өнегелеу мақсатында көп күш жұмсады және келешекте қазақтың жазба 
әдебиетінің тарихын жасаудың алдын ала жасалған барлауы болып та көрінеді. Өйткені ол 
кезде мектеп оқулығын бірден әдебиет тарихына айналдырып жіберу мақсаты әлі күн 
тәртібіне койыла коймаған-ды.» деген пікір айтады.
Сондай-ақ, Ыбырайдың, Ақан серінің, Ақмолланың өлеңдерін, Шәкәрімнің «Ләйлі-
Мәжнүн» дастанын жеке-жеке жинақ етіп, алғы сөз жазып, халыққа ұсынған да Сәкен.
Әсіресе, Сәкеннің Ақмолланы тануға қосқан үлесі зор. «Ақмолла – қазақ әдебиеті тарихынан 
да, татар әдебиет тарихнан да зор орын алуға тиіс ақын екені рас » - деп ұлт әдебиеттеріне 
ортақ құбылыс екенін алғаш айтты.[4] Қазақ әдебиетінен де лайықты орын беріп, 
шығармаларын жинап, зерттеу керектігіне баса назар аударды.
Шәкәрім аударған «Ләйлі-Мәжнүнді» бастыруын да үлкен ризашылықпен айтуымыз 
тиіс. «Дастанды қазақшаға аударған белгілі ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы» - деп ашық 
жазуы, Шәкәрімнің атын атап, тәуекелге баруы – сол кезең үшін ерлікпен пара-пар еді.[5] 
Сөйтіп, Сәкен қазақ ақындарының мұрасын тануға өзінің зор үлесін қосып қана қоймай, 
әдебиет тарихын жасауға қажетті істердің үлгісін де көрсетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет