1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет143/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   176
Байланысты:
2-2018

«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
 
136 
шығардық. Одан кейінгі үшінші кітап «Тар жол, тайғақ кешудің» текстологиялық талдау 
кітабының бояуы әлі кепкен жоқ, кеше ғана қолымызға алдық. «Тар жол, тайғақ кешудің» 
алғашқы нұсқасы мен кейін баспа бетін көрген нұсқаларының арасында көптеген өзгерістер 
болған. Түпнұсқа мен кейін жарияланған кітаптардың арасында айырмашылық бар. Соны 
саралап, біздің ұжым айырмашылығын анықтады. Бір кітап болады деп ойлаған едік. Бір 
кітапқа сыймай қалды. Сондықтан жартысын биыл, кітаптың жалғасы «Сыр сандықтың» 
төртінші кітабы болып келесі жылы шығады», [4] - деген еді.
Бұл – ғылыми маңызы зор жоба. Маңызы сол – осы күнге дейін «Сәкенді 
Алашорданың жауы», «сатқын», «романда өзін-өзі мадақтап, Алашты сынаған» деген 
сыңайлы қысыр сөздерге текстологиялық талдаудың көңілге қонымды жауабы берілді. Бұны 
– ұжымдық монографиялық зерттеу еңбегі деп қабылдау керекпіз. Себебі, әр жылдары 
шыққан нұсқалармен қатар 1922 жылдан бастап «Қызыл Қазақстан» журналында жарық 
көрген үзінділері де текстологиялық талдаудың негізгі нысаны болмақ. 
Қорытынды: 
Текстологиялық талдау жұмысы дегеніміз – асқан ыждағаттылық пен қырағылықты 
талап ететін, немқұрайлы, салғырт қарауға болмайтын мәселе. «Тар жол, тайғақ кешу» 
роман-эссесінің бұрмалану себебі – 1927 жылдан кейінгі нұсқасына (1936 жыл, латын 
қарпімен жарық көрген екінші басылымы) автор өзі редакциялық жұмыс жасап
толықтырған. Ал, қалған жылдардағы нұсқаларына лито тарапынан «толықтыру» 
жұмыстары жүрген. Өйткені, социалистік идеологияның «қайшы» цензурасы – «Алашорда» 
автономиясының тарихта болмаған, құрылмаған қылып көрсетуді, қазақты надан, оқымаған 
халық деп ұғынған және осы жолда кейінгі қазақ буынын сауатсыз, надан етуге аянбай еңбек 
еткен. Бұрмаланып, өзгерудегі бар мәселе – осы. 
Ақбоз атты құлатқан – жала-керме, 
Магаданға мола іздеп бара берме. 
Сәкен деген – халқымның рухы ғой, 
Рухтарды көмбейді қара жерге! - деп Алаштың ақберен ақыны Ғалым Жайлыбай 
айтпақшы, Сәкен – қазақ халқының көгінде мәңгі жарқырап тұра беретін жарық 
жұлдыздарымыздың бірі. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
Кәкішев Т. 
«Сәкен Сейфуллин» 1997ж. 
2.
Ахмет К. С. «Тар жол, тайғақ кешудегі тарихи тұлға және көркем бейне»
3.
Қирабаев С. Сәкен Сейфуллин. 1973ж.
4.
Айтұлы Н. Сәкен туралы сөз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет