1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет141/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   176
Байланысты:
2-2018

ӘДЕБИЕТТЕР
1.
1.Байменшин С. Тұңғыш құрбан. Б.Майлиннің белгісіз шығармалар жинағы. –
Алматы: Рауан,1994. 
2.
2.Сарбалаев Б.Бейімбет Майлин.-Алматы: Мектеп,1988. 
3.
3.Дулатов М. Шығармалары. -Алматы: Жазушы,1991.-256 б.б. 
4.
Ісімақова А. Алаш әдебиеттануы. А.,2009.-255б. 


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
 
134 
ӘОЖ 001. 
 
СӘКЕН СЕЙФУЛЛИННІҢ «ТАР ЖОЛ, ТАЙҒАҚ КЕШУ» 
МЕМУАРЛЫҚ РОМАНЫНЫҢ БҰРМАЛАНУ СЕБЕПТЕРІ 
 
Сабырова Б.Б., Мукашева Б.А. 
«Текелі кәсіптік колледжі» МКҚК, Текелі қ. 
bakytgul_71@mail.ru 
 
«Менің кітаптарымның кемшілігін Маркс айтқандай, өзім де тым жақсы білем. 
Қанша кемшіліктері болғанмен еңбекші, жұмыскер таптың оқуына жараса, еңбегімнің еш 
болмағаны. «Дұшпанның жаны шыға жамандағанынан сөзімнің тәуір шыққандығын 
білдім» деп Калинин айтқандай, кейбір әуре «білімпаздардың» талақша тарсия 
жамандағандарынан кітабым тәуірлеу жазылған-ау деген қорытынды жасадым». 
 Сәкен Сейфуллин 
ХХ ғасыр әдебиетіндегі дау-дамайлы күрделі мәселенің бірі – көрнекті қазақ-совет 
әдебиетінің негізін салушы, дауылпаз ақын Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» 
мемуарлық романы.
1927 жылы Қызылорда қаласынан жеке кітап ретінде араб қарпімен жарық 
көрген алғашқы шығарылымынан кейін, 1936 жылы латын қарпімен шыққан екінші басылымы, 
1960 жылы кириллица қаріпімен шыққан үшінші, 1977 жылғы төртінші, 1988 жылғы бесінші 
нұсқаларын салыстырсақ, жер мен көктей айырмашылық бар екен. Ол қандай 
айырмашылықтар? 
Романның әрбір нұсқасы неліктен өзгеше? Бұрмалану себебінің мәнісі қандай? Осындай 
сансыз ирілген сұрақ белгілерге қашан жауап береміз? Бұл роман төңірегіндегі теріс пікірлер әлі 
күнге дейін айтылып та, жазылып та жүр. Өткен жылдары бір әдебиеттанушының «Сәкен 
Сейфуллин – Алашорданың жауы болған» деген сыңайлы пікірін оқып қалғанбыз. Әсіресе, 
Сәкенді халыққа жеккөрінішті қылап отырған осы – тарихи мемуарлық романы сияқты. Сонда
бұл роман халыққа несімен ұнамай отыр? Міне, басты сұрақ – осы.
Әуелі, роман жайында аз-маз айтып өтсем. 
Бұл роман – сол кездегі қоғамдық - саяси өмірдің көркем шежіресі іспеттес тарихи 
тұрғыдан баяндалған мемуарлық шығарма.
«Тар жол,тайғақ кешудің» жанрлық жағынан 
ерекшелігі де – тарихтағы өткен оқиғалардың нақты көрсетілуі, әрі оның көркем шығарма 
түрінде жазылуында. Басты кейіпкер – Сәкеннің өзі. 
«Тар жол, тайғақ кешудің» алғашқы бөлімдері 1922 жылдан бастап «Қызыл Қазақстан» 
журналында жарық көрген.
Роман Омбы семинариасын бітірген Сәкен Сейфуллиннің Бұғылы еліне мұғалім 
болуынан, Ресейде өткен сынақ жұмысына араласуынан басталып, Әулиеатаға келіп, Шуда 
кеңес үкіметін құру сияқты саяси оиғалармен аяқталады. Осы аралықта 1916 жылғы ұлт-азаттық 
қозғалыс, төңкеріс кезеңі, ақ пен қызыл соғысы, түрлі партиялардың қызметтері, кеңес 
үкіметінің Ақмолада орнауы, Чехтар көтерілісі, Ақмоладағы кеңес үкіметінің құлап, өкімет 
мүшелерінің қолға түсуі, түрмедегі көрген азаптары т.б. суреттеледі.
Романның негізгі сюжеті – сол уақыттағы қазақ даласында болған ірі саяси оқиғалар. 
Мысалы, Г.Е.Львов пен А.Ф.Керенский басқарған Уақытша Үкімет, Алаш қайраткерлері құрған
«Алашорда» ұлттық автономиясы, әр түрлі бағыттағы ұйымдардың құрылуы сияқты ірі тарихи 
оқиғалардың басы-қасында болған Сәкен Сейфуллин өзінің көргенін, білгенін тарихқа қалдыру 
үшін, Ұлы Қазан төңкерісінен бастап қағазға түсіріп, оны көлемді романға арқау етті. 
Жазушы 
тек тарихи оқиғаларды баяндап қоймай, сол кездегі әлеуметтік, саяси жайттарға тоқталып, 
тұрмыстық, этнографиялық ерекшеліктерді де көрсетеді. 
Роман сол мезетте-ақ, өз алдына жеке 
кітап болып баспадан шығып, оқырманымен қауышты. Ол уақытта барлық Алаш 
қайраткерлерінің көзі тірі еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет