1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет142/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   176
Байланысты:
2-2018

 «ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
135 
1937 жылғы зұлматтан кейін Сәкенді, дұрысы, оның «Тар жол, тайғақ кешуін» 
кінәлайтындардың қатары көбейді. Себебі, НКВД-ның қызыл қырғынды тирынан Сәкеннің 
де, басқа Алаш қайраткерлерінің де ғұмыры келте қайырылып, қыршын кеткен еді. 
Сәкен Сейфуллиннің өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметі, партиялық наным-
сенімі мен азаматтық көзқарасы хақында әркім әр түрлі пікірде. [3, 17б.]
Біздің бұл жердегі айтпағымыз – «Тар жол, тайғақ кешу» романының әр жылдары 
шыққан нұсқалары. Бұл романның тарихи шындығы жайында сәкентанушы ғалымдар 
Тұрсынбек Кәкішұлы мен Күләш Садыққызы көп ізденіп, арнайы еңбек жазды. Осы орайда 
профессор Т.Кәкішұлының мына пікірін мысалға алсақ: «ХХ ғасыр басындағы тарихи 
оқиғалардың энциклопедиялық анықтамасы болған роман-эссенің тарих пен әдебиеттің бел 
қайыстырар ауыр жүгін қосарлай арқалауы, құйынды да дауылды, шапағатты да қасіретті 
кезеңнің щежіресін жасап беруі Сәкен үшін ғана емес, бүкіл әдебиетіміз үшін орасан олжа. 
Өйткені ұлтымыздың тағдыры тәлкекке түскен 1916 жыл зобалаңының, 1917 жыл елді 
қаңсыратқан төңкерістің басы қасында қазақтың ойы толғамды, тілі өткір, қаламы жүйрік сөз 
зергерлері аз болған жоқ. Алайда солардың ішінен шыңға шыққан шынардай тек Сәкеннің 
ғана «Тар жол тайғақ кешуді» жазуы, бірінші уақыт талабы болса, екінші автордың қаһарман 
батылдығын, ұрпақ алдындағы адалдығын, әлеуметтік парызын мықтап сезгенін 
аңғартатыны сөзсіз» дейді. Яғни, бұл сөзден шығар түйін мынау – Сәкеннің аталмыш 
романында «Алашорда» ұлттық-территориялық автономиясының құрылуы және оның 
бағыт-бағдары жайында жазылған тұңғыш тарихи дерек осы.[1, 43б.]
Т.Кәкішұлы мен К.Садыққызы «Тар жол, тайғақ кешу» жайындағы «Тар жол, тайғақ 
кешудің» тағдыры» атты зерттеу еңбектерінде романның түпнұсқасы мен әр жылғы 
шығарылымы жайында және ондағы өзгешеліктер мәселесі туралы оң пікірлерін айтқан. 
Мәселен, К.Ахмет: «Өмірдің талай тар жол, тайғақ кешулерінде» Сәкен Сейфуллин «Алаш» 
азаматтарының ешқайсысын да жамандыққа қиған емес. Сотына қатысқан емес. Бұған оның 
«Тар жол, тайғақ кешу» романы (1927), сәкентанушы ғалымдардың ғылыми-зерттеу 
еңбектері нақты дәлел бола алмақ. Қаншама жан түршігерлік азапты бастан өткерген Сәкен 
еш уақытта ешкімді ашық та, бұғып та көрсетпеген» деп зобалаң жылдардың ақиқатын 
айтады [2]. 
Айта кететін жайт, биылғы жылдың ақпан айында Астана қаласындағы С.Сейфуллин 
музейі Ғылыми кеңесінің шешімімен «Сырсандық» сериясымен шығатын екінші кітап – 
Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романының алғашқы нұсқасы мен әр жылдары 
шыққан нұсқаларына текстологиялық талдау жүргізіп, осы күнге дейін бұрмаланып келген 
жайттардың ақ-қарасын ажыратып, қазақ оқырманына ұсынды.
Он екі томдыққа «Тар жол тайғақ кешу» романы алғаш рет 1927 жылғы 
басылымымен берілді. Оның не ерекшелігі бар: мынау байшыл, ұлтшыл, алашордашылар 
дегенді құртуға, тұқыртуға үгіттеген адам Сәкен болып отырған сияқты боп көрінеді ғой 
қазіргі біздерге. Ал «Тар жол, тайғақ кешудің» 1927 жылғы жарияланған нұсқасында мұндай 
сөздер жоқтың қасы. Келесі жарияланған нұсқаларда қызыл цензура, лито білгенін істеп, 
тізеге басып, Сәкеннің аузына не секілді күлдібадам әшкерелегіш сөздерді салып жіберген 
тәрізді. Ал мына 1927 жылғы нұсқада «қазақтың оқығандары, қазақтың төрелері» деген 
сөздермен алашорда қайраткерлері туралы түсініктерін тұспалдап береді. Ал 1936 
жылғысында байшыл, ұлтшылдар, алашордашылар дейтін терминдерді Сәкен өзі қолданды 
ма, жоқ литода отырған адамдар немесе редактор қолданды ма, ол әлі анықталмады.
Бұл жайлы С.Сейфуллин музейінің директоры, белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың 
иегері Несіпбек Айтұлы: – «Қарашаңырақта ұлы ақын Сәкеннің рухына арналған көптеген 
шаралар өтіп жатыр. Бүгін үш шара өткізейік деп отырмыз. Біріншісі – Сәкеннің фарфордан 
жасалған мүсінінің ашылу салтанаты. Екіншісі – «Тар жол, тайғақ кешу» романына 
текстологиялық талдау. Биыл үшінші жыл «Сыр сандық» сериясымен кітаптар шығарып 
жатырмыз. Бірінші кітап «Көргендердің көзімен, Сәкеннің салған ізімен» деген атаумен 
жарық көрді. Екінші кітапты Сәкенді зерттеуші ұлы ғалым Тұрсынбек Кәкішұлы ағамыз 
туралы естеліктерді жинақтап, ол кісінің өмірден өткенінің бір жылдығы қарсаңында 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет