1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет145/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   176
Байланысты:
2-2018

«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
 
138 
ақын адам жанын берік қоймаға балайды. Ол қойманың кілті құз-қияда, оны ашу адал 
достың ғана қолынан келмек. Ақын жан сырыңды түсінер, сен үшін отқа да, суға да түсер 
нағыз дос пен бейне жем іздеген тауықтай керегіңде сені шырқ айналып төңіректейтін, ал 
басыңа бұлт үйірілсе жалт бертін жалған досты салыстыра қат ар алып, осы арқылы ізгілік 
пен пасықтықтың ара салмағын пайымдаған. Шіркін, осындай достарым болса ғой деп мен 
де арман жетегіне еріп, қиялдың тұлпарын міндім.
Нағыз достар сыр ақтарып,
Бірақ қалып, шыңдап барып сүйіскен,
Сол қойманың бір түкпірін,
Достың досы ақтарған, -
деген жолдардан ақынның ішкі сыры аңғарылып тұр. Сыр ақтатар досты «Сыр 
сандықтың» ішінен тап деуінің өзі өмір шындығынан алынған демекпін. Ақын тұдырымды 
ойларын өзінің жан сыры арқылы береді. Сол сырдың кілтін табуға көбірек үңілген сияқты. 
Күй шертуге анда-санда,
Сырласарлық дос керек.
Кейде ашуға сол түкпірді,
Сыр түйіскен жан керек, -
деп ақын көңіл-күйін шертетін, ішкі сырыңды ашатын, түсінетін адал досты аңсағаны 
байқалады.
Шынында да: 
Сарыарқаның бір тауы бар, 
Бір тауы бар сымбатты. 
Сол таудан сен сыр тауып ал, 
Сыр тауып ал, қымбаттым, –
деп ырғағы мен ұйқасы бірдей қайталанып, үндесіп те, үйлесіп те тұрған ойнақы 
тармақтарда бір оқығанда-ақ жадында жатталып қалар ғажайып сиқыр, көркемдік келісім 
бар. Бұл, әрине, ақынның шеберлігі. 
Өлеңнің түйіні іспетті мына жолдарда ақынның келер ұрпаққа өнегелік тағылымы 
жатыр.
Сөзім сыла, тыңда досым,
Тыңда досым, тыңдап ал.
Бір сандық бар ол сандықта
Ол сандықта бір сандық
Сырдың кілті қол сандықта
Сол сандықта сыр сандық.
С.Сейфуллин бұл тақырыпқа неліктен қызықты?
Бұл жерде ақынды қызықтырған нәрсе өзінің ақындық мақсатын неғұрлым тиімді 
жеткізу деп қараған. Міне, С.Сейфуллиннің өлеңді жасаудағы суреткерлік мақсаты осы 
болатын. Ақынның «Сыр сандық» туындысын оқу арқылы, кім болса да өзінің жүрегіне 
терең бойлап, көңілінен сыр сандық іздері анық. Кез-келген адамның сыр сандығы болады. 
Бірақ, сыр сандықты кез-келген адамға ашуға болмайтынын да ескерте кеткен жөн. Өлең 
жолдары арқылы адамның жан-дүниесінің ішкі астарын, сезімінің, көңілінің нәзік қылын 
шерте білгенін байқаймыз. 
Достық деген кең ұғым болса, соның сырын жарқырата ашу, оның мәнін айқындай 
түсу үшін керек болған. Атыңнан айналайын, Сәкен аға, осыншама адал досты табу, 
сырласар жанды іздеуде сіз айтқан ойлар сірә естен шықпайды!.
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Сейфуллин С. Аққудың айырылуы. Өлеңдер мен поэма, әңгімелер мен повесть. – 
Алматы: Атамұра, 2003.-224 бет. 
2. Сейфуллин С. Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Мектеп , 1983.- 198 бет. 
3. Қирабаев С. Сәкен Сейфуллин. – Алматы, Жазушы, 1974.-432 бет. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет