1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет46/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   176
Байланысты:
2-2018

«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
 
46 
Сыдықов, Ә.І. Сембаев, Қ.Б. Бержанов т.б Қазақстан мектептері мен халық ағарту ісіне баса 
назар аударып, ондағы халықтың педагогикасының алатын орынын да аша көрсеткен.
Ұстаз оқушыларға білім беру барысында оқу үдерісін ұйымдастыру кезінде тұлғаның 
дұрыс қалыптасу мүмкіндігін зерттеп, жеке бас ерекшелігін аңғарып, осыған сәйкес жұмыс 
істегенде ғана орынды педагогикалық шешім табады. Химия пәнінің көптеген мұғалімдері 
оқушыларды химия ғылымының заңдарымен, қоршаған ортада жүріп жатқан химиялық
құбылыстармен таныстырып, оны көруге, сезінуге, түсінуге жағдай жасау арқылы дүниедегі 
химиялық айналулармен оқушыларды қаруландырудың жолдарын таңдай білуі, заттар және 
олардың көптүрлілігі туралы ұғымды меңгерте отырып, сабақта көркем әдебиетті, поэзияны, 
оқу ойындарын енгізу арқылы оқушылардың жеке шығармашылығын қалыптастыруға 
болатындығын дәлелдеді. 
Осы орайда, химия пәнін көркем әдебиет пен поэзияны, оқу ойындарын пайдалану 
арқылы оқушының танымдық белсенділігі мен шығармашылығын дамыту жолдарын 
Г.Г.Филимонова, 
А.Р.Нұрахметова, 
Ж.Ж.Жұмаханов, 
З.Т.Мүшрапилованың 
зерттеу 
жұмыстарында қаралған. 
Ж.Жұмақановтың еңбектерінде химияны оқытуда оқушының сабаққа деген 
қызығушылығын күшейтіп, әңгімелер, өлеңдер оқыту оқушылардың белсенділігін арттыру 
үшін, олардың мазмұнын мәтінге сәйкес талдаудың тиімділігін дәлелдейді[2]. Ал, 
З.Мүшрапилованың жұмысында химияны көркем әдебиетпен поэзиямен байланыстыра отырып, 
оқытқанда оқушының шығармашылық қабілетін көтеруге болатындығын көрсетеді[3]. 
Г.Филимонова мен А.Р.Нұрахметовалар зерттеулерінде ойын арқылы оқытудың, 
оқушылардың білім деңгейін көтерудегі тиімділігіне негіздеп оқушылардың танымдық 
дербестігін қалыптастыру жолдарын қарастырған[4-5]. 
Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесін, танымдық мұрасын, 
салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз ертегілері, жұмбақ, мақал-мәтел, өлең жырлары, ұлттық 
ойындары ерекше тәрбиелік мәні бар баға жетпес асыл қазына. 
Қазақстан Республикасы жер қойнауының табиғи кен байлықтарға өте бай Д.И. 
Менделеевтің периодтық жүйесіндегі элементтердің бәрі дерлік біздің туған өлкемізден 
табылады. Білім беру ісін батыл да табанды қайта құрудың талап етілуі еліміздің барлық 
салаларында болып жатқан өзгерістермен тығыз байланысты. Өркениетті қоғам мен құқылы
мемлекеттің қалыптасуы, өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау 
қабілеті мен шығармашылығын, білімділігін талап етеді. 
Парасатты да білімді, білікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу олардың дүниетанымын 
жалпы адамзаттық деңгейге көтеруді, бойында ұлттық салт дәстүрді, адамзаттық намысты
қалыптастыруды керек етеді. Оқушылардың ойын дамыту туралы атақты ойшылдардың 
шығармаларындағы педагогикалық пікірлер мен қағидалары біздің зерттеулеріміздің өзегі 
болып, септігін тигізді.
Халықтық педагогика мәселесіне байланысты ой қозғағанда Қорқыттың ұлттық 
педагогикаға байланысты қағидаларын, Абайдың дана сөздерін, Ы.Алтынсарин мен
А. Байтұрсыновтың педагогикалық идеяларына сүйенбей өте алмаймыз. 
М.Жұмабаевтың бүкіл педагогикалық, психологиялық еңбектерін дамыта отырып оқыту 
оқушылардың қиялын, ойлау қабілетін жетілдіру мақсаттарын жүзеге асыруда қазіргі таңда да 
құны жоғары. Атақты педагогтың оқушылардың ой-қиялын дамыту жолдарын талдаған 
қағидалары осы заман талабымен астасып жатыр. 
Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығында оқытудың білімдік және тәрбиелік 
мақсатын ұлттық тәрбиеге негіздегенде ғана оның сапалы білім беріп, жастардың санасын 
көтеруге жәрдемі тиетіндігін айтады. М.Жұмабаев өзінің осы еңбегінің кіріспе бөліміндегі 
түсінік хатында «Шамам келгенше қазақ қанына қабыстыруға тырыстым», - деп халықтың 
әдет-ғұрпын негізге ала отырып жазғандығын көрсетеді. Бұл пікірінің тағы бір дәлелі «Жанның 
түкпірінде жатқан ойларды, жүректің жетпіс қабат астында жатқан ыстық сырларды ашып, 
шешіп беретін адам «сезімінен қымбат дүниеде не нәрсе бар» деп, есіту сезімінің адамның көру 
сезіміне көмектесетінін, көз заттың сыртын ғана көрсе, құлақпен есіту заттың бүкіл қасиетін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет