1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет45/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   176
Байланысты:
2-2018

 
 
 
 


 «ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
45 
ӘОЖ 001.894 
ОРТА МЕКТЕПТЕ ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА 
ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ БАРЫСЫ 
 
Әбдіқадырова К.С., Нуртаева Г. 
Тельман Жанұзақов атындағы орта мектеп, Райымбек ауд., І. Жансүгіров атындағы 
Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. 
galiya.abdykadyrova.68@mail.ru 
 
Бұл мақалада қоғамның ұлттық мәдени тұрғыдан кемелденуі, жас ұрпақты өз 
халқының рухани қазынасымен, ұлттық тәрбиенің озық, өнегелі дәстүрлерімен тереңірек 
таныстырып, соның негізінде жеке тұлғалы қалыптастыруға, жеке тұлғаның 
шығармашылық, рухани мүмкіндіктерін дамытуға байланысты тәрбие мен білім беруде 
мұғалімнің кәсіптік даярлығын қамтамасыз етуді міндеттейді. 
Кілттік сөздер
:
ұлттық мәдени тұрғы, жас ұрпақ, тәрбие мен білім, рухани 
мүмкінділік, жеке тұлға. 
Эта статья обязывает учителя стать учителем в области образования и 
воспитания, улучшения национальной культурной самобытности общества, введения 
молодого поколения с духовными сокровищами своего народа, прогрессивных традиций 
национального воспитания на основе личности, развития личности, духовности личности. 
Ключевые слова:
национальная культурная идентичность, молодое поколение, 
образование и образование, духовные возможности, личность. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ұлт мәселесіне қатысты жалпы үрдісті танып-түсіну, сөз жоқ, 
қажет. Мұнсыз мемлекеттік дамудың жалпы логикасын бажайлау мүмкін емес», - деп 
көрсеткен. Қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси
және жаңа технологиялық өзгерістерден, ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыстардан білім мен 
тәрбие беру жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру қажеттілігі туындап отырған мәлім [1]. 
Бүгінгі таңда қоғамның ұлттық мәдени тұрғыдан кемелденуі, жас ұрпақты өз 
халқының рухани қазынасымен, ұлттық тәрбиенің озық, өнегелі дәстүрлерімен тереңірек 
таныстырып, соның негізінде жеке тұлғалы қалыптастыруға, жеке тұлғаның шығармашылық, 
рухани мүмкіндіктерін дамытуға байланысты тәрбие мен білім беруде мұғалімнің кәсіптік 
даярлығын қамтамасыз етуді міндеттейді. Өйткені, егемен еліміздің болашағы оның 
материалдық және рухани дамуы, жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің деңгейіне 
байланысты. Сондықтан да қоғамның білім беру жүйесін жаңарту мен жетілдіру мәселесі 
мұғалімнің алдында зор міндеттер жүктеп отыр. 
Осыған орай, химияны оқытудың жаңа әдістемелік жүйесі, мектептерде пәнді оқытып 
үйретудің тиімді жолдарының бірі, оқушылардың іс-әрекеттерін белсендіру мен тиімділігін 
арттыру, педагогикалық технологиялармен ұштастыра жүргізу жұмысын тәжірибеге енгізу 
мәселесіне ерекше көңіл аудару қажеттігін көздейді.
Оқушыларды қоршаған орта заттары және құбылыстарымен таныстырып, олар 
жайында ғылыми ұғымдарын жүйелеп, көзқарастарын қалыптастыруда орта мектепте 
оқытылатын химия пәнінің мәні өте зор. Сондықтан да химияны оқытудың әдіс-тәсілдерін 
сан-салалы бағытта, жан-жақты қарастыру көзделеді. 
Химияны оқыту мәселесі белгілі педагогтар мен әдіскерлердің назарынан тыс қалмай 
үнемі зерттеу нысанасына айналып келді. Атап айтқанда, А.Аймағамбетова,
А.Г.Сармұрзина, Н.Н. Нұрахметов, К.А. Сарманова, М.Р.Танашева т.б көптеген 
зерттеулерде оқу үрдісіне жаңа технологияны енгізу жолдарын қарастыру тенденциясы 
оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттерін, шығармашылығын дамытуға негіз 
салатындығы көрсетілген болса, халықтық педагогика элементтерін оқу-тәрбие үдерісінде 
пайдалану барысын қазақ педагогикасының аса көрнекті өкілдері Т.Т. Тәжібаев, Ә.С. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет