1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет69/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   176
Байланысты:
2-2018

«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
 
66 
1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясының ықпалымен патша өкіметінің 
саясатына қарсы болып, жергілікті қазақ-қырғыз арасында саяси-ағартушылық жұмыстар 
жүргізгені үшін 1908-09 жылдары қызметінен қуылған. Сөйтіп, Ақсу ауданындағы Сүттіген 
ауылына көшіп келген Барлыбек Санк - Петербургте сатып алған әлемдік әдебиеттің
алтын қорына 2000 кітапты елге артып ала келеді. 1909 жылдан өзі қайтыс болған 1914 
жылдың аяғына дейін «Қарағаш» мектебінде оқып жүрген қазақ балаларына орыс тілі мен 
әдебиетінен сабақ берсе керек. Өйткені, Барлыбектің баласы Сыртанов Кәке өзінің жазба
естеліктерінде «мұғалім болып жүргенде Ілияс Жансүгіров Барлыбектің кітаптарын алып, 
сақтап жүретін» дейді. Ал сол жылдары Ілиястың «Қарағаш» мектебінен оқығаны белгілі. 
Сондағы Барлыбек Сыртановтың кім екендігі анық аңғару үшін мына дерекетерді айта 
кеткен жөн. 
Барлыбек Сыртанов 1866 жылы Жетісу жерінің Қапал уезінде дүниеге келген. 
Барлыбектің әкесі өте ақылды, көреген кісі болған.
Барлыбек Сыртанов Верныйдағы ерлер гимназиясына оқуға түседі. 1866 жылы бұл 
оқу орнын өте жақсы деген бағамен бітіреді. Сыртанов өзінің өте қиын тұрмысына қарамай 
оқуын жалғастыра береді. Ерлер гемназиясының директоры Д. Новак Барлыбектің білімге 
деген құштарлығын байқап, оны Жетісу әскери губернаторына өтініш айтып оның білімін 
Петербургке әрі қарай жалғастыруын сұрайды.
1886 жылы Сыртанов Барлыбек Петербург университетінің шығыстану факультетіне 
оқуға түседі. Онымен бірге Қазақстанның басқа да жақтарынан оқуға көптеген студенттері 
оқиды. Олардың ішінде: Оралдық Бақытжан Қаратаев, Қостанайдан Жанша Сейдалин, 
Көкшетаулық Мәмбетәлі Сердалин, Ақтөбелік Абдолла Теміровтер болды және көптеген 
студенттер болды.
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында айшылық алыс жерден Санкт-Петербург университетіне 
білім, ғылым, өнер үйренуге барған Барлыбек Сыртанов, Бақытжан Қаратаев, Мәмбетәлі 
Сердалин, Бақтыгерей Құлманов, Абдолла Теміров сынды бір топ қазақ жастары жұрт ісін 
түс көрмей, ояу жүріп іздеу – мақсат деп «Жерлестер» ұйымын құрды. «Жерлестер» – қазақ 
тарихындағы ең тұңғыш ұйытқы болған жастар ұйымы. Қазақ қайраткерлері шыңдалған, 
өмірлік мұраттарын айқындауға септігін тигізген ұйымда олар басқосулар өткізіп, түрлі 
шаралар ұйымдастырып, танымын қалыптастырды. Сонымен бұл ұйым қалай дүниеге келді, 
заманының ыңғайы қалай болды? деген сұрақтарға жауап берелік.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында тарихи өзгерістер бола бастады. ХІХ ғасырдың 60-
жылдарында Қазақ жерінің Ресей құрамына қосылуы патша өкіметінің субъективтік 
мақсаттары мен мүддесіне сай жұмыс жасады. Қазақ жұртының жігері мүжіле, жері 
жырымдалып, талан-таражға түсе бастады. Ұлтының хал ахуалының мүшкілденуі, сайқал 
саясаттың сырын түсінген Б. Сыртанов, Б. Қаратаев, М. Сердалиндердің көз алдында өтті. 
Дәл осындай күрделі де аса ауыр жағдайда тарихи сахнаға Санкт-Петербургке оқуға аттанған 
қазақ жастары шықты. Барлығын да ел үкілі үмітпен аттандырған еді. М. Тынышбаев ұстазы 
Б. Сыртанов туралы өзінің естелігінде: «…Сондай қиыншылықта Жетісу деген бір түкпірден 
қазақ көрмеген я естімеген жерге Барлыбек …жарық дүние көруге, кейінгілерге үлгі болып, 
жол көрсету үшін жалғыз кетті» дейді. Ал Жетісу облысынан тұңғыш болып Санкт-
Петербургке білім алуға аттанып бара жатқан Барлыбек Сыртановты бүкіл ел болып, Құдайы 
тамақ беріп, Құран оқытып және жиған-тергендерін қолына ұстатып ұзақ сапарға шығарып 
салады. Осылайша әрбір қазақ баласы ел аманатын арқалап Санкт-Петербургке келген 
болатын. Қазақ қоғамындағы қалыптасқан әлеуметтік жағдайлар мен саяси-құқықтық 
қатынастар қазақ даласының әр түкпірінен Санкт-Петербургке келген қазақ жастарының 
өзара тізе қосып бірігуіне әкелді, әрі олардың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін анықтауға 
әсер етті. «…Сол кезде Петроградта 2–3-тей-ақ қазақ студент бар еді, қазақ арасынан 
университетке алғаш кірген солар еді», – деп жазады М. Тынышбаев. Солардың бірі – 1881 
жылы Петербург университетінің заң факультетіне қабылданған Бақтыгерей Құлманов. Ол 
осы факультетте 1884 жылға дейін оқып, әр түрлі себептерге байланысты университеттің 
шығыс тілдері факультетіне ауысты. 1889 жылы «тіл білімінің магистрі» деген үлкен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет