«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары
111
Қаратауды күнгей айналып, жылқысы Жайық пен Жемге, түйесі Жойқындария мен
Сойқандарияға, ақтылы қойы Елек пен Ырғызға қаптай жайылып, далиып жатқан киіздей
тұтас Кіші жүздің өңмеңдеген өжет қолы батуға бет алған қып-қызыл күн астынан
құйындатып құйғытып құлар-ды.
Шартараптан қызылды-жасыл көш көрінер-ді. Көштің бәрі Мәртөбе маңының
майсасын баспай, бастарын алыстан іркер-ді. Бір жағы сонау Қошқар Ата бойы, бір жағы
мынау Сайрам су, алды анау Қазықұрт, жағалай жазыққа алқадай тізіліп ақ жұмыртқа
ауылдар қонар-ды. Сайрам маңындағы үш өзеннің бойында бір-біріне жалғастыра тартылған
айқұш-ұйқыш желіден көз тұнар-ды. Бүйірі бұлтиған сол төскейдің бауыр-баурайы қылаң
шатырларға, қыраң-қыраңның басы күмбірлеген ақ ордаларға толар-ды. Қақ ортада тұяқ
тигізбей балауса ұстаған Сайрам мен Мәртөбені үш жақтан кимелеп қоршай қонған үш ұлыс
ауылдардың ажары бірінен-бірі асар-ды” [ 4, 54-55 б.].
Мәртөбе топониміне қатысты ұлттық-мәдени, мәдени-тарихи танымдық ақпараттар
жоғарыда келтірген және романда орын алған басқа да суреттеулерден жинақталып,
оқырманға толық мағлұмат береді. Басқа тілді бөгде мәдениет өкілі оқырманға Мәртөбе
топонимінің ұлттық-мәдени, тарихи семантикасы беймәлім болғанның өзінде, романды оқып
шыққанда (аудармасы бар болған жағдайда) оқырманда Мәртөбе жайында аялық білім пайда
болады.
Мәртөбенің қазақ танымындағы орны жайында Ә.Кекілбаев таратып жазған. Сондай
мәліметтердің қатарындағы біреуін ғана қарастырайық: “Мәртөбенің жиыны бүкіл бір
халықтың ақыл түгендесіп қана қоймай, қару түгендесер, айбын сынасар айтулы
оқиғасытұғын. Қазақтың маңдайына біткен шешені мен батырының бәрі осында, палуаны
мен жүйрігінің бәрі осында, ең азы, бәсекеге түсіп, қазан тауысып, саба сарқа алар
тамақсауларына дейін түгел осында.
Қазақтың қазақ екенін білгің келсе, халық екенін білгің келсе мамыр өте Мәртөбеге
кел дейтін сөз де содан қалған-ды ” [ 4, 58 б.].
Міне, көріп отырғанымыздай, топонимдердің ұлттық-мәдени, мәдени-тарихи сипаты
тек тілде ғана емес, тілдік қолданыста, яғни көркем мәтінде де аңғарылады. Көркем мәтін
“сыртындағы ” – халық тілінде – халық тағылымындағы этномәдени, этнотарихи мәліметтер
мен ақпараттар жазушының қалауы мен құзыры арқылы мәтінге енгізіліп, топоним немесе
жалқы есімнің басқа түрінің семантикасын бейнелеу арқылы көркем мәтінде көрсетіліп
отырған заманның, дәуірдің, әлеуметтік ортаның ұлттық-мәдени, мәдени-тарихи
ерекшеліктерін сипаттайды.
Көркем мәтінде кездесетін жер-су аттарының идиоэтникалық семантикасы, байқап
отырғанымыздай, бір ғана сөйлем арқылы түсіндіріліп, берілмейді – топонимнің ұлттық-
мәдени ерекшеліктері олардың мәтіндегі әр қолданыстың аясында деректеніп аңғарылады.
Кез келген топонимнің көркем мәтіндегі қолданысы бірнеше мақсат пен міндеттерге сәйкес
іске асады.
Көркем мәтінде қолданылатын қазақ жалқы географиялық атаулары – топонимдер
мынадай негізгі қызметтерді атқарады:
1) болып жатқан оқиғаны мекендік тұрғыдан айғақтайтын кеңістік бағдарлау қызметі
(немесе мекендік көрсеткіш қызмет);
2) этномәдени лексикалық элементі қызметі (ұлттық таңбаға ие), бұл қызмет ұлттық
колорит пен дүниенің этнотарихи, образды-тілдік бейнесін жасайды;
3) эстетикалық қызмет – шығарма тақырыбын, идеясын, автордың дүниетанымдық
көзқарасын және жеке стильдік ерекшеліктерін ашуға ықпал ететін стилистикалық құрал
қызметі [1, 20 б.].
Жоғарыда талданған этномәдени ерекшеліктері бар топонимдер негізінен ұлттық-
тарихи колорит жасауға қолданылғанын көріп отырмыз.
Жоғарыда көрсетілген топонимдердің ұлттық-мәдени, мәдени-тарихи, тарихи-
әлеуметтік сипаттары бар және осы сияқты басқа топонимдер көркем мәтін құрылымында
көптеген кешенді қызметтер атқарады. Көркем проза прагматикасын зерттеген Г.Әзімжанова
|