1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет115/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   176
Байланысты:
2-2018

«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
 
108 
шығармаларынан кісінің рақаттанып күлмей оқитындары аз болады. Шіркін, қолдан келсе 
юмор деген шығарманың бетіне шығып тұрған нұры емес пе?! Әр жазушы-ақ арагідік 
оқушыны күлдіріп, кітабына әр беруге талпынады. Ал Бейімбет оқушысын рақат күлкіге 
батырып қойып, өзі тіпті езу тартпайтын сияқты, осылай: қарасаң ол еш уақытта күлдіргі 
оқиғаға, мінездерді іздемейді. Осы арада жұртты бір күлдіріп аламын-ау деген ойында да 
жоқ. Тек заңды түрде дамып, суреттеліп келе жатқан оқиғаның, адам мінездерінің өзінде 
жарқылдап күлкі ойнап тұрады. Әрине, бұл таланттың табиғаты, қайталанбас асыл қасиет. 
Майлиннің жасы жетпіске енді келсе де шығармашылық өмірлік жолы отызыншы 
жылдары тұйықталды. Оның шығармаларын әдебиетіміздің алғашқы дәуіріне жатқызамыз. 
Ал оның жазғандарын оқығанда бүгін әдебиеттен іздегеніңізді табасыз. Майлиннің прозасы 
мен поэзиясынан қазақ жазушыларының дәл қазіргі ізденіп жүрген жолын, әдебиетте дамып 
келе жатқан көркемдік, эстетикалық тенденцияны көресіз. Әрине, қазіргі көктеп келе жатқан 
әдеби құбылыстар Майлинді тікелей қайталамайды, оған жалаң еліктемейді, оны 
жалғастырады. 
Осы арада ойланатын тағы бір қызық жағдай бар. Біздің әдебиетте ұзақ уақыт Майлин 
салған жол жіңішкеріп кетті. Біз Майлинді енді ғана ашып келеміз. Оның себебі неде? Бұл 
әрине, жазушының қайғылы тағдырына ғана байланысты емес. Ендеше шамамыз келгенше 
осының себебіне үңіліп көрелік. 
Көбіміз-ақ осы күнге дейін Бейімбет аты аталса ең алдымен «Шұғаның белгісін» еске 
аламыз. Рас, «Шұғаның белгісі» поэзия мен лирикаға толы шебер жазылған шығарма. Бірақ 
оны біз бүгінгі әдебиетке үлгі ете алмаймыз. Ол әдебиеттің балауса жас кезіне тән туынды. 
Және өз тұстастарынан жеке-дара оқшау тұрған жоқ. Сол дәрежеде Сұлтанмахмұттың 
прозадағы алғашқы тәжірибесі «Қамар сұлу» және де басқа замандастарының повестері тұр. 
Шынын айтсақ Әуезовтің драмалық «Еңлік — Кебегі» кең тынысы, өмір шындығының 
тереңдігі жағынан солардың қай-қайсысынан да ілгері. 
Ал Бейімбет талантының күштілігі сонда, «Шұғаны белгісі» оның биігі емес, тек 
алғашқы адымы ғана. Және бір ғажабы «Шұғаның белгісі» мен «Қара шелектегі» Айша, өзге 
шығармалардағы Күлпаш, Шарипа, Раушан образдарының арасында тұтас бір дәуір жатыр. 
Әуезов тілімен айтқанда Шұға Шиллер геройларына тән бір-бір ғана импульстың 
(ынтызарлықтың) құлы болса, соңғы атаған жұпыны әйелдер образдарында Чехов 
реализмінің кеңдігі, тереңдігі жатыр. Алғашқы қадамында Шұғасымен романтизмге, қазақ 
әдебиетіндегі дәстүрлі тақырыпқа сәлем берген Бейімбет, содан кейін оған қайтып оралмай 
реализмнің кең арнасына түседі. Сөйтіп Бейімбет әдебиет ұзақ жылдар өтіп жетілетін жолға 
жедел түсті, ерте еp жетті. 
Үлкен жазушы бізге социалистік реализмнің шынайы шындығын, терең шындығын 
өнеге етіп кетті. Сұлулықты — әшекей жылтырақтан аршып, қарапайым ұлы қалпында 
көрсетті. Оның шығармалары өмірдің өзі сияқты қызыл-жасыл боямадан, даурықпа 
дақпырттан аулақ, оның талант болмысы әсіре қызылға жат. Әдебиеттегі Майлин сияқты 
құбылыстар айқай-шусыз, асықпай терең зерттеуді, ойлана зерттеуді керек етеді. Майлин 
дәстүрі әзірге сыздықтап келіп, осы бір кезеңнен былай қарап лапылдап өршігелі тұрған 
болашағы мол дәстүр ме деп ойлаймыз. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. - Алматы, 1963 жыл. 
2.
Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі: Деректі толғам.- А., 1995 жыл. 
3.
Келімбетов Н. Канафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Оқулық-хрес. А.,1996 жыл. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет