«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 106
Ақпараттарды жинау және бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау
нәтижелерінің талдауы үшін «Тапсырманы орындау пайызы» көрсеткішін қолдану
ұсынылады. Бұл көрсеткіш максималды мүмкін балдарға қатысты білім алушылардың
жинақтаған балдық үлесін көрсетеді.
Бөлім бойынша жиынтық жұмыс қорытындысы негізінде білім алушының жеткен оқу
жетістігі деңгейі тапсырманы орындау пайызына сәйкес анықталады. Білім алушылардың
оқу жетістігі деңгейлерінің жалпы сипаты 8-кестеде көрсетілген.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауда орындалған жұмыстардың
нәтижелері білім алушыларға түсінікті болып, одан әрі білім алуға ынталандыруы қажет.
Кері байланыс – білім алушылардың оқу жетістігінің жеткен деңгейі туралы ақпараттардан
тұруы керек. Білім алушылар мен олардың ата-аналарын ақпараттандыру үлгісін мұғалім өз
бетінше анықтайды. Аталған ақпаратты рубрика түрінде беру ұсынылады (6-қосымша).
Рубрика бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың әр рәсімі үшін
құрастырылады, ол әр критерий аясындағы оқу жетістігі деңгейін көрсетеді. Бөлім/ортақ
тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерімен білім алушыларды таныстыру
кезінде оған оның жиынтық жұмысын және оқу жетістігі деңгейі көрсетілген рубриканы
ұсынуға болады.
Мұғалімдерге көмек ретінде жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсыныста
бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалар үлгілеріне рубрикалар
құрастырылып, ұсынылған.
ӘДЕБИЕТТЕР: 1.
Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.- Алматы: Санат, 1995. -120 б.
2.
Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. -Алматы: Қазақ
университеті.1993. -159 б.
3.
Әлімжанов Д., Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы.-Алматы: Мектеп,1965.-248 б.
4.
Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. - Алматы: Ана тілі, 1991.-184 б.
5.
Основы дидактики / под ред. Б. П. Есипова -М., 1967. -234 c.
6.
Ильина Т.А. Педагогика. – М.: Просвещение, 1984. -522 с.