«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары
113
ӘОЖ 12.456:85
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЛИРИКАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК-БЕЙНЕЛІЛІК ТАБИҒАТЫ
Оразханқызы Н.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.
Zain_90@maіl.ru
Мақалада қазіргі қазақ лирикасындағы көркемдік - бейнелілік ерекшеліктер
қарастырылады.
Кілттік сөздер:
лирика, ақын, көркемдік, лирикалық кейіпкер.
В статье рассматривается художественно-поэтические особенности казахской
лирики.
Ключевые слова:
лирика, поэт, художественность, лирический герой.
Лирика - ақынның көңіл-күйін, сезім дүниесін ойымен
астастыра суреттейтін терең
психологиялық шығарманың түрі. Лириканың басқа бағыттардан айырмашылығы өлеңмен
өрнектеле отырып, кейіпкердің дүниеге көзқарасын, оның сиқырлы сезімі мен нақты ойын
көрсетіп қана қоймай, адам арқылы қоғамды, мүмкіндігінше, өзекті шындықты көрсетуі.
Лириканың көркемдік-бейнелілік
мәселесін сөз еткенде, туындыдағы барлық
компонеттерді тұтастықта алып талдаған жөн екенін барлық теориялық тұжырымдар
қуаттайды. Әр ақының стильдік даралығы оның көркем әдебиетке сапалық өзгеріс
енгізуінен, жаңалық әкелуінен көрінеді. Осы тұрғыдан алғанда С.
Ақсұңқарұлы, Ұ.
Есдәулет, Е. Раушановтың көркем ойды шешендік
толғаныспен тоғытатын ақпа
ақындықтары алдымен ауызға алынады. Олардың белсенді ақындық поэзиясы поэтикалық
әлемдегі ізденіс-толғаныстармен, әсерлі тебіреністерімен, ақындық өнер жайлы қанатты
ойларымен, сезімге суарылған сыршыл суреттерімен жұртшылықты сүйсіндіретін дүниелер.
С. Ақсұңқарұлы, Ұ. Есдәулет, Е. Раушановтың өлеңдерінен көрінетін кейіпкердің
жан әлеміндегі тартыс, көңіл-күй арпалыстары күнделікті өзіміз көріп жүрген қарапайым
адамдардың
ішкі әлемі, жан-дүниесі. Сол әлемді танытуды мұрат тұтып, сол мұратқа жету
жолында өзіндік шеберліктерін, талант қуатын таныту жолында адал еңбек етіп келе жатқан
қаламгерлер. Бүгінгі поэзияның көркемдік құралдары, бейнелеу тәсілдері, стильдік бедерлері
адам жанының небір қалтарыстарын шебер суреттеуге мүмкіндік беретініне олардың
өлеңдерін дәлел етуге болады.
С. Ақсұңқарұлының «Адам ата-һауа ана», Ұ. Есдәулеттің «Жүректегі жарылыстар»,
«Киіз кітап», Е. Раушановтың «Қара бауыр қасқалдақ», «Бозаңға біткен боз жусан»,
«Періштелер мен құстар» атты т.б. жыр жинақтары қазақ поэзиясының көркемдік сипатын
танытатын кез-келген ғылыми тұжырымға негіз болатындай құндылығымен ерекшеленеді.
Олар қазақ әдебиетіне жаңаша үлгідегі поэзиялық туындылар сыйлады. Мүсілім
Базарбаевтың: «Лирикалық поэзиға жан беретін –
көркемдік ойдың қуаттылығы, сезімнің
оттылығы, нәзіктігі» [1, 32 б.] сияқты көркемдік элементтер олардың жаңалығы болды.
Бұл буынды бағалаған ғалым-сыншы А.Кемелбаева. «Қазақ ақындарының да жан
сырын жаулаған мәңгілік ақиқат құпиялары, ұлттық өлең өнеріндегі өзгеше жаңа құрылым,
болмыс мазмұнына тән ғарыштық тегеурін, ғажайып сұлулық аспандағы жұлдыздармен
жарасым іздеуде», - дейді [2, 341 б.].
Күн, Жел сияқты құбылыстар әдебиетіміз үшін жаңалық емес. Ол
ауыз әдебиетінің
бұрыннан-ақ теңеулік, метафоралық қызметін атқарып келеді. «Айым», «Күнім» деген
ұғымдардың халық жүрегінен орын алуы да сондықтан. Халық қашаннан да өте маңызды
құбылысты құрмет тұтады. Бүкіл әлемдік тіршіліктің Прометейі – Күнге деген құрмет те
содан туған. Осылай қалыптасқан көне ұғымның өзі бұл өлеңде өзінше шешімін тапқан.
Ақын шеберлігінің өзі осы құбылысты жаңа сипатта өзгеше жырлайтынында болып отыр.
Жел мен Күннің арасындағы табиғи байланыстың себебін ашады. Ақын Күнді
жырлау