1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет122/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   176
Байланысты:
2-2018

 «ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
115 
шығармашылығындағы лирикалық кейіпкердің сөзін көптің сөзі деп қабылдасақ, өнердің 
өмірден туатынын ескерсек, оның лирикалық кейіпкерінің өнерлік табиғатында, ол жасаған 
тау бейнесінің бітім-болмысында ұлттық мінезіміздің де бейнеленіп тұрғанымен, лирикалық 
кейіпкердің ойы мен сезімінен, жан дүниесі құбылыстарынан, сырынан, жүрек лүпілінен 
сезілмей тұрмайды. 
Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаев: «Ұлықбек – тұма бұлақтай тұнып 
аққан тұмса ақын. Әр кітабы шыққан сайын айдындана түсті. Әуелі тау арасындағы 
Үйденедей жып-жинақы, моп-момақан көрінеді. Кейін бір алқапты бір өзі толтырған 
Зайсандай шалқи да толқи да бастады. Ал мынау кітабы – Ертістің құяр сағасындағы мұхит 
айдынындай айбарланып, ақжалданып көрінеді. Оның толқындары қанша өршіп, өркештене 
түскенімен тұмса бұлақ тұсындағы бірден таңдайына татып, аңсарыңды басатын 
шынайлығынан, тұнықтығы мен мөлдірлігінен айырылмапты. Әр өлеңі – зәмзәм суы 
құйылған құтыдай, өртенген жанының бір дертіне дәру боп дарып жатқандай» дейді.
Ұлықбек Есдәулеттің «Киіз кітабынан» іздеген нәрсеңнің бәрін табуға болады. 
Жиырма бірінші ғасырдың өзіне қапияда тап болып отырған қазақ тұрмысы мен қазақ жан 
дүниесінің талай табын таба аласыз, талай қатпарына үңіліп, ой жүгіртее аласыз.
Лирикалық кейіпкер де өлең өмірінде өзінің күрделілігімен ерекшеленеді. Осы сипат 
тау бейнесін жасау үстінде анық байқалады. Белгілі бір құбылыстың не заттың тауға теңелуі 
немесе айқындалуы (эпитет) сондай-ақ кейіптелуі мен сипатталуы дегендер лирикалық 
кейіпкерден белсенділікті талап етеді.Тау бейнесін символдық деңгейге көтеріп жырлау кез 
келген ақынның қолынан келе бермейтіні де сондықтан.Демек,тау бейнесін биіктік ұғымның 
символы етіп жырлаудың жолы оңай жол емес, бұл жерде салмақ көбінесе лирикалық 
кейіпкерге түседі, оның тау туралы айтқанының психологиялық, философиялыққ 
дәйектемелері болуы шарт. 
Таумен байланысты өлеңдерде халық тарихы, дүниетаным ерекшеліктері, сондай-ақ 
мазмұнында фәлсафалық астарлар, ойлар жиі кездесіп отырады. Лирикалық поэзияның 
мүмкіншіліктеріне сәйкес, жанрлық талап,талғамның негізінде жасалатын Тау бейнесінің 
биіктік ұғымына символ болып жырлануында философиялық сипаттардығң да міндеті үлкен, 
маңыз зор. 
Тау бейнеленген өлеңдерде осындай терең сыр, мағыналы мазмұн, астарлы ой бар. 
Таза философиядан тұратын өлеңдер жоқ, өлеңнің философиясы оның ұлтық сипаттарының 
тереңінде жасырынып жататындай. Тау бейнесінің символдық бейне болатыны көп 
жырлағандығына, санына ғана емес, сапасында, мазмұнындағы тылсым сырларда. Қазақ 
өлеңіндегі Тау бейнесі - биіктік ұғымның символы. Тау бейнесінің символдық бейне болуы, 
оның 
қазақ 
ақындарының 
барлық 
буыны 
өкілдерінің 
шығармашылығындағы 
жырлататындығымен бірге, лирикалық поэзияның барлық мүмкіншілітктерінің негізінде 
жан-жақты жасалуы, сомдалып, тұлғаланып бейнеленуі, психологиялық, философиялық 
дәйектемелердің болуы, осылар арқылы көркемдік, эстетикалық құндылықтармен, сондай-ақ 
ұлттық, халықтық, жалпы адамзаттық, тарихи сипаттармен ерекшеленуі болып табылады 
Биіктік ұғымы кендік пен кеңестік сияқты поэзияның парасаты мен мәдениетінің, 
өлеңіміздің өнерлік өлшемі де. 
Қазіргі қазақ поэзиясындағы көркемдік тәсілдері мен бейнелеу құралдарының 
қолданылуындағы ерекшелігі, олардың барлығына ортақ сипат – неғұрлым күрделілік 
интеллектуалдық поэзияға тән көпқырлылықпен өлшенеді. Қазіргі қазақ өлеңдеріндегі 
көркемдік құралдары бір – бірімен тығыз араласып және бір мақсатқа тұтас қызмет ету 
сипатымен ерекшеленеді. Тіпті күрделі формада құрылған көркемдік түрлері араласып келіп, 
әдеби тілдің соңғы үлгісін жасауға тырысады.
Бүгінгі поэзияның көркемдік құралдары, бейнелеу тәсілдері, стильдік бедерлері адам 
жанының небір қалтарыстарын шебер суреттеуге мүмкіндік беретініне ақындарымыздың 
өлеңдерін дәлел етуге болады. Адамның жан жалғыздығын танытып-сезіндіруде 
психологизм түрлерін шебер қолдану тәсілін ақын өлеңдерінен көптеп ұшыратамыз. 
Ақынның қай өлеңінде болмасын, өзінің бейнесі, ойы, сезімі арқылы ұлттық мінез бен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет