1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет125/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   176
Байланысты:
2-2018

«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
 
118 
Поэмада Ақанға жасалған қастандық бүкіл рулы елге тиген соққы болғанын көрдік. 
Құлагерге құн төлемек болғандарға қарсы болып: «Құлагердің тұяғынан садаға кетсін», - 
дейді.
Ілияс шауып келе жатқан аттың тұяғын дабылды кетпенге, оның аяқ алысын домбыра 
шерткен саусаққа теңеп суреттеуі Ақан өміріндегі барлық тіршілікке байланыстырған. 
«Құлагер» батырдың аты емес, ол - домбыра тартқан, ән салған серінің аты. Сондықтан 
Ілияс «Құлагер» поэмасында ақынның жоқтауын бере отырып, оның өміріндегі тұлпарының 
орнын көрсеткен. Ілияс жазған Ақан осындай образ. Сондықтан поэманың қайғылы аяқталуы 
бізді қызықтырмаса, ренжітпейді.
Әрбір ақынның өзіндік бетін, ақындық құдіретін, поэзиясының ерекшелігін көрсететін 
оның көркемдеу тәсілі, суреткерлік шеберлігі, тілдік өрнектері, көркемдік бейнелеу 
құралдары болып табылады. 
Басқа ақындарға ұқсамайтын, тек қана өзіндік тілқолданыс, көркемдік өрнек, бейнелі 
сөзқолданысты біз Ілиястың шығармаларынан да айқын көреміз. 
Біздің байқауымызша, ақын поэзиясы өзіндік поэтик образдарға бай. Ол қазақ тілінен 
небір шұрайлы сөздерін қолдана біледі. Соған қарағанда, ақын халқының тіл байлығын жете 
меңгерген нағыз шебердің өзі. Әсіресе, халықтық әсірелеулер, ауыстырулар, салыстырулар, 
балама сөздердің небір айқындары, анықтағыштары жиі ұшырайды.
Зерттеу барысында байқағанымыздай, Ілияс поэзиясының түр, тіл, стиль қорын осы 
бір екі арнадан ажырату мүмкін емес. Бұл тек ақынның осынша мол мұраны сөздің 
көркемдік құнын асыра пайдаланып, өзінше жаңа түр бере қолдана білуінде сияқты. 
Ақынның тіліндегі өзіндігі де, өзгешелігі де осы айтылғандарға байланысты. Сөйте тұрса да, 
Ілиястың ізденіштігі, білімділігі оның өзінше жырлап, жеке ақындық тіл ұстартуының бар 
екендігіне күман туғызбайды. Қандай ақын болмасын биікке өзінің тіл шеберлігімен шығады 
дедік. Академик З.Қабдоловтың «Сөз өнері» атты монографиясында: «Әдебиеттегі тіл 
көркемдігі мен сөз сұлулығы жасанды жалт-жұлтта, күлді-қадам болуда емес, сөздің 
табиғилығы мен қарапайымдылығында, нақтылығы мен тазалығында жатады», - деп 
көрсеткен. Бұл пікір біздің зерттеу нысанымызға да дәл келеді. Ілияс та шығармаларында 
тілдің көркемдегіш элементтері – троп пен фигураның түрлерін ұтымды пайдаланған.
Тілдің құпия сырын ашуда: тарих қойнауларын ақтарып, саралап зерделесек, ұлттық 
ой-санамыз, дүниетанымымыз жайлы мәлімет аларымыз ақиқат. Сол арқылы сөзжасам 
бірлігінің тұлғалық, мағыналық ерекшелігін ашуға болады. Ол лексикалық бірліктер 
І.Жансүгіровтің «Құлагерінен» де көрініс тапқан. 
Мысалы: 
Оқжетпес оқшырайып өрлеп кеткен, 
Кеудесін керіп көкке сермеп кеткен... (І.Ж., Құлагер, 13) 
Немесе: 
Жамылып жасыл барқыт, асыл құндыз 
Түрленген тотықұстай тау көркемі. (І.Ж., Құлагер, 13)
Тіл тәжәрибесінде қажеттік пен сұранысты өтейтін сөзжасамдық сөздік құрамға еніп, 
бәрі де тілдік сынақтан өтеді. Ал тіл табиғатында кәдеге асатын туындылар тілде аталым 
ретінде қызмет атқарады. Бұлардың қатарында күрделі сөздердің де кіретіні сөзсіз.
Мысалы: 
Қыз емес, 
қара күш
пен қаңқу сөздер 
Ертерек ер жүрегін көмген көрге!.. (І.Ж., Құлагер, 16) 
Я болмаса: 
Кәрі ақын кіжінеді өңмен қағып, 
Бала ақын 
сармасадай 
жатыр шығып... (І.Ж., Құлагер, 25) 
Сіңірлі 
жер соғарлы
, аяғы тік,.. (І.Ж., Құлагер, 29) 
Серке сан, 
желмаядай
тілерсегі... (І.Ж., Құлагер, 29) 
Сүйегі жануардың жылқыдан жат, 
Бұл емес 
текежаумыт, не қазанат...
(І.Ж., Құлагер, 29) 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет