1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет144/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   176
Байланысты:
2-2018

ӘОЖ 001.894. 
 
С. СЕЙФУЛЛИННІҢ «СЫР САНДЫҚ» ӨЛЕҢІНДЕГІ НАҒЫЗ 
ДОСҚА ТӘН ҚАСИЕТТЕР 
 
Сағынған Н.Б., Жанбершиева Ұ.Н. 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қ., 
nazerke.berikkyzy@mail.ru 
 
 
Сәкеннің асқан дарындылығын, ақындығын Ғабит Мүсірепов: «Тұла бойы тұнып 
тұрған ақындық еді, қара тырнағына шейін ақындық үшін жаратылған. Сәкен қазақ совет 
әдебиетінің негізін бірден-бір қалаушы, көшбасшысы болды. Тарих оған жүктеген міндетті 
ешқайсымыз атқарған жоқпыз. Тарихқа зорлық жүрмейді», - деп бағалаған. Қазақ 
поэзиясының дүлдүлі Сәкен атамыздың ғасырға бергісіз асыл мұралары адам баласына қуат 
беріп, ізгілікке, жақсылыққа шақырып, содан сая табуға үндейді. Сәкен Сейфуллин мұрасы – 


 «ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
137 
бүкіл қазақ мақтанышы. Мұхтар Әуезов сөзімен айтсақ: «Сәкеннің ақындық асуларында әр 
жотадан атой бергендей тәкәппар сөз үндері «жабы емеспіз, тұлпармыз», «құладын емес, 
сұңқармыз» деп бұрынғы өткен тарихқа, бүгінгі оянған табына дабыл ұрады.» - дегендей 
оның шығармаларына біткен сезімнің барлығы да айқын ашық. Тұтас бітімді жоталы 
тұлғадан туатын көрнекті бүтіндігі бар сезімдер. Оның шыншылдығы қозып, жанып 
отыратын, буы білініп тұрған барынша нық сезім. Шын жүрек шыншылдығы. Сондықтан 
мұның жолы әр адымын санап басқан кісінің жолы емес, ылдиы бар, өрі бар шын өмір жолы, 
ыстық қанды нағыз ақын жолы. Тегінде мағыналы, өрісті, көш бастар, белге шығар үлкен 
еңбек туса, осындай қайнар көзден шығуға лайық». Бұл пікірден Сәкен Сейфуллиннің 
ақындық қасиетін ерекшелігін аңғарамыз.
Біз сөз еткелі отырған Сәкен Сейфуллиннің көңіл-күй лирикасына жататын «Сыр 
сандық» өлеңі - достық пен ар тазалығы жырлаған өлең. Қазақ поэзиясында достық, 
сырластық, адамгершілік ізгі қасиеттерді жырлаған өлеңдер баршылық. Десек те, 
С.Сейфуллин «сыр сандық» өлеңінде ешкімді қайталамай, өзінше тапқырлық танытқан. 
Өзінге ой-тұжырым жасап, ұрпаққа өнеге берген. «Жаман дос –көлеңке, басыңа бақ қонса, 
қашып құтыла алмайсың, Басыңа бұлт төнсе, іздеп таба алмайсың», - деп халық даналығында 
айтқандай ақын өлеңде, басынан өткен бір жайдан хабар беретіні анық. Өлеңнің негізгі 
идеясы адамдар арасындағы жарастық, достықты көрсету. Адал дос қана сырды ашып, кілтін 
табады. Сыр сандық – күй сандық, оның пенесін басу тек адам жанын түсіне білетін достар 
деп ой түйген.
Әр адамның рухани дүниесі сыр сандықта жатады. Оны тек терең ұғынған адал достар 
ғана аша алады деп тұжырым жасайды.
Сыр сандықты ашып қара,
Ашып қара, сырласым,
Сым пернені басып қара,
Басып қара, жырласын, -
деп адал дос іздейді. Сол адал дос пен жалған достың бейнесін көзге елестетеді.
Қолыңда дүние болса, қасыңнан шықпайтын, жоқ болса жалт беретін достарды 
өлеңде: 
Шырқ айналар шіркін, тауық,
Жемің болса қолыңда.
Қайдағысы сені тауып,
Топырлайды жолыңда, - 
деп шынайы суреттейді.
Адам өмірінде әр түрлі жағдайлар болады десек, Сәкен тұрақсыз досқа қарама-қарсы 
үлгі тұтатын, идеал етіп ұсынатын адамды көрсетеді. Ақын өлеңде сырға берік, айнамс, 
сертке тұрақты шын дос болатын адамды сурететйді. Өлеңді оқып отырып нағыз дос жан 
сырыңа ұңіліп, сол сырдың кілтін табабын болса ғой деп армандадым. Кім болса да 
сырласарлық дос іздейді емес пе?
Достық, сырластық – адамгершілік ізгі қасиет. Олай болса, достың жан сырын терең 
ұғынатын кіршіксіз адал достар әркәмге де керек. Кейбір дос болып жүріп, сыртыңнан 
өсекке таңатын, реті келсе дұшпандық әрекетке баратындардан басқаларды алшақтатып, 
сақтандыру қажет сияқты. Адам шын дос пен жалған достық ажырата білсе, жан сырыңды 
сол ғана ұғып, сырыңды ашып, сандық кілтін табады деп ойлаймын. Менің пайымдауымша, 
Сәкен ақынның «Сыр сандық» өлеңінде тұрақсыз, жалған досқа қарсы үлгі боларлық сертке 
берік, сырға табанды шын достарды іздегені көрініп тұр. Іздеп қана қоймай сыр шертетін 
достық қасиетін де көрсетіп береді.
Академик С.Қирабаев: «Өлең – көркемдігі жағынан да сәкен поэзиясындағы елеулі 
туынды. Өлеңнің қайталанып келетін жолдары мен сөз тізбектері ақын ойын нақтылап, 
анықтай тусумен бірге, шығармаға көркемдік, ойнақылық береді». 
«Сыр сандық» - сезімтал, сұлу да сырбаз, ізгілікті сүйген, серт-мұратқа берік, адал 
ақын жанының айнасы іспетті өлең. Сеніскен досқа жазған хат үлгісіндегі сыр ашу өлеңінде 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет