1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет152/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   176
Байланысты:
2-2018

 «ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
145 
ғасырға дейін тірі жеткен — бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның азат азаматтары ұлы ақынның 
ер де қайсар рухына, көреген данышпандығына бас иіп тағзым етпеуге хақы бар ма? 
Мағжан Жұмабаев:
Алаш айбынды ұраны,
Қасиетті құраны,
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін!
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!
Алаш қайраткерлері ұлт тағдыры жастардың қолында екенін ескертіп, сол жолда 
аянбай еңбек етуге шақырады. 
Халқының қамын ойлаған ірі қоғам қайраткері, Алаштың ардақты азаматы, ХХ 
ғасыр басындағы қазақ әдебиеті, педагогикасы, мәдениеті, саясаты өміріндегі аса ірі 
тұлға Міржақып Дулатов ұлтына жұртына «Оян, қазақ!» деп жар салды. Көзіңді аш, оян 
қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты – Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам 
боп, Қазағым, енді жату жарамас-ты — деп Міржақып Алаш азаматтарын бір тудың 
астына бірігуге шақырады. Алаштың өршіл, азаткер ақыны Мағжан өзінің алған бетінен, 
халқына берген уәдесінен еш айнымайды. Не көрсем де Алаш үшін көргенім, Маған атақ 
— ұлтым үшін өлгенім! Мен өлсем де, Алаш өлмес, көркейер, Істей берсін қолдарынан 
келгенін! Ұлты үшін күйінген ақын бұдан артық не десін?! XXI ғасырға дейін тірі жеткен 
— бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның азат азаматтары ұлы ақынның ер де қайсар рухына, 
көреген данышпандығына бас иіп тағзым етпеуге хақы бар ма? Мағжан Жұмабаев: Алаш 
айбынды ұраны, Қасиетті құраны, Алаштың олар құрбаны, Мен жастарға сенемін! Алаш 
атын аспанға Шығарар олар бір таңда, Мен жастарға сенемін! Алаш қайраткерлері ұлт 
тағдыры жастардың қолында екенін ескертіп, сол жолда аянбай еңбек етуге шақырады. 
«Алаш ұраны» – Алашорданың гимні. «Алаш ұраны» – «Алаш» партиясының, 
адамзат баласының көзі көріп, құлағы естімеген өзгерістерді басынан өткеріп жатқан исі 
қазақтың ұраны еді. Сұлтанмахмұт – елін емірене, жұртын тебірене сүйген ұлтжанды 
азамат. Атар таң, батар күнде тек қана ел қамын ойлап еңіреген, ұлтына жан-тәнімен 
қызмет жасауды мұрат еткен Торайғыровтай перзенттің аласапыран уақытта бұлқынып 
тарих сахнасына көтерілуі заңды құбылыс. «Алаш ұраны» – 1917 жылғы ақпан 
төңкерісінен кейін іле шала жазылған шығарма. Рухы биік, мақсаты ізгі, бітімі оқшау 
туынды.
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Назарбаева Н.Ә. Тарих толқынында – А . :Атамұра. 1999ж.
2. Нұрпейіс Қ. Алаш һәм Алашорда. – А . :Ататек, 1995ж. 
3. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – А . :Санат, 1995ж. 
4. Ахмедов Ғ. Алаш «Алаш» болғанда. – А. : Жалын, 1996ж. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет