«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары
152
баяндамаларында болсын Ілияс үлкен бір проблеманы көтереді.
Ол- халықтар әдебиетінің
интернационалдық байланысы. Бұл байланыс тек мазмұн жағынан емес, түр жағынан болып
келуі шарт. Кеңестік дәуірде халықтар достығы нығайып, экономикалық байланыс күшейген
кезде әдеби байланыс та соның өзекті бір арнасы ретінде жүріп жатады. Бұл байланыстың
түрлері әр алуан. Алдымен, бір халық жазушылары екінші
халық әдебиетінің озық
дәстүрлерінен үйрену, оны меңгеру арқылы жүргізілмек. Революцияға дейінгі дәуірде Абайды,
Ыбырайды атамағанда , қазақ әдебиеті орыс әдебиетінің, басқа да үздік жазба әдебиеті бар
халықтардың озық дәстүрлерін игеруге мүмкіндігі болмай келсе, Ұлы Қазан төңкерісінен кейін
оған толық жағдай жасалды, негіз туды.
Бұл байланыстың бірден-бірден төте жолы әр ұлт жазушылырының озық туындылары өз
ана тілінде ғана басылып қалмай, басқа да ұлт тілдеріне аударылып тұру керек. «Бұл әдебиеттің
қорын молайтады. Қазақ оқушысын өсіреді , қазақ жазушыларын оқытады»
яғни әдеби
байланыс халықтар әдебиетінің жедел дамуының басты бір шарты дегенді Ілияс Жансүгіров
баса айтады. «Қазақ оқушылары жалғыз өзінің Бейімбет, Қалмақадны ғана оқып, қамалып
отыруға қанағаттанбайды. Горькийден бастап, татардың Ғалымжанын, өзбек, қырғыз,
түркімендердің , жан-жақтың әдебиетінің барлығын оқығысы келеді.
Біз осы тілекті
орындауымыз керек», - дейді.
Бір мазмұнды, көп тілді кеңес әдебиетінің ерекше қарқынмен дамуына ерік беріп отырған
обьективтік жағдайға қысқаша тоқтала келіп, І.Жансүгіров бұл идеяны ұстанып қана қойған
жоқ, өзі де бұл аудармамен шұғыл айналысты .
30 – жылдары аударма мәселесіндегі жетістік туралы сөз болса, осы жолда өздері еңбек
еткен Ілияс Жансүгіров атын атамай кете алмаймыз. І.Жансүгіров орыс тілін кешірек үйренуіне
қарамастан, орыс ақындарының, орыс тіліне аударылған шетел ақындарының өлеңдерін
шөліркене оқып,
өз көңіліне қонған, өзін сүйсіндірген шығармаларының кейбірін ана тіліне
аудара бастады.
В.Маяковскийдің
«Лениншілдер»
атты
өлеңін
1929жылы
аударып
«Жаңа
әдебиет»журналына 1930жылғы 1- санында, алғаш рет жариялайды, содан былай қарайғы
аудармалары күнделікті баспа беттерінде, жинақтарда басылып тұрды.
Орыс жазушыларынан
А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, И.Крылов, Н.Некрасов, Г.Державин, М.Горький, Д.Бедный, В.
Маяковский, И.Уткин, А.Жаров, Н.Тихонов, А.Крайский, А.Безыменский, В.Рождественский,
М.Зощенко т.б.,туысқан ұлт ақындарынан А.Тоқай, А.Лахути т.б. өлеңдерін аударды. Бұлардың
ішінде әсіресе көбірек аударған ақындары А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Н.Некрасовтар болды.
Ілияс Жансүгіров орыс тілін ептеп біле бастасымен М.Горький шығармаларын ерекше
зейін қойып оқиды. «Оның кітаптарының,- деп жазады ақынның өзі,- бірінен соң бірін таңырқап,
іздеп оқыдым. Горький кітаптары жазуға жігерлендірді. Көзімді ашып, сарайымды тазалап,ілгері
қарай сүйрейді, әсіресе маған ерекше әсер еткен оның асқан ақындықпен жазылған «Сұңқар
жыры», «Дауылпаз жыры» сияқты өлеңдері болды. Ұлы дауылға шақырған, күреске үндеген бұл
шығарманы Ілияс Жансүгіров қазақ тіліне аударады.
«Әрине, Горькийдің кітабын оқып, сөзіне сусындап жүрген шәкіртіне өзінің ұлы
ұстазынан гөрі арманы аз ғана болмайды. Мен көптен Горькийдің көруді көксеуші едім. Ондай
бақытты күн маған 1933 жылдың қысында Мәскеуде ұлы республика жазушыларының мәжілісі
өтіп, сол мәжіліске қатысқан жазушыларды А.М.Горький қонаққа шақырады. Осы қонақтардың
ішінде І.Жансүгіров те болды. Сол кездесудегі әңгімені қысқаша түйіндей келіп, ақын былай деп
жазады:
«...Әсіресе Алексей Максимович қазақ халқының тарихы мен қазақ даласын жаулап
алған патша үкіметінің тарихы туралы сұрастырып отырады. Сол
заманда ойрат саясатымен
түскен Еділ, Ертіс бойындағы қалалардың тарихы бай, қызықты материал деп сөйледі...».
А.М.Горький мен І. Жансүгіров одан кейін де бірнеше рет кездесіп, әңгімелескен, әсіресе
СССР жазушыларының съезі үстінде Алексей Максимович үнемі жазушылар арасында болды.
«Мен бір жолыққанда, - дейді І. Жансүгіров,- Алексей Максимовичке қазақ
жазушыларының кітабын беріп отырып, өзім аударған «Дауылпаздың»қазақшасын оқып бердім.
Ол өте ықыласпен тыңдады. Мен оқып болған соң қолымды қысып тұрып: