«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары
141
Сәкен ауыз әдебиетін үлкен екі бөлімге бөліп қарастырады. Бірінші бөліміне:
1)Ертектер, 2)Салт өлең жырлары, 3)Ескіліктегі дін салтынан туған өлең жырлар, 4) Мал
туралы, «қадірлі жануарлар» жайлы әңгіме, өлең, күй, жырлар, 5)Жастық ойын, күлкі
өлеңдері, 6)Билер сөздері тәрізді ауыз әдебиетінің түрлерін енгізді. Екінші бөлімін батырлар
мен лиро-эпостық жырлардың шығу тарихына, көркемдік ерекшелігіне, жырдың құрылысын
зерттеуге арнайды
Қазақ әдебиеттану ғылымының алғашқы адымдары мен қолы жеткен табыстарын
айтқанда Сәкен Сейфулиннің «Қазақ әдебиеті» 1-кітап ойымызға оралады. «Билер дәуірінің
әдебиеті» деген ғылыми зерттеуі алдымен ауызға алынатын күрделі еңбектердің бірі. Бұл
еңбегінде Сәкен қазақтың бай ауыз әдебиетінің ең көрнекті де ғылыми нұсқаларын ғылыми
жүйеге салып, оның ішкі жанрларын саралау, көне тарихты көркем туындылармен
сабақтастыру негізінде жоғары оқу орындарына арналған оқу құралын жасаған. Автор
Халқымыздың тарихына шолу жасап, елдің тұрмысы, басынан өткерген дәуірлері, көшіп
қонып жүрген жерлері, кәсібі, шаруашылығы, батырлары, билері, діні, тілі, өнері, әдебиеті
т.б. туралы өз ойларын ортаға салады.
«Қазақ әдебиеті» кітабының екінші бөлімін «Ертедегі жырлы әңгімелер, яки ноғайлы
дәуірінен қалған әдебиет нұсқалары» деп атап, бұл бөлімге батырлар жырлары мен
әңгімелерді кіргізеді. «Едіге», «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Ерсайын», «Нәрік ұлы Шора
батыр», «Қамбар», «Алпамыс батыр», лиро-эпостық жырлардан «Қозы Көрпеш –Баян сұлу»,
«Қыз Жібек» секілді жырлардың мазмұндарын баяндап, халық арасына таралуы, басты
қаһармандарының тарихқа қатысы, кейбірінің өзге халықтар әдебиетінде кездесетіндігі,
нұсқаларының молдығы, әр жырдың құрылысы, көркемдік ерекшелігі т.б. қасиеттеріне
ерекше назар аударады. Өзіне дейін айтылған пікірлермен кейде келісе, кейде таласа
отырып, өзінің шешімі, келісімді пікірін айтады. Сәкен батырлар жырында, сонымен қатар
қазақтың ауыз әдебиеті нұсқаларында әйелдің азаматтық ары жайындағы мәселеге назар
аударады. «Қобыланды батыр» жырындағы батырлығы Қобыландыдан кем емес, «туған
әкесін өлімге қиып, соңдарынан ерген Қарлыға қызды біресе Қараман, біресе Қобланды
«олжа қылып» алып жүргендеріндей, Ақ Жүніс те ханның қызы болса да, жұрттан асқан сұлу
және ақылды болса да, ханның баласына бармай, Тарғынға ғашық болып соңынан ерсе де,
батырдың жетегіндегі олжадай ғана болып, куып кеткен қарт Қожаққа қала береді»[6] деп
теңсіздік пен зорлық – зомбылықтың саяси – әлеуметтік астарын аша баяндайды.
«Қазақ әдебиеті» кітабында Сәкен Қазан революциясына дейінгі қазақ әдебиетінің
жалпы тарихын екі үлкен дәуірге: 1)билер дәуірі, 2)патша дәуірі, яғни қазақ елі орыс
патшасына бағынған дәуірге бөлген, демек бұл еңбекте ең алдымен қазақ ауыз әдебиетін
дәуірлеу мәселесі және оны зерттеу проблемасы өзек болады. Кітаптың маңызы - қазақ ауыз
әдебиетін ғылыми жүйемен талдауы деп ашық айту керек.
Қазақ әдебиеттану ғылымының ірге тасының қалай қаланып, қалыптаса бастағанының
бір көрсеткіші Сәкен Сейфуллиннің ғылыми зерттеулерінде, әсіресе фольклорлық
еңбектерінде көрініс табады. Аталған саланың негізін қалаған зерттеушілердің бірі емес,
бірегейі ретінде білім, ғылым, тарих беттерінде Сәкен аты алтын әріппен жазылмақ!!!
Достарыңызбен бөлісу: |