1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет151/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   176
Байланысты:
2-2018

«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
 
144 
Алаш азаматтарының басым көпшілігі ұлт мүддесі үшін аянбай күрескен, сол 
жолда жандарын қиған ерлер. Олар қоғамдағы маңызды жұмыстармен айналыса жүріп, 
қуғын-сүргін азабына қарамастан, әдебиет, публицистика, журналистика, сын, ғылым, 
аударма салаларында бай мұра қалдырды. Алаш арыстары – табиғатынан асыл туған, 
айрықша дарынды жандар. Бұл буын өкілдері қазақтың әдет-салтымен тәрбиеленген, 
мұсылманша хат танып, исламның иманды бұлағынан нәр алып, одан кейін жәдидше, 
орысша оқып, бірнеше тілді меңгерген жандар. Олар үлкен мәдени қалаларда білім алған 
өз заманының көзі ашық зиялылары, сондай-ақ сан салалы мамандық иелері екенін де 
ерекше айтуымыз керек. 
ХХ ғасыр басындағы ұлттың ояну кезеңінің жалынды жаршысы, Сұлтанмахмұт 
Торайғыров Алаштың ардақты азаматтарына жан даусымен Алаш деп ұран салады. Ол 
барлық ерлерді бостандық, еркіндік, ел қамы үшін күресуге, бірігіп тізе қосуға, бір тудың 
астына бірігуге шақырады.
Алаш туы астында,
Біз – алаштың баласы. Күніміз туып көгерді,
Сарыарқаның даласы.
Құрт аурудай жайлаған, Құртпаққа бізді ойлаған,
Қанымызға тоймаған,
Қолымызды байлаған,
Ерімізді айдаған,
Елімізді лайлаған.
Жерімізді шимайлаған,
Өшті залым қарасы.
Жасасын, алаш, жасасын! 
Ақынның бұрыннан бері ішінде қайнап жүрген бүкіл арманы осылай ұран болып 
шығады. Ол Алаш партиясының ұранын құптап, бостандық жолындағы алдағы күнге 
жасаған жоспарына шаттана қосылады. «Алаш ісіне адалдықты, оны қолдауды 
уағыздайды, бірлікке, ел тұтастығы үшін күреске шақырады». 
Аталған кезең әдебиетін «Алаш ұранды әдебиет» деп анықтаған ғалым академик 
Р.Нұрғали Алаш азаматтарының көздеген мақсаты мен ұстаған бағытын былай деп 
түсіндіреді: «Алаш қозғалысына қатысып, «Алаш» партиясын құрысып, Алашорда 
үкіметін жасаған қайраткерлер ішінен қазақ әдебиетінің алтын діңгек, сом тұғырлары 
шықты. Отаршылдықпен шайқас, артта қалушылыққа қарсылық, надандықты мансұқ ету, 
азат, тәуелсіз, демократиялық, дербес мемлекет құруды биік нысана ету, белгілі бір тап 
мүддесі емес, жалпы ұлт мақсаты үшін күресу, өркениетті нысана тұту – бұл Алаш 
ұранының астына жиылған ұлылы-кішілі азаматтардың баршасының дүниетанымына 
ортақ, етене қасиет, сапалар еді». 
Елінің ұлттық мүддесін көксеген, ұлтының өркениетке жетуіне бар күш-жігерін 
жұмсаған халқымыздың қайратты қамқор азаматы А.Байтұрсынов биік пафостағы 
азатшыл рухты қазақ әдебиетіне алғаш болып алып келді. Ахметтің өлеңдеріндегі ел 
тағдыры, халық қамы, бостандық арманы – «Маса» жинағындағы басты сарын. «Ақын 
елін маса болып шағып, оның намысы, жігерін оятуға бет алған. Сондықтан болар
азаматтық сарыны басым бұл өлеңдер сол кездегі зиялыларға ерекше әсер еткені белгілі». 
Жан-жақтан қысқан қайғыны ұлғайтып, уытын жайып, елдің басына қара бұлт торлап 
отырғанын жүрегі ауыра отырып толғайды.
Қазағым, елім, Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзіңді оянып! 
Маған атақ — ұлтым үшін өлгенім! Мен өлсем де, Алаш өлмес, көркейер, Істей 
берсін қолдарынан келгенін! Ұлты үшін күйінген ақын бұдан артық не десін?! XXI 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет