«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары
142
ӘОЖ 001.894.
АЛАШТЫҢ АЛЫП АСЫЛДАРЫ ЖӘНЕ ҰЛТ РУХАНИЯТЫ
Себепова Ж.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қ.
Бұл мақалада «Алаш ұраны» – Алашорданың гимні. «Алаш ұраны» – «Алаш»
партиясының, адамзат баласының көзі көріп, құлағы естімеген өзгерістерді басынан
өткеріп жатқан исі қазақтың ұраны екені баяндалған.
Кілттік сөздер:
Алаш қозғалысы, Алашорда үкіметі, Алаш идеясы,Арыстары
алаштың.
В этой статье «лозунг Алаша» - это гимн Алашорды. «Лозунг Алаша» - партия
«Алаш» - девиз казахского народа, который испытывает неожиданные изменения в глазах
человечества.
Алаш қозғалысы «Алаш» партиясы, Алашорда үкіметі, Алаш идеясы бүгінгі таңда қазақ
тарихының күрделі әрі көкейкесті мәселелері болып саналады. Жоғарыда аталған күні кешеге
дейін лайықты бағасын ала алмай келген ұғымдар қазақ қоғамындағы ұлттық оянудың, ұлттық
сана қалыптасуының өзінше бір көрсеткіші іспетті. «Алаш»
партиясын құру мен Алашорда
үкіметін қалыптастыру жолындағы жанқиярлық еңбегі нәтижесінде «Алаш арыстары» ардақты
есімін иеленген зиялы қауым тарих сахнасына көтерілді. Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке
басының тағдыры да қасіретті болды. Алайда ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы ұмыт
болған жоқ. Жүз жылдықтың алғашқы жартысындағы қазақ
зиялыларының жеке басының
қасіретімен қатар өрілген қызметі өзінің бірегей құбылыс ретіндегі тұжырымды деңгейімен ғана
емес, азаматтық Һәм адамгершілік деңгейімен де осы заманмен үндес», - деп ерекше бөліп
көрсеткен еді. Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің тарихы дәл бүгін де жан-жақты
зерттеліп, тиянақталған жоқ. Өткен ғасырдың аяқ шенінде өмірге келген К.Нұрпейіс,
М.Қойгелдиев, Д.Аманжолова, Т.Омарбеков, Ш.Омарбеков, Р.Нұрмағамбетова
және басқа да
тарихшылардың зерттеулері Алаш қозғалысының мән-жайын жаңа сапада пайымдауға
мүмкіндік бергенін бөліп айту жөн. Алаш қозғалысы және әдебиет – аса ауқымды тақырып. Бір
баяндама аясында сыйғызу өте ауыр міндет. Мәселені түбегейлі шешуді міндетімізге алған
жоқпыз.Осы жерде екі жәйтті ескерген абзал. Біріншіден, тақырыпқа қатысты Ғ.Ахмедовтың
«Алаш «Алаш» болғанда», Р.Нұрғалидың «Әуезов және алаш», Д.Қамзабекұлының «Алаш
және әдебиет», С.Өзбекұлының «Арыстары алаштың»,
конференция материалдарын
жинақтаған «Алаш және Әуезов» еңбектерінің болуы ізденісімізге зор қолғабыс. Сондай-ақ,
Алаш арыстарының соңғы жылдар бедерінде жарық көрген бір томдық және көп томдық
жинақтары оқырман қолында. Екіншіден, Алаш қайраткерлері
және әдебиет мәселелерін
тұтастай қамту мүмкін еместігін ескеріп Ш.Құдайбердіұлы мен С.Торайғыров
шығармашылығы төңірегінде әңгімені өрбітуді дұрыс көрдік.
XІX ғасырдағы қазақ әдебиетінің басты нысынасы «зар заман» идеясы, XX ғасырдың
бас кезіндегі көркемдік дамуда өзгеше сипатқа иеленді. Бұл ретте М.Әуезовтің 1925 жылы
жазған «Әдебиет тарихы» оқулығындағы ордалы ойларға құлақ асқан абзал: «Жазба
әдебиетте Абайдан соң аты аталатын – «Қазақ» газеті. «Қазақ» газетінің мезгілі әдебиетке
ұлтшылдық туын көтерген мезгілімен тұстас. Ол уақыт қазақ жұрты 1905 жылдың өзгерісін
өткізіп, ел дертінің себебін ұғып,
емін біліп, енді қазақты оятып, күшін бір жерге жиып,
патша саясатына қарсылық, ойлап, құрғақ уайымнан да, бос сөзден де іске қарай аяқ басамыз
деп талап қыла бастаған уақытына келеді. Бұл кез – ұлттық
сананың сергектік танытып,
халықтың жан дүниесіндегі алай-дүлей бұрқаныстың шиыршық атқан шағы еді. Әдеби
дамуға қосылған М.Дулатовтың «Оян, қазақ!», А.Байтұрсыновтың «Маса», Е.Бұйринның
«Ызың», Б.Ержановтың «Тұр қазақ», М.Ж.Көпеевтің «Сарыарқаның кімдікі екендігі»