1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет167/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   176
Байланысты:
2-2018

 «ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
159 
дауыстап оқып беретін. Алпысбай мен Күлжан соған мәз. Қыздарын оқуға бергендеріне дән 
риза. 
Бір күні «Жетісу әйелі» журналын оқып отырып мынандай қызық әңгімеге кез
болады. Бейімбет Майлин «Раушан-коммунист» деген әңгіме жазыпты. Онда ауылдың
қарапайым әйелі болыс болып сайланыпты. Ел басқарып, кейін коммунист болып, көзі
ашық, көкірегі ояу адам болып, үлкен лауазым-шенге көтеріліпті деген жайды оқығанда
әке- шешесі, өзі таң-тамаша болады. Ол аздай қазақ жерінде жүздеген әйелдің оқу оқып,
үлкен қалаларға қызмет істеп, қоғамға үлкен пайда келтіріп жүргендігі туралы жолдарды
оқығанда Нұршаның дегбірі кетіп, оны талай ойға салады. 
Енді өзінің күнделікті күйбің тірлігін тастап, тағы да «оқысам» деген ниет пайда
болады. Арман қуалап алыстарға көз тастайды. 
Айталық, С.Мұқановтың Ақбөпесін жетімдіктің зардабы, Байқұттыдан көрген зорлығы
ширықтырса, Е.Бекеновтың Жәмиласы отбасындағылармен арпалысады, өзінің олқылығын 
сезініп, оқуға талпынып, жер бөлімінің меңгерушілігіне дейін көтерілді. Ал Б.Майлиннің 
Раушаны өзінің күйеуі Бәкеннің қараңғылығына ауылдағы бай-болыстың зіліне төтеп беріп,
көрші-қолаңның өсегіне мән бермей, аулынайлығын абыроймен атқарылғандығы суреттеледі. 
Ілияс халықтың поэтикалық творчествосы болсын немесе сол тұстағы жазушылардың 
творчествосы болсын, әйтеуір өзіне дейінгі әдебиетте кездесетін әдеби категориялардың түр-
сипатын, өзгешелігін жақсы түсіне сезіне біліп, одан мүмкін өзіндік үлгі, азық, жаңаша түр-түс 
әкелгенін қазіргі әдебиеттану ғылымы жоққа шығармайды.
Ілияс Жансүгіров әр әңгіме, повесін жазардан бұрын оған тыңғылықты дайындықпен 
келетіндігін шығармалардан айқын аңғаруға болады. Ол үшін қай жерде болмасын қолы қалт 
еткенде, қасындағы серіктеріне әңгіме айтқызып өзі де соған қызу қатыса отырады. Қай жазушы 
болмасын шығармасының айшықты, көркем, сонымен қатар шындыққа жанасатындай реалды 
түрде шығуы үшін оған негіз боларлықтай түйін, идея, сюжет іздейтіні белгілі. Онсыз 
әңгімесінің не повесінің көркемдік аясы, мазмұны композициялық желісі жұтаң тартары, 
әлсірейтіні заңды. Бұл жайсыздықтың болмауы үшін қай елдің жазушысы болмасын әр түрлі 
тәсілді пайдаланып, өз дегендей етіп шығарманы жарыққа шығарады.
Мәселен, А.П.Чехов қайбір қолайсыздықтарды жеңе отырып, қай орта болмасын соның 
ішінде болып, соны өз көзімен көріп, сезіп, ой-елегінен өткізіп шығармаға беттейді. Ілияспен 
тұстас, замандас, оның тағдырына тағдыры ұқсас М.Кольцов әңгімесін жазардан бұрын оны 
кеңінен пысықтап әр адамммен ерінбей –жалықпай әңгімелесіп, ақиқатына жетіп жазатыны, 
тіпті, таксист өмірін танып-білу үшін оншақты күн таксист болғандығын өз замандастары 
растайды.
Оның әр әңгіме, повесін жазардан бұрын оған тыңғылықты дайындықпен келетіндігін 
шығармаларынан айқын аңғаруға болады. Жай айта салу емес, оған үлкен мән беріп, майын 
тамыза көріктендіре айтқанды жөн көреді, ал өзімен әңгімелескен адамдардан естігендерінің 
ішінен қызықтысын, шұрайлысын әр деталіне дейін анықтап сұрап, өзінің жазар әңгімесінен де 
повесіне арқау етеді. Бұл жөнінде елге атақты артист Қ.Байсейітов Ілиястың шығармашылық 
машығын айтқан уақытта әр адамның бал арасындай шырын жинайтынына дәлел етіп былай 
деп әңгімелейді: «Әркім өзі білетін қызықты әңгімесін айтсын, ал әңгіме, білмейтіндер өзінен 
басынан өткен ең қызықты оқиғасын айтып берсін...» деген ұсынысын еске алады да, өзі айтып 
берген бір қады оқиға «Ілиясты да қатты түршіктіріпті. Кейін сол менің айтқандарымның 
негізінде «Қожабек нәшәндік»деген әңгіме жазды, ол басылып шықты да, бірақ соңғы томдық 
шығармалар жинағына кірген жоқ. Ол кісінің жазуына қарағанда менің айтқандарымның 
біразы өмір шындығына ұқсастау да шыққан–ау деп ойлап қалам», -деп шығарма арқауына 
айналған әшейінгі әңгіме–дүкенді еске алады. Академик М.Қаратаев - Ілиястың өмірі мен 
творчествосын көп зерттеген адамдардың бірі. Өзінің бір естелігінде Ілиястың әңгімешілдігі 
туралы: «Сырт көзге Ілиястың тұйық адам көрінуі әншейін білместік. Ол барлық асылын, 
әдемісін ішке жинайтын, тереңге сақтайтын ардагер екеніне сол жолда анық көзім жетті. 
Шынында ақынның сырттай «тұйықтығы» оның ішкі бай рухани дүниесінің қақпағы ғана 
беріктік пен бекемдік екен.Бір сенген, бір шешілген адамның алдында Ілекең ғажап, сыршыл, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет