«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары
158
Дүйсенов. «Хабар ретінде жазылған жалаң очеркке ден қоймай, көркем очерк жазуға
талаптанған. Бұл талабы жеміссіз болмаған. Әңгіме – очерктерінің сәтті шыққандарының
композициялық тұтастығы берік, сюжеттік желісі тұтас, суреттеу, бейнелеу жағынан да кәдімгі
көркем шығармаларға қойылатын талптарға жауап бере алады» - дей келе, Ілиястің әңгіме –
очерк жазудағы аз-кем олқылықтарына да ден қояды. «...Композициялық тұтастығын сақтай
алмай, көрген – білгендерін жинақтап, қорытындылай алмай, соның салдарынан әңгіме –
очерктерінің етек – жеңі жиналмай шұбалаң шығып, нақты адам бейнесі ашылмай қалған
кездері де жиі ұшырасады. Мысалы «Нұрша», «Баулыған балапан» және т.б.әңгімелері көркем
шығармадан гөрі, жай баяндама тіліне ұқсас» – дейді, М.Дүйсенов.
Мұндай кемшіліктер атаулылар - әр творчество адамына тән құбылыс. Қазақ
баспасөзінің алғашқы баспалдақтарында жаңа туындаған жанрлардың қанат жайып, бұғанасы
қатпаған тұста, оның қалыптасуы мен даму процестерінде ондай кем-кетіктің кетуі − заңды
нәрсе. Мәдениет пен өнер саласы − Ілияс Жансүгіровтың газетке сүйіп жазатын
тақырыптарының бірі. Ілияс еліміздің әдебиетін, музыкасын, әні мен күйін жинау мен, оларды
өзінің творчествосына ұқыпты пайдаланумен ғана шектелмей, газет журналдарға жазған мақала,
очерктерінде, жасаған баяндамаларында халқымыздың ауыз-әдебиетін, әні мен күйін жинау,
үйрену қажеттігін ақындарға, жазушыларға жалпы зиялы қауымға үнемі ескертіп, баспасөз
беттерінде үн көтеріп отырады.
Жазушының 1920 жылдар басындағы әйелдер тақырыбына жазған тағы да бірқатар
әңгіме, повестері бар. Бұл жөнінде М.Дүйсеновтің «Ілияс Жансүгіров 1920 жылдардың бас
кезінде қысқа-қысқа әңгімелер, очерктер, фельетондар жазып газет, журнал беттеріне
бастырады. Алғашқы әңгімелерінің дені кедейліктің тауқыметін тартқан жалшылар,
патриархалдық қоғамның қазақ әйелдерінің басына салған күңдік ноқтасы, надандық, қазақ
ауылында ескіліктік етек алған түрлі көріністерін бейнелеу, сынау, әшкерелеу тенденциясы
ақынның соңғы жылдары жазған шағын көлемді прозасының да арқауы болып отырады» деген
пікіріне негіз болып отырған – «Нұрша», «Жедел жәрдем», «Қуыршақ» атты шығармалары.
Совет өкіметі орнасымен қазақ ауылында әйелдер айналасындағы толғақты мәселелердің
бірі – олардың біртіндеп сауат ашуы, сана-сезімдерінің оянуы, әлеуметтік істерге араласулары
жөніне жан-жақты айтылып, қажеті заң, қаулылар шығып жатқан еді. Бұған қазақтың ақын -
жазушылары да өз тарапынан кеңінен ат салысқан. Сол тұста бұл жөнінде өлең-поэмалар, қысқа
әңгіме мен науқанды тақырыптан шет қалмай жоғарыда сөз болған «Нұрша» әңгімесін жарыққа
шығарды.
«Нұрша» әңгімесі Сәбит Мұқановтың «Ақбөпе сыры», Елжас Бекеновтың «Жәмила
қалай сауатты болды» Бейімбет Майлиннің «Раушан - коммунист» повестерімен бір мезгілде
шыққан. Бұл туындылар жөнінде Әмен Әзиев: «көркемдік дәрежелері түрліше келген
шығармалар да әйел образдарын жасау проблемасы жаңаша қойылады»-деп атап өтті. «Бәрінің
де көтерген мәселелері, идеялық нысанасы бар арнаға саяды»-деуіне қарағанда шығармада көп
ұқсастықтар бар.
Ақбөпенің, Жәмиләнің, Раушанның, Нұршаның сырт қарағанда мазмұндары ұқсас. Бәрі
де оқуға, өнер білімге, болып жатқан түрлі жаңалықтарға ұмтылады, қоғам жұмысына
араласады. Балаларын құшақтап жазу дәптеріне, оқу кітаптарына үңіледі. Ерлермен қатар атқа
мініп, ел билеген әйелдер қай ауылдан болсын жиі кездеседі. Мұның барлығы да мазмұндық
ұқсастықтар өмірдің нақты тарихи жағдайын, дамуына әкеліп шығады.
«Нұрша» әңгімесіндегі басты кейіпкер ретінде қазақ ауылындағы бетінен ешкім қақпай
бұлаң өскен қыздың өжет, өткір болып бойжетіп келе жатқандығы туралы айтылады. Нұрша
Алпысбайдың жалғыз қызы болғандықтан әйелі Күлжан екеуі оның айтқанын бұлжытпай
орындайтын. Ауылда алғаш мектеп ашылғанда ең бірінші болып оқуға жазылған Нұршаға әке-
шешесі қарсы шықпайды. «Барсын, оқысын деп – ақ тілеулерін береді. «Арты қалай болар
екен?» деген дүдәмалдары болғанымен, көп ұзамай қызығын көре бастайды. Өйткені, ол
кезде совет өкіметі енді құрыла бастаған кез болатын, газет- журналдар елге үлестіріп
бергенімен, оның суретін көріп мәз болып, ал не жазылағаны туралы көпшілік жұрт оқи
алмайтын. Ал, Нұрша болса, бірден-бір газет-журналдарды қалдырмай, әке-шешесіне
|