1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет29/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   176
Байланысты:
2-2018

«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
 
30 
Академиктің осы сөзінен-ақ Мәкейдің Алатаудай атағы бар екені, теңіздей терең білімі 
бар, алтын-жүрегін жетімдерге арнай білгені мені де ерекше толғантты. Еліміздің Премьер-
министр болған, қазір қауіпсіздік комитетінің бастығы Карим Масимовтың әкесі Қажымқанның 
әкесі Мәсімді оқытқаны, жетім қалған жерлерінен алып келіп, осы балалар үйінде тәрбиелеп 
баққаны туралы да осы академик атамыз әңгімелеп берді. 
Мәсім ата Жүрімбек Сыдықов академикпен бірге бір класта оқыпты. Мәсім менен 2-3 
жас үлкен деді. Ол кезде 3-4 жас үлкен 3-4 жас кіші балалар бір класта бірге оқи беретін деп 
толғанып отырды. Кәрім Масимов сол атасы Мәсім оқыған мектепке тік ұшақпен 2010 жылы 
қыста ұшып келіп, өз көзімен атасы оқыған мектебін көрген еді. Ол мектеп 1925 жылы ағаш 
бөренеден салынған. Сол кезде ауыл тұрғындарының алдында уәде берген. 2012 жылы заман 
талабына сай үлкен 2 қабатты мектеп салып берді. Мәкей 1952 жылы қайтыс болғанда атам 
Қапаш әжем Зияда өз қолдарымен жерлескені жөнінде өз әкем Бекболаттан талай естідім. 
Тағыда осы зерттеуімді жалғастыра отырып, Сарқан қаласынан Мәкейді көзі көрген 91 
жастағы Сара әжейді таптым. Сара әжей: Ол кезде жас келін едім, атам Зақанның үйіне талай рет 
келіп, әңгімелесіп отыратын, мен шәй тамағын беріп отырып, атам екеуінің әнгімесін 
естігенмін. Бұл Мәкей балалар үйінің директоры болды, Ілияс Жансүгіровтің жақсы үзеңгелес 
жолдасы болған. Өте жұмысқа адал, қаншама жетімдерді жинап әкеп, тамағын тауып, оқытып 
бақты. 30 жылдары қандай қиыншылық заман еді.Ол нәубет қайта келмесін»-деп терең 
ойланды.
Ілиястың жақсы дос болғанын академик те растаған еді. 90 жастағы Төлеухан әжейде, 
Сарқан қаласында тұратын 90 жастағы Рамазан қария да осы көп дерекке дәлел сөздерменен 
растады. Осы кісілердің барлық айтқанын бейне таспаға түсіріп алдым және 1 айдан артық 
мұрағат құжаттарын ақтарып, Мәкей Еркінбековтың Ақсу ауданының білім бөлімінің басшысы 
болғаның таптым. Қарасу балалар үйінің директоры болғаны да осы мұрағат құжаттарынан 
табылды (негізгі қор 88 т. 8ж, іс 1, бет 29) ол жылдардағы құжаттардың барлығы латын 
әліпбиінде жазылыпты. Мұрағаттан құжаттарының толық көшірмелері алынды. 
Бір ай шамасында мұрағат құжаттарын іздесуге қол ұшын созып, көмек көрсеткен, Ақсу 
ауданының мұрағат директоры Мейрамбекова Гүлшат әпкемізге алғысымыз шексіз, көп- көп 
рахмет. 
Осы қилы заманда 30 – жылдар ішінде қаншама Қазақ зиялылары ит жеккенге айдалып 
кеткені, атылғаны тарихтан белгілі. Сол заманда –ақ өзінің адал қызметінің арқасында, жерде 1 
жетімді басынан сипасаң, көкте 70 періште қуанады деген қағиданың дәлелі болғандай, ол
кісінің еңбегін сол кезде-ақ үкімет бағалағаны да осы мұрағат құжаттарынан табылды. 
1946 жылы 24 Июльде «пред. исполкома Аксуского райсовета депутатов трудящихся» 
Кусаиынов Максутхан өзі осы атақты қолымен табыстаған екен.Сол қиын заманның өзінде 
жоғарыдан мынандай атақ келген «От имени Президиума Верховного совета союза СССР 
вручены медали за доблестный труд в Великой Отечественной войня 1941-1945 год по аппарату, 
коллективу исполкома, Райсовета и райкома (КП/бк) Хозяиственный организаций и 
аулсоветов».
Тағыда Ақсу ауданы бойынша бірінші болып «Республикаға еңбегі сіңген мұғалімі» 
деген атағы да сол 40 шы жылдардың ішінде алуы, және де бірнеше Қазақ ССР- нан
грамоталарын алуы осы кісінің сол кездегі адал еңбегінің дәлелі.Тарих беттерін ашып, жер 
қойнауынан жарыққа шықса екен деген ниетпен мақаланы жазуыма тура келді «Ұстаның істеген 
заты қалады, жақсының жазған хаты қалады» деген еді дана халқымыз. Әкем Бекболатты 
қаншама жылдар бойы қынжылтып, өзегін өртегендей болып жүретін түйнекті шешетіндей сәт 
жақындағандай сияқты. Бұл Мәкей Еркінбековтың алтын сүйегі Еңбек ауылында, біздің үйден 
300 метрдей жерде мал астында тапталып, қабірі қоршаусыз жатыр. Қанша қиын да, қилы 
заманда жетімдерді бағып, балалар үйінің директор қызметін атқарып, Ақсу ауданының білім 
бөлімінің басшысы болып, еңбегі ерекше сіңген осы адамның осылай қараусыз, елеусіз жатуы 
елдігімізге, ер азаматтығымызға лайық емес –ау. Бұл кісінің тағы да айтар тарихы бар. 
Мәкейдің руы Төре. Әкем екеуміз 1 ай айдай іздестіріп, сұрастырып Қаскелеңге, 
Талғарға, Қапал маңына барып Талдықорғаннан сұрастырып, ақыры іздеген жетер мұратқа




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет